191-бап. Нарық субъектісінің өзі өндіретін және (немесе)
өткізетін тауарларын нарықтың басқа субъектілері
өндіретін және (немесе өткізетін) тауарлармен
орынсыз салыстыруы
Өз тауарының бәсекелестің тауарынан мәлімдеген артықшылығын құжаттамалық растауы
(өз тауарын бәсекелестік тауарына қосу) болмаған кезде артықшылық дәрежесін пайдалануды
қоса алғанда, өз тауарларын нарықтың басқа субъектілерінің тауарларымен салыстырылатын
(тауарларға қосылатын), кез келген нысанда және кез келген құралдардың көмегімен жүзеге
асырылатын жария айту, мәлімдеу, бекіту нарық субъектісінің өзі өндіретін және (немесе)
өткізетін тауарларын нарықтың басқа субъектілері өндіретін және (немесе) өткізетін
тауарлармен орынсыз салыстыруы болып табылады.