Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет44/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

АУРУ КӨҢІЛІН KIM АШАР?

БАЙДАЛЫ БИДІҢ УӘЛИ ТӨРЕНІҢ КӨҢІЛІН СҰРАҒАНЫ ДЕЙТІН СӨЗ

— Ауру көңілін кім ашар?



Хал сұраған теңі ашар.

Ер жігіт көңілін кім ашар? '

Көркем, сұлу, сүмбіл шаш,

Қара көзді, имек қас

Жарқырап тұрғаң жар ашар.

Баланың көңілін кім ашар?

Алдындағы қаттасы,

Артындағы панасы

Ата менен ана ашар.

Аттың көңілін кім ашар?

Күніне жеті қараған,

Жал-құйрығын тараған,

Баптап мінген ер ашар.

Жақсылық пен жамандық,

Бәрі хақтан болған соң

Шүкірлік қылған жарасар.
¥ЛЫ ӨЛМЕГЕН РУДА ЖОҚ

ШОҚАННЫҢ ӨЛІМІН ЕСТІРТУ

Шоқан шетте жүргенде Тезек төренің қызын1 алады екен. Шоқан ауырып жүргенде:

— Еліңнің жақсы, білікті адамдары кім?— деп Тезек төре сұрайды екен.



— Елімнің жақсы адамдары — Сасықтың Тоқсанбайы, Жандос баласы Келдібек, Зілғараның Әлібегі,— дейді екен Шоқан.

Осы айтқандарын Тезек жазып алып отырыпты да, Шоқан қайтыс болған соң «Шыңғыс хандарыңның сүйікті ұлы Шоқан қайтыс болды. Хандарыңа қалай естіртесіңдер, өздерің біліңдер»,— деп хат жазған екен. Мұны естіген соң қасына он бёс шақты адам ертіп Келдібек Шыңғысқа келіпті, үйіне түсіп, әңгімеге айналдырып отырып, ханға сұрақ қойыпты.

  • Хан, жандыда не қымбат?— депті Келдібск.

  • Жандыда адам қымбат,— депті Шыңғыс.

  • Жансызда не қымбат?

  • Жансызда гауһар қымбат.

  • Гауһар тас пен адамның қайсысы қымбат?

  • Әрине, адам қымбат,— дейді де, Шыңғыс басын көтеріп алып,— япырай, мұнда мал басы аман еді, мына сұрағың қалай шығып барады, Шоқанжаным жолда жүр еді, бір хабар болды ма?— дей беріпті.

  • Ханым дұрыс айттың, гауһар тас қымбат, жеті қабат жер астынан, су астынаң жуылып шыққан зат қой, сол асыл тасты бір адам тауып жүре бергенде, тас иесі шығып, «тас менікі!»— деп жармасыпты, сол тас қайсынікі болуы керек?— депті.

— Әрине, иесінікі болуы керек,— депті Шыңғыс. Сонда Келдібек отырып:

  • ¥лы өлмеген руда жоқ, Қызы өлмеген Қырымда жоқ. Қатыны өлмеген халықта жоқ, Ағасы елмеген аймақта жоқ. Інісі өлмеген елде жоқ, Әкесі өлмеген әлемде жоқ. Шешесі өлмеген пәнде жоқ, - Аққу ұшып көлге кетті, Дуадақ ұшып шөлге кетті. Құдай сізге бір гауһар тас беріп еді, Оны иесі өзі әкетті. Шоқан деген баламыз Бәріміз баратын жерге кетті,—деп, естіртіпті. Шыңғыс жылап отырғанда, Әлібек қасына келіп:

— Әй, Шыңғыс! Мұңсыз жалғыз қүдай, жеті ұлың-ның бірін бермейтін құдай болайын деп пе едің, бас өксі-гіңді, сүрт көзінді, көтер басынды,— деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет