Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет94/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

НҰРАЛЫ МЕН СЫРЫМНЫҢ ҚҰДАЛЫҒЫ
Нұралы хан мен Сырым екі жақ болады. Кедейлер Сырым жағына шағып, ал байлар мен төрелер Нұралы жағына шығып, ел екіге бөлініп, көтеріліс бола берген. Сол замандағы билер мен ақсақалдар Сырым мен Нұралыны табьістыру үшін Нүралының баласы Құлтайға Сырымның Қансұлу деген қьізын беретін болып, Нұралы мен Сырымды құда қылады. Құда болғаннан кейін де Нұралының билігіне, берген төресіне Сырым қарсы келе береді.

— Бұл қүда болғанмен дұшпаңдығын қоймайды екен,— деп Нұралы Сырымды тұтқынға алмақ болып, Оралдың губернаторьіна шақыртады. Сырымның Оралға кетуімен байланысты Нұралының баласы Сырымның қызына барып. қол ұстамақ болады, қыздың жеңгелері қазақ әдетін жасамақ болады. Сонда қыз: «Мен ол ханның баласына бармаймын, аулына қайтып жүре берсін»— дейді.



Нұралының баласы: «Қыздың қояр не кінәсі бар екен,, өзі келіп менімен сөйлессін»—дейді. Қыз келеді, сонда Құлтай:

  • Маған қояр қандай кінәң бар, менсінбейсің бе, теңсінбейсің бе?— дейді.

  • Мен сенімен жолдас бола алмаспын. Қасқыр мен қойдың жолдас болғанын қайдан көрдің? Сенің әкең менің әкемнен артық емес, хандығы болмаса, ал сіз менен артық емессіз, еркектігіңіз болмаса. Сенің әкең менің әкемді, Оралдың. түрмесіне жабамын деп жүргенде, мен саған қандай пәнде болмақпын,— дейді қыз.

Ханның баласы Құлтай сөзден ұтылып, ауылына келіп, жай-мәністі шешесіне баяндайды. Нұралының әйелі Оралға кісі жіберіп, Сырымды босатуды сұрайды. Нұралы Сырымды босатып алады. Енді Сырым дәлелі болмай қызын Нұралының баласына бермек болып жүргенде, ханға қарсы тағы көтеріліс басталады. Сонда Сырым:

«Нұралыны өлтірсеңдер де баласы Құлтайды өлтірмеңдер, бата бұза алмаймын» деп тапсырады жолдастарына.

Сырымның жинаған қолы Нұралыны шапқанда Құлтай төрелердің әскерімен бірге қашады. Сөйтіп жүргенде Сұл-тансымақтың алаша руынан шыққан аталықтың балалары Құлтайды өлтіреді. Сырымның қолына қосылмай, төрелердің әскеріне барып босқа өліп қалғандықтан «Құлтайдың сорындай» деген сөз халық аузында мақал болып қалған.

Содан кейін Сырым қызын Адай Мәмбетәлі деген батырдың баласына береді. Сырымның ондағы ойы Адайды өзіне қаратып, көтеріліске жақтастарын көбейту болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет