3-тарау. КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ БІРЛЕСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРТТАРЫ
54-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері
1. Кәсіпкерлік субъектілері өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ
кәсіпкерлік субъектілерінің ортақ мүдделерін білдіру мен қорғау мақсатында
құратын қауымдастық (одақ) кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі болып табылады.
2. Кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін қаржыландыру кәсіпкерлік
субъектілерінің ерікті мүшелік жарналары және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым
салынбаған өзге де көздер есебінен қамтамасыз етіледі.