Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет109/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

ҚАЙЫРЛЫ БИ МЕН МҰХТАР ӘКІМ
Сырым батырдың ұрпағы Мұхтар орта жүзде ме, әлде кіші жүздің бір шетінде ме, әкім болыгі тұрады. Өзі өте тәкаппар, елге, сүйкімсіз дегенді естіп Қайырлы деген би оны іздеп барыпты. Түс мезгілі екен, үйіне кіріп барса, Мұхтар терде мамык жастық жастанып, әйеліне аяғын сипатып жатыр екен. Қайырлымен басын көтеріп аман-дасыпты. Әйелі Қайырлы әрі-бері отырған соң ақ құй-ып береді. Қайырлы ақтан ауыз тиіп, аяғын жерге қойып, бата беруге қолын жайып:

— Арғы атаң сенің Дат еді,



О да бір қойылған ат еді.

Одан туған Сырым еді,

Жауына қарсы тұрып еді.

Одан туған Қазы еді,

Біреуге қыс, біреуге жаз еді.

Одан туған Омар-ды,

Аударылмас томар-ды.

Одан туған сен Мұхтарсың,

Кісіменен ісің жоқ,

Жатасың да ұйқтайсың.

Сенен ел билейтін әкім шықпас.

Одан да елге қайт!

Биссімелла алла әкпар!—

деп бетін сипап, тұрып жүре беріпті.

  • Япырмай, сен тұрсайшы, мынау тегін адам емес қой,— дейді әйелі. Сонда Мұхтар ұшып тұрып:

  • Жіберме, щақыр, қонақ болсын,— деген. Әйелі ілесе шығып:

  • Аға, сізге Мұхтар кетпесін, қонақ болсын деп, шақырып жатыр,— дейді.

Қайырлы тоқтап, бірнеше күн жатып, Мұхтарға ақыл айтып, содан кейін Мұхтар түзеліп, дүрыс ел билеген әкім болыпты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет