АРҒЫМАҚ AT СҮРІНДІ
СЫРЫМНЫҢ ӨЛІМІН ЕСТІРТУ
Сырым Хиуада жүріп қайтыс болады. Ел жиналып, бала-шағасына естірту үшін жетірудың шетінен Оршыты деген биді алдырады. Оршыты келген соң халық хабарды айтып:
— Сізді Сырымның өлімін қатын-баласына естірту үшін алдырдық. Енді солай баралық, бал асы Қазыға әкесінің өлімін естіртелік, сөзді сіз бастаңыз,— дейді. Сырымның ауылына барып, Қазыға бір-екі күн қонак, болғансын, Оршыты:
— Шырағым, Қазыжан!
Арғы атаң сенің Дат еді-ау,
Есіміне жесімі лайық емес,
Тек бір қоя салған ат еДі-ау!
Өз есіміқ Қазы еді-ау,
Қысың да сенің жаз еді-ау!
Әкең де сенің Сырым-ды,
Кебеже қарын, кең құрсақ
Іші толған білім-ді.
Бір ғана қазақ жұрты емес,
Билегендей ер еді-ау,
Қытай менен Қырымды...
Сол секілді Сырекемнің
Арғымақ аты сүрінді,—
деген екен,
Достарыңызбен бөлісу: |