Сынама бейтарап қызыл индикатормен жүргізіледі, ол ортаның қышқылдығына байланысты түсін өзгертуге қабілетті.
Ерітілген май сынамасын (шамамен 0,5-1г) кішкентай қыш үккішке саладығ үстіне бейтарап қызыл ерітінді құйып, содан соң келсаппен жақсылап ұнтақтағаннан кейін бейтарап қызыл ерітіндіні төгеді (сұйықтықтың қалған тамшыларын, егер олар бақылауға кедергі келтірсе, сумен шайып тастайды).
Мұндай өңдеуден кейін май келесі түстердің біріне ие болады (5-кесте):
Кесте 8.
Бейтарап қызылмен реакцияға түсу бойынша май балғындығының көрсеткіштері
Түрі
|
Түсі
|
Май балғындығы
|
Шошқа
майы
|
Көкшіл түсі бар сарыдан сарыға
дейін
|
Балғын
|
Қой майы
|
Қою сарыдан қоңырға дейін
|
Балғын, сақтауға жарамайды
|
Қоңырдан қызғылтқа дейін
|
Балғындығы күмәнді
|
Қызғылттан қызылға дейін
|
Бұзылған
|
Сиыр майы
|
Сарыдан қоңырға дейін
|
Балғын
|
Қоңырдан қоңыр-қызғылтқа
дейін
|
Балғын, сақтауға жарамайды
|
Қоңыр-қызғылттан қызғылтқа
дейін
|
Балғындығы күмәнді
|
Қызғылттан қызылға дейін
|
Бұзылған
|
Реакция жүргізу үшін су құбырының суымен (pH 7,0-7,2) жаңадан дайындалған 0,01%-дық бейтарап қызылдың ерітіндісін қолданады. Реакцияның өзге де жануар текті майлармен жүргізуге болады, бірақ ол кезде дәлдігі төмендеу нәтижелер алынады.
Өңдеуден кейінгі майдың белгілі-бір түсі жоғары молекулярлы және төмен молекулярлы май қышқылдарының бар болуына тәуелді; төмен молекулярлы қышқылдардың азғантай мөлшері болған кезде, түсі едәуір қатты өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |