Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-тарау. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ



Pdf көрінісі
бет167/289
Дата26.12.2021
өлшемі0,98 Mb.
#105929
түріКодекс
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   289
Байланысты:
KAZ108188 KZN

   18-тарау. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ 
 
      194-бап. Мемлекеттiк органдардың, жергілікті атқарушы
 
               органдардың бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi,
 
               келiсiмдерi
 
      1. Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен 
бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан 
Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың
жергілікті атқарушы органдардың актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiктi 
шектеуге немесе жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн бәсекелестiкке қарсы 
әрекеттерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тыйым салынады 
және олар толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.
 
      2. Мемлекеттiк органдардың, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестiкке қарсы 
әрекеттерi болып мыналар да танылады:
 
      1) қызметтiң қандай да бiр саласында нарық субъектiсiн құруға қатысты шектеулер 
енгiзу;
 
      2) нарық субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асыруына негiзсiз кедергi келтiру;
 
      3) тауарлардың еркiн қозғалысына қатысты – тыйым салуларды белгiлеу немесе 
шектеулерді енгізу, нарық субъектiсiнiң тауарларды өткiзу құқықтарына өзге де 
шектеулерді енгiзу;
 
      4) нарық субъектiсiне сатып алушылардың белгiлi бiр санаты үшiн тауарларды бiрiншi 
кезекте беру не белгiлi бiр сатушылардан (өнiм берушiлерден) тауарларды бiрiншi кезекте 
сатып алу немесе басымдықты тәртiппен шарттар жасасу туралы нұсқаулар;
 
      5) тауарларды сатып алушылар үшін осындай тауарлар ұсынатын нарық субъектiлерiн 
таңдауына шектеулер белгiлеу;
 
      6) бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға бағытталған әрекеттер;
 
      7) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарлардың сатылу немесе сатып алыну көлемi, 
өткiзiлетiн тауарлардың ассортиментi бойынша не сатушылардың (өнiм берушiлердiң) немесе 
сатып алушылардың құрамы бойынша бөлуге бағытталған әрекеттер;
 
      8) нарық субъектiлерiнiң тауар нарығына кiруiн, тауар нарығына шығуын шектеу 
немесе одан нарық субъектілерін ығыстырып шығару;
 
      9) нарықтың жекелеген субъектiлерiне оларды бәсекелестеріне қатысты артықшылық 
жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да артықшылықтар беру немесе бәсекелестермен 
салыстырғанда қызметтерінде қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау;
 
      10) нарық субъектiлерiн шарттарды басымдықпен жасасуға, тауарларды тұтынушылардың 
белгiлi бiр тобына бiрiншi кезекте беруге не тауарларды белгiлi бiр сатушылардан (өнiм 
берушiлерден) бiрiншi кезекте сатып алуға тiкелей немесе жанама мәжбүрлеу.
 
      3. Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен 
бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында Қазақстан 
Республикасының заңдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған 


халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдар, жергілікті 
атқарушы органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арасындағы немесе олар мен 
нарық субъектiлерi арасындағы келiсiмдерге, егер мұндай келiсiмдер бәсекелестiктi 
болғызбауға, шектеуге немесе жоюға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, тыйым 
салынады.
 
      


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   289




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет