АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
2001 жылғы 13 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Конституциялық заңды Республика Конституциясына сәйкестiгi мәнiнде қарауды сұраған өтiнiшi келiп түстi.
Премьер-Министрдiң өтiнiшiн қарап шығып, Конституциялық Кеңес, бұл Конституциялық заң мазмұндық және процессуалдық сипаттағы бiрқатар ережелерi бойынша Республика Конституциясына сәйкес емес деген ұйғарымға келдi.
Мәселен, бұл заңдық кесiм қазiр қолданылып жүрген "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына бiрқатар толықтырулар енгiзiп, оларды күшiне енгiзу мемлекеттiк шығысты көбейтудi қажет етедi:
- 25-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылған: "3. Парламент депутатының штаттағы көмекшiлерi және қоғамдық негiзде жұмыс iстейтiн көмекшiлерi болуы мүмкiн.";
- 29-бап Республика Парламентiнiң жанынан ғылыми-консультациялық кеңес пен баспа органы құрылуы мүмкiндiгiн белгiлейтiн 3-тармақпен толықтырылған;
- 30-бап мынадай мазмұндағы 3-1-нормамен толықтырылған: "3-1. Сайлау округтерiнде депутаттық өкiлеттiктi жүзеге асыру үшiн iссапар кезеңiне жергiлiктi атқарушы орган депутатқа қызметтiк үй-жай және автомобиль көлiгiн бередi.".
Бұл аталған нормаларды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қорытындысы бойынша, республикалық бюджеттiң де, жергiлiктi бюджеттердiң де шығысын көбейтудi қажет етедi.
Сонымен бiрге Республика Конституциясының 61-бабы
6-тармағына сай, мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты көбейтудi көздейтiн заңдардың жобалары Республика Үкiметiнiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн. Депутаттар тобы қаралып отырған заңның жобасын Парламент Мәжiлiсiне енгiзер кезде оған Үкiмет 2000 жылғы
21 қыркүйекте N 13-4/8021 терiс қорытынды берген.
Жоғарыда баяндалғанды ескерiп, Конституциялық Кеңес, бұл аталған толықтырулар Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы 6-тармағының талаптарын бұза отырып қабылданған
деп есептейдi.
Конституциялық Кеңес сондай-ақ Парламент қабылдаған Заңда өзiнiң мазмұны жағынан Конституцияға қайшы келетiн нормаларды тауып отыр.
Мәселен, қаралып отырған Заңның, Парламент депутатының штаттағы көмекшiлерi болуы мүмкiн деген нормасы (10-тармақтың 2) тармақшасы) Республика Конституциясының 44-бабы
9) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 9) тармақшасын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 2001 жылғы 12 қарашадағы N 14/2 қаулысына қайшы келедi. Атап айтқанда, бұл қаулымен, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын тиiстi органдар қызметкерлерiнiң жұмысын ақшалай қамтамасыз етудiң көлемi мен шарттары жөнiндегi түпкiлiктi шешiмдi, бұл органдардың жалпы штат санын анықтау, мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының тiзiлiмдерiн және санаттарының тiзбелерiн белгiлеу негiзiнде, Республика Президентi қабылдайды деп түсiндiрiлген.
Одан тыс, осы Заңның 2-бабында "8-баптың 3-тармағындағы "өздерiнiң құзыретiне" деген сөздер, "осы тұлғалардың құзыретiне" деген сөздермен ауыстырылсын." деп көзделген. Бұл нормадан келiп шығатыны, мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының лауазымды тұлғалары, олардың сессияға қатысу қажеттiгi туралы Парламенттiң немесе оның Палаталарының шешiмi қабылданса, Парламентке келiп өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi түсiнiктер беруге мiндеттi.
Алайда, Конституцияның 3-бабының 4-тармағына сай Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас және де ол заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну принципiне сәйкес жүзеге асырылады. Бұдан келiп шығатыны, билiк тармақтарының әр бiрiне белгiлi бiр өкiлеттiк берiлген. Республика Конституциясы Парламенттiң, оның Палаталары өкiлеттiгiнiң толық тiзбесiн белгiлейдi және Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жолынан басқа, оларды кеңейтуге рұқсат бермейдi. Бұл норма "Парламенттiң және оның Палаталарының өкiлеттiгiн белгiлейтiн Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-57-баптарын ресми түсiндiру туралы" Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы
15 қазандағы N 17/2 қаулысында баяндалған. Демек, өзiнiң конституциялық өкiлеттiгiнен келiп шығып, Парламент мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының лауазымды тұлғаларын оның (Парламенттiң) құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ғана қажеттi түсiнiктер беруге мiндеттеуге хақылы.
Қабылданған заң кесiмiнiң 8-тармағы арқылы қолданыстағы Конституциялық заңның 19-бабының 3-тармағы "Республика Президентi Парламент қабылдаған заңның Конституцияға сәйкестiгi туралы Конституциялық Кеңеске жүгiнетiн жағдайларды қоспағанда." деген сөздермен толықтырылды. Бұл ереже Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына кереғар, өйткенi оған сай Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн тек Республика Президентiнiң өтiнiшi бойынша ғана емес, Сенат пен Мәжiлiс Төрағаларының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiштерi бойынша да қарайды, ол да сондай-ақ заңға қол қою мерзiмiнiң тоқтата тұрылуына әкеп соқтырады.
Осылайша, қаралып отырған Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi және Конституцияның 74-бабының 1-тармағына сай оған қол қойылмайды және күшiне енгiзiлмейдi.
Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 2-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Республика Парламентi 2001 жылғы 18 қазанда қабылдаған, "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Конституциялық заң конституциялық емес деп танылсын.
2. Аталған Заңға, Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 1-тармағына сай, қол қойылмайды және ол күшiне енгiзiлмейдi.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Қазақстан Республикасы Конституциясының
52-бабының 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы
1-тармағының 4) тармақшасын және 74-бабының
3-тармағын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 19/2 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев, Ж.Д. Бұсырманов,
А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан құрамда, мыналардың:
өтiнiш субъектiсiнiң өкiлдерi – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Х.Д. Көшқалиевтiң және Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi аппаратының Заң шығару және мониторинг орталығының директоры Қ.Т. Жақыпбаевтың;
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесi В.К. Фоостың;
Қазақстан Республикасы Әдiлет вице-министрi
А.Н. Котловтың қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы
1-тармағының 4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшiн қарады.
Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар – Конституциялық Кеңестiң мүшелерi А. Есенжанов пен А.К. Котовты, отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
2001 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының
4) тармақшасын және 74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiшi келiп түстi.
Өтiнiш субъектiсi бұл ретте мынаны түсiндiрiп берудi сұрайды:
1) Конституцияның 52-бабы 1-тармағының ережесi саяси партия тiзiмiнiң негiзiнде сайланған Парламент депутаты өз өкiлеттiгiн орындауы кезiнде депутаттың позициясына ықпал ету үшiн саяси партияға кедергi болып табыла ма? Партиялық тiзiм негiзiнде сайланған депутатты оның позициясы партияның саяси бағытынан алшақ болуына байланысты партия мүшелiгiнен шығару депутаттың өкiлеттiгiн тоқтатуға апарып соқса, Конституцияның осы нормасын бұзу ретiнде қаралуы мүмкiн бе?
2) Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабы
1-тармағының 4) тармақшасында жазылған "Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi" деген тұжырым Конституциялық Кеңестiң кеңейтiп түсiндiру құқығын және Конституцияда тiкелей жазылмаған нормаларды жасайтын түсiнiк беру мүмкiндiгiн көздей ме?
3) Қазақстан Республикасы Конституциясы 74-бабының
3-тармағында көзделген Конституциялық Кеңестiң шешiмi "түпкiлiктi" дегенде ненi түсiну керек? Конституциялық Кеңес Конституцияның белгiлi бiр нормасы бойынша жаңа шешiм қабылдауы мүмкiн бе?
Өтiнiште атап көрсетiлгенiндей, бұл сұрақтарды түсiндiру қажеттiлiгi Конституцияның жоғарыда аталған нормалары мен Конституциялық Кеңестiң қолданыстағы 1997 жылғы 16 мамырдағы N 11/2 мен 23 мамырдағы N 12/2 және 2001 жылғы 17 мамырдағы
N 7/2 үш қаулыларын қолданудағы қиыншылықпен анықталады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 1 және 5-тармақтарын, 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын және
74-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру кезiнде, Конституциялық Кеңес мыналарды ескердi:
1. Конституцияның 72-бабы 1-тармағының
4) тармақшасында Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi "Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi" деп көзделген.
Сол арқылы Конституция өзiнiң iшiндегi нормаларға ресми түсiндiрме беру үшiн Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне айрықша құқық бердi.
Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру дегенiмiз, Конституциялық Кеңестiң конституциялық нормалардың мазмұны мен мағынасын анықтауы және түсiндiруi. Ол, конституциялық нормалардың кейбiрiне дерексiздiк пен арнайы терминология тән болғандықтан, сондай-ақ Конституцияның жекелеген ережелерiн өтiнiш субъектiлерi анық қабылдай алмауына және оларды қолдану практикасында қайшылықтар туындауынан келiп шыққан.
Конституцияның нормаларын ресми түсiндiре отырып, Конституциялық Кеңес тәуелсiз болады және тек Конституцияға ғана бағынады. Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме беру құқығынан, Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң, Конституциялық Кеңестiң түсiндiру нысаны болған нормалардың заңдық күшiне тең, заңдық күшi келiп шығады. Конституциялық құқықтың нормалары, Конституцияның 4-бабының 1-тармағымен Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықтың қайнар көзi болып танылған, Конституциялық Кеңестiң тиiстi қаулыларының ережелерiмен бiрге қолданылады. Конституциялық норманың тоқтата тұрылуы, жойылуы немесе өзгертiлуi Конституцияның нормасын ресми түсiндiру жөнiндегi Конституциялық Кеңестiң тиiстi қаулысының тоқтата тұрылуына, жойылуына немесе өзгертiлуiне әкеп соқтырады.
Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру – бұл нормативтiк түсiндiру, оны Конституциялық Кеңес Конституция нормаларының мазмұнынан үзiндi алып, анықтаудың түрлi тәсiлдерi көмегiмен Конституция нормаларының сөзбен берiлген мағынасына сәйкес бередi. Түсiндiрудiң көлемiн алдын-ала белгiлеу мүмкiн емес, Конституциялық Кеңес Конституция нормаларын ресми түсiндiрудiң ғылыми заңдық әдiстерiн таңдауда тек Конституцияның өзiне ғана тәуелдi. Конституция нормаларының, оның жалпы ережелерiмен және принциптерiмен қисынды түрде байланыстылығы мен қабаттастығы назарға алынады. Конституциялық Кеңестiң нормативтiк түсiндiрулерi, Конституция нормаларын тек өтiнiш субъектiлерiнiң мәселелерi бойынша ғана түсiндiруге жағдай жасай отырып, бұл нормалардың мағыналық түсiндiрмесiн тiкелей конституциялық реттеу үшiн толықтыра түседi. Бұл орайда Конституциялық Кеңестiң, Конституцияның нормаларынан келiп шығатын, құқықтық позициясы Конституцияның өзiне сәйкес келедi.
Конституцияның мазмұнынан, онда жазылған нормалардан, жалпы ережелер мен принциптерден тiкелей келiп шықпайтын ұйғарымдарды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жасамайды. Конституцияның нормаларын түсiндiре отырып, Кеңес конституциялық реттеу нысанының шегiнен шығып кетпейдi.
2. Конституция 74-баптың 3-тармағында Конституциялық Кеңес шешiмдерiнiң жалпыға бiрдей заңдық күшiн баянды етiп, күшiне енуiнiң кiдiрiссiз тәртiбiн белгiлейдi.
Конституциялық Кеңес шешiмiнiң түпкiлiктiлiгi оның заңдық күшiнiң ажыралмас қасиетi болып табылады, ол қорытынды қаулы қабылдау арқылы конституциялық iс жүргiзудiң қисынды түрде аяқталғанынан айғақ бередi. Конституциялық Кеңес шешiмiнiң түпкiлiктiлiгi оның сол бәз-бiр себеп бойынша өтiнiш беру субъектiсi үшiн, сондай-ақ сөзсiздiгiне меңзейдi, өйткенi Конституцияның
74-бабы 3-тармағына сай, Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi "шағымдануға жатпайды". Бұл, шешiмге шағымдануға ешкiмнiң құқығы да, ондай саты да жоқ, дегендi бiлдiредi. Сонымен бiрге, ерекше жағдайларда конституциялық құқықтың нормаларында Конституциялық Кеңестiң өзi үшiн, қолданыстағы қаулыны қайта қарау немесе оны түсiндiру жөнiнде қосымша қаулы қабылдау мүмкiншiлiгi жоққа шығарылмайды.
Конституциялық Кеңестiң қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келмеуге тиiс. Конституциялық Кеңестiң қаулыларында баяндалған құқықтық позициялардың күшi, Кеңес конституциялық емес деп тапқан заңдық нормаларды қайта қабылдау арқылы еңсерiлмейдi.
Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру туралы Конституциялық Кеңестiң қаулылары Қазақстан Республикасының аумағында барлық мемлекеттiк өкiмет, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, лауазымды тұлғалар, азаматтар мен олардың бiрлестiктерi үшiн мiндеттi.
Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толығымен немесе бiр бөлiгiне, Конституцияның 73-бабы 4-тармағына сай, Республика Президентi қарсылық бiлдiруi мүмкiн. Қарсылық шешiмнiң мәтiнiн ол алған күннен бастап он күндiк мерзiм iшiнде бiлдiрiледi, бұл Конституция мызғымастығының кепiлi ретiнде Республика Президентiнiң тез арада шара қолдану қажеттiгiнен туындайды. Конституциялық Кеңес Президенттiң қарсылығын Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсеруге хақылы.
Бұндай жағдайда Конституциялық Кеңестiң қаулысы заңдық
күшiн сақтайды.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 40-бабына сәйкес, Конституциялық Кеңес өзi қабылдаған шешiмдердi орындау тәртiбiн белгiлеуге хақылы. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар, Конституциялық Кеңес белгiлеген мерзiм iшiнде, Конституциялық Кеңестiң шешiмiн орындау бойынша қабылданған шаралар туралы оған хабарлауға мiндеттi.
Конституциялық Кеңестiң Конституцияның сол бәз бiр нормасы бойынша жаңа шешiм қабылдауы өзге мәселеге, өтiнiш субъектiсiнде басқа жағдайда белгiсiздiк туындауына, сол бәз бiр конституциялық норманың нақты нұсқауын немесе нұсқауларын қолдану немесе орындауға байланысты болуы мүмкiн.
Конституцияның сол бәз бiр нормасы бойынша Конституциялық Кеңестiң жаңа қаулысы, осы конституциялық нормаға қатысты бұдан бұрынғы қаулыға кереғар болмауға тиiс. Бұндай қаулы Конституцияның осы нормасын ресми түсiндiру жөнiндегi Конституциялық Кеңестiң бұдан бұрынғы қаулысының құқықтық позициясын толықтыруы және дамытуы мүмкiн.
Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасы және 74-бабының 3-тармағы тиiсiнше Конституциялық Кеңестiң Конституция нормаларына ресми түсiндiрме беру құқығын және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi шешiмдерiнiң нормативтiк сипатын баянды етедi.
Баяндалғанның негiзiнде, және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 1-бабын, 17-бабы 3-тармағының
1) тармақшасын, сондай-ақ 32, 33, 37-баптарын және 41-бабы
1-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы
1-тармағының 4) тармақшасы, Конституцияның нормаларын ресми түсiндiру құқығы тек Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне ғана берiлгенiн бiлдiредi.
Конституция нормаларының мазмұнын түсiндiре отырып, Конституциялық Кеңес, олардың сөзбен берiлуiн, Конституция нормаларының оның жалпы ережелерi мен принциптерiмен қисынды түрде байланысуын және қабаттасуын ескередi.
2. Конституцияның 74-бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң шешiмдерi жалпыға бiрдей заңдық күшке ие және кiдiрiссiз күшiне енедi дегендi бiлдiредi.
Конституциялық Кеңес шешiмiнiң түпкiлiктiлiгi - бұл шешiмнiң заңдық күшiнiң ажыралмас қасиетi, ол өтiнiш келiп түскен мәселеге байланысты қорытынды қаулы қабылдау арқылы конституциялық iс жүргiзудiң аяқталғанынан айғақ бередi. Өтiнiш субъектiлерiнiң оған шағымдану мүмкiндiгi Конституцияда көзделмеген.
Конституциялық Кеңестiң сол бәз бiр Конституция нормаларын түсiндiру мәселелерi жөнiндегi қаулылары бiр-бiрiне кереғар болмауға тиiс.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес, осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
4. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы
7) тармақшасын ресми түсiндiру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң
2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 16-17/3 қаулысы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, құрамында Төраға Ю.А. Хитрин, Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев,
Ж.Д. Бұсырманов, А. Есенжанов, А.К. Котов, Қ.Ә. Омарханов және В.Д. Шопин қатысқан, мына өкiлдердiң:
Өтiнiш субъектiсiнiң – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты В.Б. Косаревтiң,
Республика Әдiлет министрлiгiнiң – Әдiлет вице-министрi Н.В. Белоруковтың,
Республика Сыртқы iстер министрлiгiнiң - халықаралық-құқық департаментiнiң халықаралық шарттар бөлiмi бастығының мiндетiн атқарушы А.Қ. Кинжебаеваның, халықаралық-құқық департаментi халықаралық-құқық проблемалары бөлiмiнiң референтi
Н.Ш. Мұқаевтiң қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру жөнiндегi өтiнiштерiн қарады.
Қолда бар материалдарды зерделеп, баяндамашылар – Кеңес мүшелерi Н.I. Өкеев пен Қ.Ә. Омархановтың және отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
АНЫҚТАДЫ:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне
2001 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасы Конституциясының
54-бабы 7) тармақшасына ресми түсiндiрме беру жөнiндегi екi өтiнiшi келiп түстi.
Өтiнiш беруге, Республика Үкiметi "Дүниежүзiлiк пошта одағының Жарғысына Бесiншi қосымша хаттаманы бекiту туралы" және "Дүниежүзiлiк пошта одағының Жарғысына Алтыншы қосымша хаттаманы бекiту туралы" заңдардың жобасын, сондай-ақ "Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысы мен Конвенциясына түзету құжаттарын бекiту туралы" заңның жобасын Республика Парламентi Мәжiлiсiне қарауға енгiзуi себеп болған.
Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 27 тамызда Дүниежүзiлiк пошта одағының Жарғысына (бұдан әрi – ДПО Жарғысы), ДПО-ның төрт қосымша хаттамасына және өзге де құжаттарына, ал 1994 жылғы 28 шiлдеде - Халықаралық электр байланысы одағының Жарғысы мен Конвенциясына (бұдан әрi – ХЭО Жарғысы мен Конвенциясы) қосылды. Бұл халықаралық құжаттар Республика Парламентiнде бекiту рәсiмiнен өтпеген.
Өтiнiште атап көрсетiлгенi, заңдардың жобаларын талқылау барысында жоғарыда аталған халықаралық актiлердi бекiтудiң мүмкiндiгi туралы мынадай: олар бекiтуге жатпайды, өйткенi негiзгi құжаттар – ДПО Жарғысы және ХЭО Жарғысы мен Конвенциясы – бекiтiлмеген; оларды заңмен бекiту мүмкiн; Үкiмет актiлерiн қабылдау жеткiлiктi, деген әртүрлi жорамал айтылған.
Баяндалғанды ескерiп, Парламент депутаттары өздерiнiң өтiнiштерiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасына жоғарыда аталған жағдайға қатысты қолданыста түсiндiрме берудi сұрайды.
Өтiнiштерде Республика Конституциясының сол бәз бiр нормаларын сол бәз бiр мәселелер бойынша түсiндiру туралы сөз болатындықтан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 26-бабы 2-тармағына сай өтiнiштер бiр iс жүргiзуге бiрiктiрiлдi.
Республика Конституциясының нормаларын және конституциялық iс жүргiзу материалдарын талдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны ескердi.
Республика Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Республиканың халықаралық шарттарын бекiту және олардың күшiн жою Парламенттiң өкiлеттiгi болып табылады. Одан тыс, Конституцияның 54-бабы бұл аталған құқықты жүзеге асыру тәртiбiн көздейдi – Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, ал содан кейiн Сенатта өз кезегiмен қарау арқылы Республиканың халықаралық шарттарын бекiтедi және олардың күшiн жояды.
Бекiтуге жататын халықаралық шарттардың тiзбесi мен оларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеуге келер болсақ, Конституцияда ол жөнiнде қандай да болсын норма жоқ.
Басқа бiр, "Қазақстан Республикасы Конституциясының
4-бабы 3-тармағын ресми түсiндiру туралы" 2000 жылғы
11 қазандағы N 18/2 қаулыда Конституциялық Кеңес сондай-ақ, халықаралық шарттар Конституцияға сәйкес болуға тиiс, және оларды жасасу тәртiбi заңдармен белгiленедi, ал бекiту заңмен белгiленген жағдайларда Республика Парламентiнiң тиiстi заң қабылдауы арқылы жүзеге асырылады, деп түсiндiрген болатын.
Осылайша, Республика Конституциясының 54-бабы
7) тармақшасы, өтiнiш нысанына қатысты қолданыста, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бекiту жөнiндегi өкiлеттiк Республика Парламентiнiң төтенше құзыры болып табылады дегендi бiлдiредi. Бекiтуге жататын шарттардың тiзбесi мен бекiтудi жүзеге асыру тәртiбi заңдармен белгiленедi. Бекiту және күшiн жою туралы заңдардың нормаларын қолдану барысында туындаған нақты жағдайларды бағалау, және олар бойынша шешiм қабылдау Парламенттiң құзырына жатқызылған. Конституциялық Кеңестiң өкiлеттiгiне бұл кiрмейдi.
Баяндалғанның негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 1-тармағының 4) тармақшасын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 17-бабы 3-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы
7) тармақшасы, өтiнiш нысанына қатысты қолданыста, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бекiту Қазақстан Республикасы Парламентiнiң құзыретiне жатады дегендi бiлдiредi. Бекiтуге жататын халықаралық шарттардың тiзбесi мен бекiтудi жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
Қазақстан Республикасының Парламентi Республиканың халықаралық шарттарын бекiту және олардың күшiн жою туралы мәселелердi дербес түрде шешедi.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабы
3-тармағына сәйкес осы қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi және шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тiлдерiнде жариялансын.
Достарыңызбен бөлісу: |