53-бап. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды
тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату
1. Кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру немесе
тарату осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекшеліктер
ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Кәсіпкерлік субъектісі борышкердің немесе кредитордың сотқа берген, ал
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, өзге де адамдардың
өтінішінің негізінде сот шешімімен банкрот деп жарияланады.
3. Заңды тұлғаны оңалту және оның банкроттық рәсімі Қазақстан Республикасының
оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.