Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


 Қазақстандықтар санасы мен дүниетанымын



Pdf көрінісі
бет61/126
Дата12.12.2021
өлшемі2,03 Mb.
#99887
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   126
Байланысты:
ktj 20593

8.4. Қазақстандықтар санасы мен дүниетанымын  
жаңашаландыру арнасындағы іс шаралар. 
 
Тәуелсіздік  жылдары  елімізде  қалыптасқан  саяси  жүйенің  түбегейлі 
айырмашылығы  неде?  Осы  жылдар  қоғамның  саяси  жүйесінің  табиғаты  мен 
құрылымына, қызметіне әкелген негізгі өзгерістердің мәні мен мазмұны, сапасы 
неден көрінеді? Бұл туған жері және ата тегі жанын салып дамытқан азаматтың, 
әр саясаттанушы мен саясаткерді ойландырары хақ. Ширек ғасырлы тарихы бар 
тәуелсіздіктің тарихынан осының сырын іздеген жөн болар. 
Тәуелсіздік  жылдары  Қазақстанның  жаңа  мемлекетін  және  оның    саяси 
жүйесін қалыптастыру ісі әлемдік тәжірибе бойынша аса құнды және айрықша 
күрделі,  жауапкершілігі  зор  процесс.  Өткен  жолымызда  бұл  үрдіс  өте 
қайшылықты, тартысты, қателіктер мен қатерлер арқылы жүргені баршаға аян. 
Қазақстан мемлекеті нысаны мен табиғатын анықтауда ХХ ғасырдың 90-
шы  жылдарында  еліміздің  саяси  басшылығы  мен  интеллектуалдық  күштері 
алдында  аса  күрделі  міндеттер  болғанын  анық  көреміз.  Неге  десеңіз  тонау 
Қазақ  хандығы  заманынан  кейінгі  бірнеше  ғасырлар  бойы  басқа  этносқа, 
империялық  (зорлық,  зомбылық,  басқыншылық)  жүйе  қысымында  болу 
мемлекеттіліктің  жеке  пішімін  іске  асыру  айрықша  мәселе.  «Қазіргі 
сарапшылар белгілі бір саяси режим жайында баға бергенде, оның мойнындағы 
міндеттерді ескермей, баға беруге тырысады. Ол мемлекетті қалыптастыру, бір 
экономикалық жүйеден екінші бір экономикалық жүйеге көшу, демократиялану 


процесін  дамыту,  әлеуметтік  және  ұлтаралық  орнықтылықты  сақтау  және 
нығайту, сыртқы саяси бағыттар желісін тарту… Ұлттық жаңару, мемлекеттікті 
қалпына  келтіру  әрдайым  оп-оңай  жүзеге  аса  бермейді»,  -  деп  объективті 
тұжырым жасаған ҚР Президенті.   
Тәуелсіз  Қазақстан  мемлекетінің  қалыптасу  кезеңі  бұрынғы  КСРО 
аумағында  саяси,  әлеуметтік  экономикалық  мүдделер  мен  қатынастардың 
ерекше  шиеленісуі  үдерісімен  қабаттаса  жүрді.  Әлеуметтік  топтардың 
мүдделері  мен  қажеттерін  бұрынғы  саяси  режим  терең  дағдарыс  пен 
тұншығысқа  соқтырды.  Оның  ішіндегі  ең  өткір,  шетін  тұрғандары  – 
азаматтардың  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  құқықтарын  кеңейту,  сөз 
бостандығы,  ұлттар  мен  этностардың  тіл,  мәдениет  саласындағы  мұңдарын 
мүмкіндігінше  қанағаттандыру,  азаматтардың  қауіпсіздігін  нығайтып, 
азаматтық  татулық  пен  қоғамдық  тәртіпті  демократия  аясына  келтіру  еді. 
Қазақстанның  болашақ  мемлекеттік  дамуы  туралы  берік,  сындарлы  
тұжырымдама әлі қалыптаспаған еді. 
Ол  кездегі  еліміз  алдында  тұрған  ең  күрделі  проблема  мемлекетті 
қайтадан  қалыптастыру  еді.    Мемлекет  –  саяси  жүйенің  аумақтық,  заңды,  
жария, егемен, легитимді, құқықты, жоғары деңгейде институттанған, жалпыға 
бірдей әмбебап ұйымы. Ол  қоғамның саяси жүйесінің бір бөлігі бола отырып, 
мақсатты, жария, ашық, заңды, ел мен халықтың  егемендігінің бірден бір көзі, 
субектісі және егесі ретінде қызмет істейді. Мемлекет саяси жүйенің бір бөлігі, 
ал  ол  сонымен  бірге,  оның  барлық  кіші  жүйелері  мен  салаларын  қамтитын, 
біріктіретін,  заңдар  аясында  олардың  бүкіл  қызмет-тіршілігін  реттейтін,  олар 
үшін біртұтас, ажырамас және бөлінбес  ұйым болып табылады.   
Ғылыми  әдебиетте  мемлекеттің  негізгі  аса  маңызды,  сөзсіз,  қоғамдық 
қатынастар  табиғаты  мен  мүдделеріне  жауап  беретін  және  тиімді  мемлекет 
құру мүддесіне сәйкес келетін белгілеріне отандық және шетелдік зерттеушілер 
дәлелдеуі 
бойынша 
мынадай 
ұстанымдар 
жатады: 
басы 
байлы 
территориясының,  азаматтығы  бар  халқының;  белгілі  ішкі  және  сыртқы 
мақсаты  анықталған,  бұларда  саралап,  ауқымы  мен  міндеттерін    анықтаған, 
қоғамдық  қатынастардың  барлық  саласын  реттеуге  қабілетті,  қажетті  адами, 
материалдық  және  қаржылық  ресурстарға  ие  тармақталған  басқару 
аппаратының  болуы;  халықаралық  қауымдастық  мойындаған  шекарасы;  елдің 
егемендігін, тұтастығын, қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз 
ететін  ұлттық  қарулы  күштерінің,  құқық  қорғау  органдарының  (сот, 
прокуратура, милиция, арнайы қауіпсіздік қызметтері және т.б.) болуы. Тарихы 
ширек  ғасырға  толуы  қарсаңында  Қазақстанда  осы  аталған  белгілер  мен 
сиаттамаға  сай  келетін  егемен,  әлеуетті,  әлем  елдерінің  басым  көпшілігі 
мойындаған  және  ұстанған  бағытын  қолдайтын  мемлекет  қалыптасты.  Ал 
елдегі  мемлекеттік  құрылыстың  табиғаты,  демократияның  деңгейі  оны  саяси 
жүйесі қызметінен көрінеді.  
Саяси  жүйе  сөздің  кең  мағынасында  -  белгілі  бір  қоғамдағы  билік 
қатынастарының  іс  жүзінде  анықталынып,  қабылданып,  орындалуының 
тұрақты  формасы.  Ол  –  елдегі  бүкіл  саяси  өмір,  саяси  қатынастардың  және 
саяси  институттардың  жиынтығы.  Бұл  орайда  Казіргі  заманғы  Қазақстан 


ұстанған өркениет көкжиегіне тез арада жету бағдарламасын әлемнің алпауыт 
мемлекеттері толық мақұлдаған болатын. 
Бұл орайда транзиттік, өтпелі қоғамдардағы тарихи маңызды міндеттерді 
шешуге,  күрделі  қоғамдық  қатынастарды  реттеуге  қызмет  ететін  жаңа  саяси 
жүйені қалыптастыру  міндеті екенін  түсінген жөн. ХХ ғасырдың тоқсаныншы 
жылдарының 
басында 
жаһандану, 
ақпараттық 
қоғам, 
халықаралық 
байланыстардың  күшеюі  жағдайында  саяси  жүйе  мен  оның  институттарының 
атқаратын  қызметі  барған  сайын  күрделеніп,  тармақталып,  олар  қамтитын 
құбылыстар  мен  қатынастардың  ауқымы  кеңейіп,  өзара  сабақтастығы  мен 
байланыстары  шеңбері  кеңейген  болатын.  Осы  жаңа  әлемге,  оның  күрделі 
саяси-экономикалық,  дүниетанымдық  ахуалдың  дербес  тең  құқылы  субъектісі 
қатарына  ұмтылған  Қазақстан,  алдымен,  өзін-өзі  мемлекет  ретінде  анықтап, 
мемлекеттік-конституциялық  құрылысын  түбегейлі  бекемдеу  міндеті  тұрғаны 
анық белгілі еді.  
Тәуелсіздік тұстағы алынған белестер биігінен бағалайтын болсақ еліміз 
бұл  жауапкершіліктен  абыроймен  шықты  деуге  негіз  бар.  Әлемдегі,  әсіресе, 
демократиялық  елдердегі  саяси  жүйелерді  зерттеген,  теориялық  ой-
толғамдарын әлем саясаттанушылары мойындаған  танымалы теоретиктер мен 
саясаткерлер  өркениет  аясындағы  мамандардың  саяси  жүйе  және  олардың 
негізгі  институттары  функциялары  туралы  іліміне  сүйенсек,  Қазақстанның 
тәелсіз  тұста  орныққан  саяси  жүйесі  конституциялық  өріс  аясындағы 
қызметінің де өте күрделі, сан тарапты екендігіне толық негіз  бар. 
Әлем  сарапшыларының,  сондай-ақ,  ел  ғалымдарының  мемлекет 
құрылысы, саяси жүйе табиғаты мен қызметіне қатысты ғылыми зерттеулеріне 
сүйене  отырып,  қазіргі  кезеңде  еліміздің  саяси  жүйесінің  қызметіне  тән 
мынадай негізгі сипаттарды ескерген жөн: 
–  Конституцияға  және  басқа  да  заңнамаға  сәйкес  қоғамды  қазіргі 
заманның  табиғаты  мен  талаптарына  сәйкес  ғылыми  тұжырымдар  аясында 
басқару; 
–  қоғамның    алдындағы  мақсат  пен  міндеттерді  анықтау  және  соған 
сәйкес  бүкіл қоғамды, оның қорларын жұмылдыру; 
– қоғам мүшелерін әлеуметтендіру; 
– артикуляция - яғни, қоғамдағы әртүрлі топтардың мүдделерін анықтау, 
бейнелеу және оларды саяси жүйе институттары қызметінде еске алуына жетісу 
және т.б. 
Бүкіл  халықтық  референдумда  1995  жылғы  қабылданған  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясы  еліміздің  саяси  жүйесінің  жаңа  болмысын 
қалыптастыруға арналған еді. Осы кезден еліміз саяси жүйесі дамуының жаңа 
сатысы басталды. Ал, еліміздің осы жылдардағы конституциялық дамуы оның 
іргелі  негіздерінің  беріктігін,  өміршеңдігін,  оны  құраушы  институттық 
құрылымдардың  міндеттері  мен  басқару  мүмкіндіктерінің  шынайы  және 
объективті болжамдалғандығын дәлелдеді.     
Еліміздің  саяси  жүйесінде  жаңаша  түбегейлі  «анатомиялық»  түзілу  мен 
түрленудің  мәні  мен  мазмұнын  өткен  жолымыз  деңгейінен  жинақтап 
тұжырымдай келе мынадай жәйттерді ескерген дұрыс болар: 


–  ең  алдымен,  еліміздің  саяси  жүйесінде  бұрын  болмаған  Президенттік 
институт,  қос  палаталы,  кәсіби  негізде  жұмыс  істейтін  Парламент, 
көппартиялылық, 
азаматтық 
қоғам 
институттары, 
Қазақстан 
халқы 
Ассамблеясы  тәрізді  принципті  жаңа  саяси  құрылымдардың  түзіліп, 
қалыптасуы және қызмет жасауы; 
–  қоғамдағы  демократия  мен  сөз  бостандығының  даму  деңгейі  мен 
пәрменділігінің  басты  көрсеткіштерінің  бірі  тәуелсіз,  беймемлекеттік 
бұқаралық ақпарат құралдарының дербес те әлеуетті жүйесінің пайда болуы; 
–  Қазақстанда бұған дейін болмаған, қоғамдық өмірдің барлық салаларын 
кеңінен  қамтитын  жаңа  азаматтық  институттардың  қалыптасып,  дамуы  және 
олардың қызметіне қажетті ұйымдық-құқықтық негіздердің нығаюы
–  халықаралық танымал демократиялық институттар негізінен біртіндеп  
мойындаған еліміздің тәуелсіз сайлау жүйесінің қалыптасуы; 
– биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің 
біріккен  еңбегінің  нәтижесінде  еліміздің  саяси  жүйесінің  барлық  құрамдас  
бөліктері  қызметінің  құрылымдық,  ұйымдық-құқықтық  және  өзара  қарым-
қатынасы  мәселелерін  жан-жақты  реттейтін,  еліміздің  демократиялық, 
зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  орнату  бағытында  әлеуметтік-
экономикалық  дамуын  қамтамасыз  ететін  заң  жүйесінің  жаңадан  түзіліп,
 
қабылдануы  және  бұл  үрдістердің  қоғамдық  қатынастардағы  қажеттіліктерге 
байланысты үнемі жетілдірілуі. 
Бұл  –  қоғамдық  қатынастарды,  әлеуметтік  топтарды,  мемлекеттік  және 
қоғамдық құрылымдарды қамтуының ауқымы, жалпы табиғаты жағынан терең 
де,  көп  қырлы,  сапалық  өзгерістеp.  Президент,  Парламент  институттары, 
бастауында  тәжірибесі  шектеулі  әлсіз  де  болса,  көппартиялық  жүйе  осы 
өзгерістердің ең маңызды да, мәндісі деп бағалауға тұрарлық.      
Казіргі заманғы Қазақстанның саяси жүйесіндегі  ерекше орында, бұрын 
болмаған  жаңа  құрылым  –  Президент  институты  келді.  Еліміздің  мемлекеттік 
басқару  жүйесінде  Президент  лауазымы  Қазақ  ССР-і  Конституциясына 
енгізіліп келген өзгерістерде анықталды.  Сол уақыттан бері халқымыз осы ең 
жоғарғы  мемлекеттік  саяси  лауазымға  бүгінгі  Елбасы,  әлемге  танылған 
саясаткер,  мемлекеттік  құрылым  шебері  Н.Ә.Назарбаевты    бірнеше  мәрте 
мүлтіксіз сайлап келеді.    
1995  жылы  қабылданған  Конституция,  оған  1998,  2007  және  2017 
жылдары    енгізілген  өзгерістер  мен  толықтырулар  еліміздегі  бүкіл  билік 
жүйесінде    Президент  институтын  үнемі  нығайту  бағытын  қолдады.  Ең 
алдымен,  еліміздегі  басқару  жүйесі  «Президенттік  басқару  нысанында»  деп 
сипатталады.  1995  жылғы  Конституцияның  жобасын  дайындау  жөніндегі 
жұмыс тобының құрамындағы әлемге танылған мамандар пікірінше, бұл белгілі 
бір деңгейде пікірталасты түсінік.   
Ғылыми  әдебиеттерде  «басқару  нысаны»  деп  республика  немесе  
монархия (жеке бас билігі) есептеледі. Осылай атау әбден қалыптасқан, ғылыми 
ортада  бекіген  түсініктер.    Ал  «президенттік  басқару  нысаны»  деген  түсінікті 
Конституция 
авторларының 
төл 
шығармашылдығы, 
қазақстандық 
конституциялық 
теориядағы 
ізденіс, 
басқару 
нысанын 
анықтаудың 


қазақстандық  нұсқасы  деп  түсінген  абзал.  Бұған  көптеген  шетелдік  белгілі 
мемлекеттанушы - ғалымдар кезінде назар аударып, уақыттың басқару түрлері 
(формалары) 
туралы 
түсініктерге 
өзгеріс 
енгізетіндігін, 
Қазақстан 
Конституциясы «президенттік республика» деп ешқандай екіұштылықсыз, тура 
атайтындығын арнайы атап көрсеткен болатын.   
Конституцияда  президенттік  биліктің  демократиялық  институты 
арнасындағы  саяси  жүйедегі  орны,  мәртебесі  өкілдіктері  көрсетіліп,  40-шы 
бапта:  «Президент  –  халық  пен  мемлекеттік  билік  бірлігінің,  Конституция 
мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі 
әрі кепілі», – деп анық баяндалған. 
Саяси  жүйенің  құрамдас  бөлігі  болып  табылатын  –  Президенттік 
институттың  қалыптасып,  дамуы,  оның  қоғамда  бедел  алуы  ұзақ,  күрделі 
процесс.  Сөз  жоқ,  президенттік  институттың  қоғамның  саяси  жүйесіне  етене, 
икемді, ажырамас құрамдас бөлігі ретінде кірігіп кетуі, саяси бейімделуі бедел 
алуы  уақытты,  тәжірибені,  заң  шығарушылық  процесті  қажет  етеді  және  ол 
біздің  елімізде  терең  шеңберлі  саяси  тартыстарсыз,  саяси  сілкіністерсіз, 
барынша эволюциялық жолмен  өткен. 
Президенттік  институт  саяси  жүйедегі  ерекше  институт  және  барлық 
партиялар  мен  қоғамдық-саяси  ұйымдар  қызметінің  кепілі  болғандықтан,  ол 
бүкіл  саяси  жүйеге  немесе  оның  басым  көпшілігіне  сүйенгенде  ғана  саяси
 
жүйеде  топтастырушы,  байланыстырушы  міндетін  атқарады.  Бұндай  тірек-
сүйенішсіз  президенттік  институттың  әлеуметтік-саяси  базасы  әлсіз  болуы 
мүмкін. 
Казіргі  заманғы  Қазақстан  тарихы  тәжірибесіндегі  тағы  бір  назар 
аударарлық  мәселе  –  Шығыс  Еуропа  мен  Орталық  Азиядағы  кеңестен  кейінгі 
барлық елдерде президенттік немесе жартылай президенттік билік жүйесі пайда 
болғанын  жан  жақты  талдап  оның  нәтижесін  біздің  жағдайымызға  толық 
үйлесуінде еді. Бұның құндылық дәрежесі саяси жүйе дамуындағы, ел алдында 
тұрған 
әлеуметтік-экономикалық 
мәселелерді 
шешудің 
күрделілігіне 
байланысты.  Билік  тармақтары,  әсіресе,  Парламент  пен  атқарушы  билік 
арасындағы  текетірес  пен  шиеленісті,  толассыз  талас,  елдердің  саяси 
мәдениетінің  ерекшелігі  президенттік  институтты  өтпелі  қоғамдар,  кезеңдер 
алдында  тұрған  міндеттерді  шешудің  тиімді  билік  нысаны  ретінде  таңдау  – 
ұтымды жол. 
Казіргі  заманғы  Қазақстан  тарихындағы  осы  саяси-мемлекеттік 
институттың  қызметіне  келсек,  ширек  ғасырдан  астам  уақыт    президенттік 
институттың ұтымды жақтарын көрсетіп берді. Оны мынадай ретпен талдаған 
жөн болар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет