Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты



бет92/110
Дата22.12.2021
өлшемі1,11 Mb.
#127480
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   110
Байланысты:
аза стан Республикасы ылым Академиясы М. О. уезов атында ы де

СЫРЫМ БАТЫР МЕН АҚСУАТ БИ

Байұлының Әлім еліңде жүріп бір кісісі өлген екен. Соның қүнын алуға Байұлынан — Байбура Сырым, Есентемір Бөкен, Қылыш Кестен, Шеркеш Арыстанбай, Амандық Қаракемпір, Шеркеш Асау мен Тұрлан, Беріштен Айтуар бас болып, небәрі 12 кісі болып жүріпті. Құн алатын ауыл Бұйырған деген жайлауда отырады. Оның Ақсуат деген биі бар екен. Ақсуатқа ел тек құн мәселесімен барады екен. Би аулынан екі-үш шақырым жерге жолаушы ат байлайтын ағаш белдемесін жасатып, аулына аттылы кісі келтірмейді екен. Байұлының адамдары белдеме ағашқа келгенде, Сырым батыр:

  • Бұл ағашқа атты байламайық, екі-үш шақырым жерден жаяу-жалпылап баратын біз Әлімге келіңбіз бе? Неде болса ауылына атпен барып түсейік,— дейді. Ауылға келген соң, Ақсуат би алдарынан шығып:

  • Елмісіңдер, жаумысыңдар! Алдарында құрулы ағашты көрмей, ауыл үстін тал түсте шаңдатып жүрген не қылған көргенсіз едіңдер?— деп ақырыпты.

Сонда Сырым батыр ат үстінде тұрып:

  • Ел десең — елміз, жау десең — жаумыз. Айдаладағы ағашқа атын байлап аулыңа жаяулап келетін бізді ұры деп тұрсың ба, не Әлімнің келіні деп тұрсың ба? Би, бізбенен дұрыстап сөйлес,— депті.

  • Өздерің нешеусіңдер?—депті Ақсуат даусын бәсең-

детіп.

  • Он екі ағайындымыз,— депті Сырым мен Бөкен

қатарласа беріп.

Ақсуат би сонда ауыл жігіттеріне:

  • Түсіріңдер, он екі ата Байұлы атқа мінген екен,— депті.

Аттан түсіп жайғасқаннан кейін де би еөз қата қой-маған соң Сырым:

  • Би, жөн сұраса отырайық!— дейді.

  • Менің не жөнімді сұрайсың? Өз атым — Ақсуат, жерімнің аты — Бұйырған, Әлімнің қаққан, қазығынан, маған тірелмей іс кетпейді,— депті.

Сонда Сырым:

  • Би, жөн білсең, суатпын деп мақтанба! Су жаманы "суат, қасынан соқпақ кетпейді. Қазықпын деп мақтанба,

мүлік жаманы қазық, басынан тоқпақ кетпейді. Жерім Бұйырған деп мақтанба! Бұйырған деген шөп болады, жеген жылқы тоқ болады. Тоқ жылқыны сойылдап алар-ман айдаса, жоқ болады,— депті.

  • Ал, жігіттер, жайларыңа түсіндім, енді жұмыстарың-ды айта отырыңдар,— депті сонда Ақсуат би.

Сырым тақпақтап:

— Тірі малдың өзі қайтсын, Өлі адамның құны қайтсын. Өткен өрелі болсын, Қалған салауат болсын!—



депті.

Сонда Ақсуат:

  • Айтуыңыз рас, Байұлының бір кісісі бізден өлуі рас. Ердің құны мың қой, үлесе келсе үй басына бір қой, не қысырақ. Адамның құны 40 қысырақ, айыбы қалы кілем жапқан қара нар болсын,— депті. Байұлы осыған келісіп, бітісіп қайтыпты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   110




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет