мемлекетке тиесілі заңды тұлғаны және онымен үлестес тұлғаны құруға келісім беруден бас
тартады.
8. Өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік
кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан
астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес тұлғалардың монополияға
қарсы органның келісімінсіз құрылған, кеңейтілген және (немесе) жүзеге асырылатын қызмет
түрлері өзгертілген жағдайда, монополияға қарсы орган көрсетілген әрекеттерге сот
тәртібімен шағым жасайды.
9. Осы баптың 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарының талаптары осы баптың 1-тармағы
бірінші бөлігінің 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларға ғана қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: