ЖАҚСЫ ЖІГІТ БЕЛГІСІ
Жақсы туған жігітті
Жаным десе жарасар.
Жақсы ұл туған қатынды
Ханым десе жарасар.
Жақсы туған жігітке
Бүкіл елі таласар.
Жаман туған жігіттер
Қара жолдан адасар.
* * *
Арғымақ аттың құйрығы —
Сатса жібек, кессе қыл.
Жақсы жігіт белгісі —
Түзде мырза, үйде құл.
* * *
Қошқар болар тоқтының
Мандай жері дөң болар.
Адам болар жігіттің
Айтқан сөзі жөн болар.
* * *
Би болатын жігіттің
Төбеде болар жұмысы.
Мерген болар жігіттің
Жебеде болар жұмысы.
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ БЕЛГІСІ
Сырттан келген мейманға,
Сәлем беріп, қол алсаң,
Бірінші еткен құрметің.
«Түсіңіз» деп түс беріп
Шылбырына оралсаң.
Екінші еткен қызметің.
Есік ашьш енгізіп,
Көрпе төсеп құп алсаң
Үшінші еткен құрметің.
* * *
Мейман риза болмағы
Құрметпен үйге қонғаны.
Кешіктірмей шай берсең, Ұмыт болар тоңғаны.
Тысқа шықса қария,
Қолында болсын құмғаны.
Ірікпесең барынды,
Қонақжайлық сол-дағы.
ТОҒАЙ ТОЛҒАН ТАЛ ЕДІМ
Тоғай толған тал едім,.
Таяқ қылса шарам не?
Айдын шалқар көл едім,
Құдық қылса шарам не?
* * *
Жапалақ құс мақтанса,
Жардан тышқан алдым дер.
Жаман адам мақтанса,
Жақсыны аяғынан шалдым дер.
КӨКІРЕК ТАЗА БОЛМАСА...
Көкірек таза болмаса,
Көз тазасы не керек.
Денің таза болмаса,
Тіл тазасы не керек.
* * *
Көн етікті демесең,
Көпті бұзар сөзім бар.
Көн садақты демесең,
Топты бұзар оғым бар.
Дауда туған шешендік сөздер
ТАЛАССАҢ БАҒАҢ КЕТЕДІ
Екі елдің басшылары шабындыққа таласып келе жатып, қой жайып жүрген он төрт жасар Күдеріге кез болады да: «Кел, осы балаға жүгінісейік»— дейді.
— Біз шөпке таласып келе жатырмыз. Олар: «Біз орамыз»— дейді, біз: «Жоқ, біз орамыз»— дейміз. Осыған жас та болсаң төрелік айт,— дейді даугерлер.
Сонда Күдері баланың айтқан төрелігі:
Өзімнің атым Күдері,
Ер Көшектің баласы.
Талассаң бағаң кетеді,
таласпасаңдар не етеді?
Бірлік қылсаң, ағалар,
Анау тұрған шабшндық,
Баршаңызға да жетеді.
Дүние деген жалған ғой,
Бастарыңнан әлі-ақ өтеді.
«Бала да болсаң атаңа рақмет, төрелігіңе құлдық. Бала ғүрлы ақылымыз жоқ екен»— деп, шөпті бөліп, даугерлер жай-жайына кетеді.
ЖАРЫСҚА ТҮСПЕЙ БӘЙГЕ АЛМАС
Арғын мен Тобықтының арасында бір үлкен жесір дауы болыпты. Әр рудан келелі билер жиылып, бастығы Абылай болып, ішінде жеті айлық баласымен кеткен қатынның дауын шеше алмайды. Екі ауылды бітістіре алмай дағдарып отырғанда, есіктен бір жас бала сәлем беріп кіріп келіп, іркілместен үлкендерге былай дейді:
— Алдияр, алдарыңа сын қояадын,
Жақсыға осы отырған мін қоямын.
Үш жүздің қиюы кеткен дауындай-ақ,
Бітпегенге қапа болып ұяламьш.
Келш ем ағаларды көрейін деп,
Даулары не нәрсе екен білейін деп.
Бітіспёйтін қандайлық жүмысы бар,
Отырсыз бәріңіз де уайым жеп.
Досқа сал, аралық сөз айта аламын,
Дұшпанды жалғыз сөзбен қайтарамын..
Маған бер осы даудың оң тізгінін,
Десеңдер тыныштықпен жай табамын,—
депті.
Сонда Абылай сөзіне разы болып бата беріпті:
— Бала, сенің жортқанда жолың болсын,
Басыңа бақыт, кеудеңе саңа толсын.
Жалғыз айттың, үш жүзді салдың,
Соның үшіні «Жеке би» атың болсын,—
деп, баланың атын «Жеке би» қойған екен. Сонан соң хан:
Шырағым, қай елдің кімнің баласы едің?— деп жөнін сұрайды. «Тобықты едім» деп жөнін айтқаннан кейін, Абылай балаға:
Шырағым, бұл — мына отырған ағаң Шыбынтай мен Жәнібек ақсақал екеуінің дауы. Жесірі кеткен ашулы ағаң тоқтамай отыр. Осы сөздің бітімін айтып, елді тарқатып көрші,— депті.
Сонда бала:
—- Көрінбей іште кеткен жеті айлық балаға,
Жеті мұрнын теспеген бота-тайлақ аз бола ма?
Жеті айлық баласымен жесір алған кісіге,
Жеті мұрнын теспеген бота-тайлақ көп бола ма?—
депті
Отырған хан мен билер билігіне ырза болып, тобықты Шыбынтай биге:
— Бұрын бұл баланы қайда^сақтап жүр едің?— дейді.
Сонда Шыбынтай қарт:
— Текті тұлпар болса да,
Жарысқа түспей бәйге алмас.
Нәсілінің заты бар болса,
Сол бәйгеден тай қалмас,—
деген емес пе? Ойнап жүрген жас баланы түс тоқтатып, кім байқапты,— депті.
Қасына баланы алып, қош айтысып кетіп бара жатқанда, Арғын Жәнібек батыр таяғына таянып, екі көзін алмай қадалып қарап тұрып, .Шыбынтай тасаға кеткен соң, үйге келіп билерге айтыпты:
— Мына тобықтының жеткіншек баласы алты алашқа үлгі айтарлық ұлан екен, құста сұңқар қыран екен, жылқыда тұлпар құнан екен, асыл туған қарақ екен, әттең өмірі аз-ақ екен. Олай дегенім: Әлгі бала атқа мініп бетін түзеп жүрген соң артынан қарап тұрып едім, ұзамай екі иығынан екі шам жанғандай көзіме көрініп тұрды да, белге шықпай сөніп қалды. Менің жоруымша, белге шықпай жарығының сөнуі өміріңің қысқалығы, бұл бір. Екінші, аса текті болып туған екен, нәсілі белге шығарлық, сірә, бабасы жабайы адамдар болар! — деген екен.
Достарыңызбен бөлісу: |