әйелдер, жастар және т.с.с. болатыны сайлау болар алдындағы мерзімде белгілі
болатын. Мемлекеттік органдардың жоғары шенеуніктері, партия, комсомол
және кәсіподақ органдарының басшылары атқарып жүрген қызмет
лауазымдарына сәйкес депуттатыққа кандидат болып ұсынылатын.
Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы сайлау жүйесіне аз ғана
өзгерістер енгізді. Еліміздің осы Негізгі заңына сәйкес Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі мемлекеттік биліктің жоғары органы болып табылды. Қазақ КСР-інің
Жоғарғы Кеңесі КСРО Конституциясы және Қазақ КСР Конституциясымен
Қазақ КСР жүргізуіне жатқызылған мәселелердің барлығын шешуге өкілетті
болатын. Жоғарғы Кеңестің жұмыс органы – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
Төралқасы Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығында қажет болған жағдайда
Қазақ КСР қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізіп, оларды
кейін кезекті сессияның бекітуіне ұсынатын. Қазақ КСР-інің Жоғарғы Кеңесі,
қажет деп санаған жағдайда ғана, кез келген мәселе бойынша тексеру
комиссияларын және өзге де алқаларды құратын. Барлық мемлекеттік және
қоғамдық органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тұрақты және өзге де
комиссиялардың талаптарын орындауға, оларға қажетті материалдар мен
құжаттарды беруге міндетті болатын. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-
інің жүргізуіне жатқызылған кез келген мәселені қарап, шешуге уәкілетті еді.
1990 жылғы наурызда он екінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің
сайлауы өтті. Бұл Кеңестік (әкiмшiл-әмiршiл) жүйенің ықпалы әлі де болса
жеткілікті болып тұрған жағдайдағы республиканың жоғары заң шығару
органының алғашқы неғұрлым демократиялық сайлауы болатын. Сайлау
алдындағы тартысқа 360 депутаттық мандат үшін екі мыңнан астам үміткер
қатысты. Республикалық қоғамдық ұйымдардан 90 адамның сайланғаны да
аталған сайлаудың бір ерекшелігі болып табылады. Бұл сайлау толыққанды
саяси партиялар болмаған жағдайда өткенімен, КСРОлық тоталитарлық
жүйенің ұзынды кесінді өзгеру процестеріне бұлжымас сипат берді.
Он екінші сайланған Жоғарғы Кеңес Қазақстан парламентаризмінің
қалыптасу тарихында ерекше рөл атқарды. Бұл бірқатар аса маңызды құқықтық
актілердің қабылдануында, мемлекеттің 90-шы жылдардағы саясатын
заңнамалық жағынан қамтамасыз етуде айрықша маңызды болды.
«Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ КСР
Конституциясына (Негізгі Заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
1990 жылғы 24 сәуірдегі
Достарыңызбен бөлісу: