Үшіншісі
, бүкілхалықтық сайлау арқылы сайлаушылар саяси жүйенің
бүкіл қызметіне принципті, жанды өзгерістер енгізе алады, саяси құндылықтар
мен басымдықтарда сабақтастықты қалыптастырады.
Өткен мерзімде жаңадан қалыптасқан, кеңестік жүйеде болмаған
биліктің маңызды тармағы-қос палатадан құралған мемлекеттің заң шығару
қызметін іске асыруға құзырлы Республиканың ең жоғары өкілді органы қос
палаталы Парламент болды.
Қазақстанның кәсіби парламентаризмге келер жолы күрделі де
қайшылықты, саяси шиеленісті, бұралаңды болғанын ескерген жөн. Осы
тартысы көп, қиын жолда бұрынғы Конституциялар бойынша (1978 және 1993
ж.) сайланған Республика Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылы сайланған он екінші,
1994 жылы сайланған он үшінші құрамдары саяси себептерден өкілділік
мерзімі аяқталмай,
уақытынан бұрын таратылды. Соңғы құрамы бір жылдай
ғана жұмыс істеді. Елімізде парламенттік демократия, парламентаризм
көптеген қиындықтармен, саяси тартыспен, қайшылықтар арқылы, біртіндеп
қалыптасқан.
Ел Парламентінің 1995 жылғы Конституция және «Қазақстан
Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»
конституциялық Заңының негізінде тарихи өлшем тұрғысынан бағалайтын
болсақ қысқа уақыт ішіндегі белсенді заң шығарушылық, өкілді және саяси
қызметінен белгілі бір тарихи-саяси, демократиялық төмендегідей қорытынды
тұжырымдар шығаруға болады:
Достарыңызбен бөлісу: