55-бап Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы
Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату,
олардың анттарын қабылдау;
2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын
және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын
оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөніндегі құқығынан айыру;
4) 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен алып тасталды
5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша
болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау
жөніндегі функцияларын орындау;
6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге
асыру.