1-тармақтың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-
бабының
8-тармағынан
қараңыз.
1. Табиғи монополия саласындағы тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге
тариф белгілеу Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес
жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақтың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-
бабының
8-тармағынан
қараңыз.
2. Табиғи монополия субъектісінің реттелетін тауарларына, жұмыстарына,
көрсетiлетiн қызметтеріне табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын
уәкілетті орган бекітетін тарифтер (бағалар, алымдар мөшерлемелері) немесе олардың шектi
деңгейлерi өндірілетін тауарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң
сапасы мен сенімділігі ескеріле отырып, реттелетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді ұсыну үшiн қажеттi шығындар құнынан төмен болмауға және табиғи монополия
субъектiсiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайда алу мүмкiндiгiн ескеруге
тиiс.
3. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрін өндіру
мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік
жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын тауарлар,
жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығының жай-күйі табиғи монополия болып табылады.
Табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыстар орындаумен және (немесе)
тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға табиғи
монополия субъектісі болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
119-баптың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-
бабының
9-тармағынан
қараңыз.