ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы шарттың 6-бабының 6.12-тармағы екінші бөлігінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешені аумағында құқық тәртібін қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы туралы 1997 жылғы 4 қазандағы келісімнің 5 және 11-баптарының нормалары, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары мен соттарының Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан азаматтарына қатысты юрисдикциясы бөлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығының 39-бабы 2-тармағына сай, «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы шарттың 6-бабының 6.12-тармағы екінші бөлігінің, «Байқоңыр» кешені аумағында құқық тәртібін қамтамасыз етудегі құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы туралы келісімнің 5 және 11 -баптарының нормалары, Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары мен соттарының Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан азаматтарына қатысты юрисдикциясы бөлігінде заңдық күшін жоғалтады және қолдануға жатпайды. Бұл орайда осы халықаралық актілердің өзге нормалары өзінің заңдық күшін сақтайды және орындалуға тиіс.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3- тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескеріп, түпкілікті болып табылады.
4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.
Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотының өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң
59-бабының конституциялылығын тексеру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2001 жылғы 11 мамырдағы N 5/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев,
Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов және В.Д. Шопин қатысқан, мыналардың:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасының төрайымы Р.Н. Юрченконың;
Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-министрi
А.Н. Котловтың;
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлiм бастығы К.Н.Кьюкованың қатысуымен өткен ашық отырысында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 59-бабының конституциялылығын тексеру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.
Ұсынылған материалдарды зерделеп шығып, баяндамашы – Кеңес мүшесi Ж.Д.Бұсырмановты, отырысқа қатысушылардың және сарапшы – Қаржы полициясы академиясының проректоры, заң ғылымының кандидаты Г.К.Рахымжанованың сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық
Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
2001 жылғы 11 сәуiрде Орал қаласы сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң (бұдан әрi - ҚК) 59-бабын конституциялық емес деп тану жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi.
Өтiнiштен келiп шығатыны, бұрын бiрнеше рет ұрлық жасағаны үшiн ҚК-тiң 175-бабының бiрiншi бөлiгi және екiншi бөлiгiнiң "б" тармағы бойынша сотталған Ю.Ю. Лемешев, Орал қаласы сотының 2000 жылғы 8 қарашадағы үкiмiмен, жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолдану арқылы бөтен бiреудiң мүлкiн ашық ұрлауда айыпты деп танылып, ҚК-тiң 178-бабының "а" және "б" тармақтары бойынша мүлкi тәркiлене отырып қатаң тәртiптегi түзеу колониясында 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған, Батыс Қазақстан 2000 жылғы 13 желтоқсандағы қаулысымен бұл үкiм өзгерiссiз қалдырылған.
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқасы қадағалау тәртiбiмен бұл аталған үкiм мен қаулының күшiн жойып, iстi жаңадан қарауға жiберген. Қадағалау сатысы, бiрiншi сатыдағы сот жаза тағайындау кезiнде ҚК-тiң 59-бабының екiншi бөлiгiмен көзделген ережелердi ескермеген деп ұйғарым жасаған. Қадағалау қаулысында, сотталушының iс-әрекетiнен, мынадай екi белгi: "өмiрге қауiптi емес күш қолдану арқылы" және "бiрнеше рет" (ҚК-тiң 178-бабы екiншi бөлiгiнiң "а" және "б" тармақтары) бойынша айқындалған, қылмыстың қауiптi қайталануы байқалады, сондықтан оған ҚК-тiң 178-бабының екiншi бөлiгiмен көзделген бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмiнiң үштен екiсiндей, яғни 4 жыл 8 айдан төмен болмайтындай етiп жаза тағайындау керек деп атап көрсетiлген.
Орал қалалық соты iс жүргiзудi тоқтата тұрып, ҚК-тiң
59-бабын конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсыныммен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне жүгiнген, өйткенi аталған бап iстiң нақты мән-жайы мен айыпкердiң жеке басын ескермей, қылмыстың қайталануы жағдайында жазаның түрi мен мөлшерiн күнi бұрын белгiлей отырып, азаматтардың сот арқылы қорғалуына конституциялық құқығына нұқсан келтiредi деп есептейдi.
Осы өтiнiш бойынша ұсынылған материалдарды зерделеп шығып, Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы – маңызды конституциялық кепiлдiк болып табылады, ол кез келген адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы және қалпына келтiрiлуi үшiн сотқа жүгiнуге хұқылы екендiгiн бiлдiредi. Бұл құқықты пайдалану заңмен белгiленген негiзде және сол тәртiппен жүзеге асырылады. (Конституциялық Кеңестiң 1999 жылғы
29 наурыздағы N 7/2 қаулысы). Сот арқылы қорғалу құқығы iс жүргiзу құқығына жатады және адам оны бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негiзгi құралы ретiнде пайдаланады.
Ол қоғамда әдiлеттiлiк, заңдылық орнауына және адамның негiзгi материалдық құқықтары мен бостандықтарының iс жүзiнде қамтамасыз етiлуiне септiгiн тигiзедi. Азаматтың сот арқылы қорғалуына құқығын кез келген түрде шектеуге жол берiлмейдi және ол заңды бұзу болып табылады.
2. ҚК-тiң 59-бабы бiрiншi бөлiгiнде, сот қылмыстың қайталануы жағдайында жаза тағайындағанда мiндеттi түрде ескеруге тиiс мән-жайлардың тiзбесi берiледi. Оған мыналар жатқызылған: бұрын жасалған қылмыстардың саны, сипаты және қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi, оның алдындағы жазаның түзетушiлiк ықпалының жеткiлiксiздiгiне себеп болған мән-жай, сондай-ақ жаңадан жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi. Заңның аталған талаптары, соттың жасалған қылмыс туралы және айыптының жеке басы туралы барлық мәлiметтердi ескере отырып, жазаны сараландыруына мүмкiндiк бередi.
ҚК-тiң 59-бабының екiншi бөлiгiнде заң шығарушы, соттың қылмыс қайталануының әрбiр түрi кезiнде жаза тағайындай отырып, сақтауы мiндеттi болған шектердi ескерген. Бұл орайда, қылмыстың қайталануы неғұрлым қауiптi болса, адамға тағайындалатын жазаның ең төмен мерзiмi соғұрлым жоғары болады: қылмыстардың қайталануы жағдайында жасалған қылмыс үшiн жазаның мерзiмi мен мөлшерi жасалған қылмыс үшiн көзделген ең қатаң жаза түрiнiң ең жоғары мерзiмi мен мөлшерiнiң жартысынан төмен, ал қылмыстардың қауiптi қайталануы жағдайында – үштен екiсiнен төмен, ал қылмыстардың аса қауiптi қайталануы жағдайында – төрттен үшiнен төмен болмауы керек.
ҚК-тiң 59-бабы үшiншi бөлiгiнде қылмыс қайталануының кез келген түрiнде жаза тағайындау ережелерiнен тыс екi жағдай белгiленген, ондай жағдайларда ҚК-тiң 59-бабы бiрiншi және екiншi бөлiктерi нормаларының күшi болмайды.
Ережелерден тыс бiрiншi жағдай - адамның соттылығы жасалған қылмыстың айқындаушы белгiсi болып табылуы, яғни заң шығарушы баптың санкциясын құрастыру кезiнде қылмыстың қайталануы фактiсiн ескерген, сондықтан жаза тағайындау кезiнде ол ескерiлмеуге тиiс. Бұл жағдайда жаза қылмыстың қайталануы, қауiптi қайталануы және аса қауiптi қайталануы анықталған кездегi ең төмен мерзiм шегiнде де, егер сот оны жасау мүмкiн деп тапса, одан азырақ мөлшерде де тағайындалуы мүмкiн.
Ережелерден тыс екiншi жағдай, белгiлi бiр қылмыс үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза тағайындауға мүмкiндiк беретiн, ҚК-тiң 55-бабымен көзделген ерекше жағдайлардың анықталуымен байланысты. ҚК-тiң 55-бабы сотқа
ҚК-тiң Ерекше бөлiмi санкцияларының, соның iшiнде 59-баптың да ең төмен шегiнен шығу құқығын бередi. Осындай ереженi белгiлей отырып, заң шығарушы сотқа жасалған қылмыс үшiн баптың санкциясымен көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза тағайындау немесе қосымша жаза қолданбау құқығын бередi.
Бұл жерде мiндеттi шарт – сот ҚК-тiң 55-бабын қолдануды жақтайтын сенiмдi уәж келтiруге тиiс.
ҚК-тiң 59-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерi, жасалған әрекетте қылмыстың қайталануы мен оның түрлерiнiң болуына байланысты жаза тағайындауды сараландыруды көзде тұтады, ал осы баптың үшiншi бөлiгi қылмыс қайталануының түрлерi үшiн жаза тағайындаудың айрықша ережелерiн көздейдi. Сонымен бiрге,
ҚК-тiң 59-бабы, мән-жайдың ерекшелiктерi бар кезде соттың ҚК-тiң 55-бабы ережелерiн қолдануына кедергi жасамайды.
Осылайша, ҚК-тiң 59-бабына сай, қылмыстың қайталануы жағдайында неғұрлым қатаң жаза тағайындау жеке тұлғаның сот арқылы қорғалуына құқығын жоққа шығармайды. Бұл жоғарыда аталғанның бәрi де ҚК-тiң 59-бабы нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына қайшы келмейтiнiн, соттың нақты қылмыс үшiн нақты сотталушыға жаза тағайындау туралы шешiмiн күнi бұрын белгiлеп қоймайтынын және соттың жаза тағайындау кезiнде жазаны дараландырудың жалпы негiздерi мен принциптерiн ескеруiне кедергi жасамайтынын атап көрсетедi, өйткенi ҚК-тiң 59-бабының өзi Қылмыстық кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң "Жаза тағайындау" деп аталатын IV-бөлiмiне кiредi.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37, 38 және 41-баптарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексiнiң
59-бабының нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету құнын
уақыт бойынша есептеудi енгiзу туралы нормативтiк
құқықтық актiлердiң ережелерiн конституциялық емес
деп тану жөнiндегi ұсынымы туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң
2001 жылғы 9 шiлдедегі N 11/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан өзiнiң ашық отырысында,
өтiнiш субъектiсi – Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының төрайымы Д.Қ. Құрманованың;
Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, Экономикалық реформа және аймақтық даму жөнiндегi комитеттiң мүшесi Ш.Ә. Оразалиновтың;
Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрi К.К. Масимовтың
Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-министрi
А.Н. Котловтың;
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы Б.М. Имашевтың;
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары
А.Қ. Дауылбаевтың;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Үкiметтiк байланысты қамтамасыз ету орталығының бөлiм бастығы А.З. Зейнуллиннiң;
"Қазақтелеком" ААҚ-ның президентi А.А. Бектасовтың;
Қазақстан Тұтынушыларының ұлттық лигасының өкiмi
Б.Т. Ахметжанованың қатысуымен,
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету құнын уақыт бойынша есептеудi енгiзудi көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiн конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымын қарады.
Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар – Конституциялық Кеңестiң мүшелерi А.К. Котов пен В.Д. Шопиннiң хабарын, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Конституциялық Кеңеске 2001 жылғы 18 маусымда Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету құнын уақыт бойынша есептеудi енгiзудi көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiн конституциялық емес деп тану жөнiндегi ұсынымы келiп түстi.
Соттың Конституциялық Кеңеске ұсыным жасауына азамат Р.Ж. Жамбырбаевтың осы нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген ережелерi тұрғылықты жерiне байланысты ешкiмдi ешқандай кемiтуге болмайды деген Конституцияның 14-бабы
2-тармағына, сондай-ақ, әркiм өзiнiң телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң құпиялылығы сақталуына құқығы бар, ал мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi деген Конституцияның 18-бабы 2 және 3-тармақтарына қайшы келедi деп есептеген талап арызы себеп болған.
Сот, оның ұсынымын Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қарағанда:
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы" 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732 қаулысының 3-тармағының;
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 465 және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң 1997 жылғы
30 мамырдағы N 81 бiрлескен бұйрығы бекiткен Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң, телеграф және пошта байланысының қызмет көрсету ережелерi 5.2-тармағының (бұдан әрi - Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң, телеграф және пошта байланысының қызмет көрсету ережелерi) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi туралы мәселенi шешiп берудi өтiнедi.
Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының ұсынымын қарау кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Республика Үкiметiнiң құзыретiн белгiлей келiп, өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша ол Негiзгi Заңның 69-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар қаулылар шығаруын көздейдi. "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Конституциялық заңның 13-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында оның Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етуiн, оларды министрлiктердiң, басқа орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауын белгiлеген.
Министрлер Кабинетiнiң "Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы" 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732 қаулысы Қазақстан Республикасының Үкiметiне 84-бабында мемлекеттiк басқару мәселелерiн шешуге құзырет берген және 86-бабында оған елдiң бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар актiлер шығаруға құқық берген 1993 жылғы Конституцияның негiзiнде және оны орындау мақсатында қабылданған болатын. Сот дауласып отырған
3-тармағы бөлiгiнде бұл қаулы қолданылып жүрген Конституцияның Республика Үкiметiнiң құзыретi туралы 66-бабының нормаларына сәйкес келедi. Қаулыны ол конституциялық нормаларға сәйкес және Республика Үкiметiнiң iс жүргiзу шегiнде қабылдаған. Заң белгiлеген тәртiппен оның күшi жойылмаған және қолданылып жүрген
болып табылады.
Министрлер Кабинетiнiң N 732 қаулысында "Қазақтелекомға" "байланыс кәсiпорындарының техникалық құралдармен жарақталуына қарай жергiлiктi сөйлесулер құнын уақыт бойынша есептеудi енгiзудi жүзеге асыру" жүктелген.
Министрлер Кабинетiнiң "Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы" қаулысының 3-тармағы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 465 және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң 1997 жылғы 30 мамырдағы N 81 бiрлескен бұйрығы бекiткен Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету ережелерiнiң 5.2-тармағымен үндеседi.
Ережелердiң 5.2-тармағында жергiлiктi телекоммуникациялар желiсiнiң операторына "төлемақыны уақыт бойынша есепке алу аппаратураларының /АПУС/ негiзгi талаптарына сәйкес келетiн, метрологиялық қамтамасыз ету нормаларына жауап беретiн және мiндеттi мемлекеттiк тексеруге жататын жергiлiктi сөйлесулер ақысын уақыт бойынша есепке алу жүйесiн енгiзу" шартты құқығы берiлген.
Үкiметтiң N 732 қаулысының осы ережелерi мен Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету ережелерiн тұрғылықты жерiне байланысты ешкiмдi кемсiтуге болмайтыны туралы бөлiгiндегi Конституцияның 14-бабы 2-тармағына, сондай-ақ әркiм өзiнiң телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң құпиялылығы сақталуына құқықты екендiгi және әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету туралы Конституцияның 18-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкестiгiн талдай келiп, Конституциялық Кеңес олар Конституция нормаларына қайшы келмейдi деген қорытындыға келдi.
Үкiметтiң "Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы" N 732 қаулысының 3-тармағы тұрғылықты жерiнiң айырмашылығына байланысты бiреулердiң құқықтарын шектеу есебiнен немесе Конституцияның 14-бабында тыйым салынған кемсiтушiлiк белгiлерiмен бiреулерге заң жүзiнде және iс жүзiнде артықшылық беруге бағытталмаған. Үкiметтiң бұл қаулысының Конституцияның 69-бабы 1-тармағына сәйкес аймақтарға, сондай-ақ Республиканың барлық аумағында мiндеттi күшi бар.
Тұрғылықты жерiне байланысты ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайтыны туралы Конституцияның 14-бабы 2-тармағының ережесi Конституцияның 14-бабы 1-тармағындағы заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең екенi туралы ережемен тығыз байланысты, және бұл жағдайда Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жерiне қарамастан заң актiлерiнде белгiленген бiр негiздер бойынша субъектiлердiң құқықтары бiрдей және бiрдей мiндеттердi орындауға тиiстi, сондай-ақ осы құқықтары мемлекет тарапынан бiрдей қорғалады және заң мен сот алдында бiрдей жауапты болады. Сот билiгi Конституцияның 76-бабы 2-тармағына сәйкес, Конституцияның, заңдардың және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде, сондай-ақ Республиканың халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.
Конституциялық Кеңестiң пiкiрi бойынша, Үкiметтiң N 732 қаулысының 3-тармағының жергiлiктi телефонмен сөйлесулер ақысын уақыт бойынша есептеудi енгiзу туралы ережесi, сондай-ақ Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету ережелерiнiң 5.2-тармағы жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң көрсеткен қызметiн пайдалануды байланыстың көрсеткен қызметiнiң көлемi мен сапасына бара-бар есеп пен ақы төлеудi объективтi экономикалық өлшемге жүйелi түрде ауыстыру мiндетiн атқарады. Сонымен қатар бұл ережелер оған бiрте-бiрте көшудi және оны жүзеге асыруды техникалық жарақтандырумен шарттастырады. Жария шарттың талаптары бойынша тұтынушылардың теңдiгi мен тұтынушылардың байланыс қызметiнiң нысандары мен олардың төлемақысын таңдау құқығы бұзылмауға тиiс. Заң нормаларының және басқа нормативтiк құқықтық актiлерi дұрыстығының негiзiн құрайтын жоғары заңдық күшi және тiкелей күшi бар Негiзгi Заң болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясында бұған байланысты нақтылы нұсқау жоқ. Қазақстанды әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыру және Республиканың бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық дамуы туралы Конституцияда жалпы ережелер бар, сондай-ақ монополистiк қызмет заңмен реттелетiн және шектелетiнi, ал жосықсыз бәсекеге тыйым салынатыны туралы Негiзгi Заңның
26-бабы 4-тармағының нормалары бар. Олар Конституциялық Кеңестiң Конституцияның 28-бабы 1-тармағы кепiлдiк беретiн елдегi жалақының, зейнетақының және әлеуметтiк қамсыздандырудың мөлшерлес осы объективтi экономикалық өлшемдi енгiзудi Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi деп есептеуiне негiз болады. Негiзгi Заңның 12-бабы 1-тармағында Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепiлдiк
берiледi делiнген.
Ресми жариялау және азаматтарға өзiнiң құқықтарына қатысты, 1995 жылғы Конституцияның 4-бабы 4-тармағының және 18-бабы 3-тармағының мағынасымен сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық актiлермен таныстыру мүмкiндiгiмен қамтамасыз ету туралы 1993 жылғы Конституцияның 32-бабы екiншi бөлiгiне және 33-бабының үшiншi бөлiгiне сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Байланыс қызметiнiң тарифтерi туралы" 1995 жылғы 23 мамырдағы N 732 қаулысы "Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметi актiлерi жинағының" сол жылғы N 18 ресми түрде жарияланды. Осы қаулының мәтiнiмен "Юрист" ашық анықтамалық жүйеден азаматтардың кеңiнен танысуына болады.
"Жергiлiктi коммуникациялар желiлерiнiң, телеграф және пошта байланысының қызмет көрсету ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 465 және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң 1997 жылғы
30 мамырдағы N 81 бiрлескен бұйрығы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 27 маусымда N 329 болып тiркелдi. Қолданылып жүрген Конституцияның 18-бабы 3-тармағына сәйкес бұл бұйрықпен Республикалық орталықтың
1996-2001 жылдардағы "Заңдар" құқықтық ақпарат ресми анықтама жүйесiмен кеңiнен танысуға болады.
Министрлер Кабинетiнiң N 732 қаулысының ережелерi мен Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету ережелерiн және Конституцияның 18-бабы 2-тармағында көзделген телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң құпиялылығы сақталуына байланысты адам және азамат құқығына қысым жасау бөлiгiн конституциялық емес деп тануға негiз жоқ. Жергiлiктi телефон байланысы қызметiнiң көлемi мен сапасын есептеудiң бiр жүйесiнен тиiсiнше ұйымдық, технологиялық және нормативтiк тұрғыдан қамтамасыз етiлетiн басқа жүйесiне көшу әркiмнiң телефон арқылы сөйлескен сөздерiнiң құпиялылығы сақталуының конституциялық құқығына ықпал жасамайды, ал телефон байланысының қызмет көрсетуiнiң бұрынғы жүйесi жағдайында мұндай кепiлдiктер болмаған немесе олар бұзылған ретте осы құқыққа қысым жасалу мүмкiндiгiн жоққа шығармайды, бұл абоненттердiң жеке сөйлескен сөздерi мағынасының құпиялылығына құқығын бiлдiредi.
Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету ережелерiнiң 2.5-тармағында "телефонмен сөйлескен сөздердi тыңдауға, олар туралы мағлұматтар алуға тек Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен негiздерде ғана жол берiледi. Операторлар телефонмен сөйлескен сөздердiң құпиялылығын сақтауға мiндеттi" деп белгiленген.
Бұл Ережелер абоненттердiң мүддесiн қорғауды көздейдi, оларға тұрмысқа қажеттi қызметтермен телефон арқылы тегiн байланыс жасауға құқық бередi, жергiлiктi телефонмен сөйлесулердiң құнын уақыт бойынша есепке алу енгiзiлген кезде абоненттiң бiрiншi талабы бойынша олар туралы бағыт сiлтеушi мағлұматтар беруге операторды мiндеттейдi. Жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету ережелерi тұрғылықты жерiне байланысты ешкiмдi де ешқандай кемсiту болып табылмайды. Ережелердiң 2.1-тармағына сәйкес абоненттердiң мүдделерiн қорғауға қатысты олардың нормалары елдiң тек жекелей алынған аймағы үшiн ғана емес, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында орындау үшiн мiндеттi.
Жергiлiктi телефон байланысының қызмет көрсетуiн уақыт бойынша есепке алу енгiзiлген кездегi құқық қолдану практикасы мен техникалық жарақтандырудағы кемшiлiктердi қарау Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жатпайды.
Сонымен, Конституциялық Кеңес Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының ұсынымында көрсетiлген жергiлiктi телекоммуникациялар желiлерiнiң қызмет көрсету құнын уақыт бойынша есептеудi енгiзудi анықтайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiнде Конституцияға сәйкес емес деп тану үшiн формальды-заңдық негiздер жоқ деп бiледi.
Баяндалғандардың негiзiнде, және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 2-тармағын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 33, 37, 38, 40 және 41-баптары негiзiнде Конституциялық Кеңес
Достарыңызбен бөлісу: |