2. Тасқынды өндірісті уақытқа қарай бөлу.
Ұйымдастырудың тасқынды әдісі қолданылатын өндіріс тасқынды деп аталады.
Тасқынды өндіріс уақытқа қарай үзілмелі және үздіксіз болады.Үзілмелі тасқынды - еңбек заттарының операциядан операцияға жылжуы және өңделуі жартылай фабрикаттардың запаста жату уақытына тоқтайтын өндіріс. Үзілмелі тасқынды өндіріс негізіне еңбек заттарының аралас қозғалыс түрі жатады. Бұл өндірісте операция және процесс тактілері бірдей болмайды, операцияларды синхронизациялағанда (бір-біріне дәл сәйкес келтіру) үзіліссіз тасқындыға айналады.
Үздіксіз тасқынды өндірісте операциялар арасында материалдардың, жартылай фабрикаттардың запастары болмайды.Барлық еңбек заттары операциядан операцияға үздіксіз қозғалыста немесе жұмыс орындарында өңделуде болады. . Үздіксізі тасқынды өндіріс негізіне еңбек заттарының параллель қозғалыс түрі жатады. Операциялар арасында материалдардың, жартылай фабрикаттардың запастары пайда болмайды. Операция тактілерінің әр түрлі болуы еңбек заттарын өңдеудің үздіксіздігін бұзбайды.Барлық операциялар басты операция тактысымен орындалады.
Кеңістікте тасқынды өндіріс тасқынды желі түрінде құрылады.Тасқынды желі –технологиялық жүйелікте орналасқан, жұмыс орындарының жиынтығы.Өңделетін шикізатты толық пайдалану мақсатында тасқынды желіні өндірісті кеңістікте ұйымдастыру принциптеріне сәйкес құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |