Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет100/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

ХИУА ХАНЫ МЕН СЫРЫМНЫҢ ҚАҒЫСУЫ

Сырым қалың қолмен Ңұралыны шауып алысымен ханға патшадан көмекке көптеген солдат келеді. Сырымды әскерлер жеңіп, Сырымның бірнеше жолдастарын тұтқьшға алады. Сөйтіп Сщрым бастаған көтеріліс басылады. Қалған жолдастарымен Сырым бұл жақтан кетіп, Түрікпен, Бес-қала, Хорезм қалаларына барып көмек сұраиды., Ханды қайта шаппақ болады. Бірақ ол жақтың хандары мен бектерінің көпіпілігі төрелер екен. «Еңбектен қашеа дөң-бекке» дегендей, ол жақтағы төрелермен жауласып, бұл жақтан көмек алам десем, бұл жақта да төрелер екен ғой,— дейді Сырым батыр. Ол елдің де төрелерімен, хандарымен үйлесе алмайды. Нашар адамдарға зорлық жасағанына шыдай алмай хандарға қарсы шығады. Артына ерген ел адамдары жорықтан қажып, елге қайта бастайды.

Хорезм хандары Сырымды озса құтылу, қалса өлтіру әрекеттеріне кіріседі. Бір күні Хорезм хандары мен билері мешітте намаз оқиды. Намаз артынан қол жайып батиқа жасағанда Сырым бұшпақ ішігінің жеңімен бетін сипайды. Сонда хандар:

  • Әй, қазақ, сен батаны жеңіңмен жасағаның қалай?— дейді.

  • Менің жеңімнен бата өтпей қалса, сендердің оқыған намаздарың мешіттен өтпей қалады ғой— дейді Сырым.

Күндерде бір күні хан Сырымды сөзден тоқтату мақсатымен:

  • Әй, қазақ ағайын, сіздің елдің тілдері қалай? Жалғама сөздер көп болады екен. Мысалы жігіт-мігіт, ас-мас, қыстау-мыстау дейді. Ол не сөз?—дейді.

Ханның сұрауларына Сырым былай деп жауап берген екен:

Қазақ балуанға түскенде жықса, ел үшін еңбек етсе, елін жауға алдырмаса, соны «жігіт» дейді. Жоғарыдағы айтылғандар қолынан келмесе оны «мігіт» дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет