1. «Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы
қолданысқа енгiзiлгенге дейiн инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған
инвестициялық келiсiмшарттар негiзiнде берiлген жеңiлдiктер осы инвестициялық
келiсiмшарттарда белгiленген мерзiм өткенге дейiн өзiнiң қолданысын сақтайды.
2. Осы Кодекстің 159-бабы 1-тармағының, 295-бабының 3, 4 және 5-тармақтарының
салық сомаларын төлеу бөлiгiндегi нормалары инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi органмен
2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған инвестициялық келiсiмшарттар бойынша қолданылуын
сақтайды.