ететiн өндiрiстер бiртiндеп әлемнiң экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым
артта қалған елдерiне ауысуда.
Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру проблемалары.
Мемлекеттік тәуелсiздiк жарияланған соң Қазақстан жаhандық экономикада
әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және
қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын аймақ ретiнде әлемге таныла
бастады. Ауыл шаруашылық өнiмдерiнен астық экспортының келешегi де
мемлекеттік саясатта ескерілетін болды.
Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның
салыстырмалы экономикалық артықшылығы болғандықтан, ол қазiргi уақытта
классикалық экономикасы төселген елдің даму жолын қалады.
Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы жаңа
ғасыр табалдырығында қайта-қайта соққан экономикалық дағдарысты сәтті
кешіп, шамамен 2008 жылға қарай экономиканың қарышты өсуіне мүмкiндiк
бердi.
Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және
қаржы саласында құрылымдық-институционалдық өзгерiстердi барынша тиімді
игеру барысында мемлекет ұстанған саясат арнасына орай Қазақстан
экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалды, қазақстандықтардың күй-жәйі
қңды өзгеріп, тұрмысы толысып және ұзақ мерзiмдi кезеңде индустриялық
сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы
қорлары жинақтала бастады.
Достарыңызбен бөлісу: