2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен
сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта
сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi
аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi.
3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы
тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын
тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы
он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға
толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш
жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған
адам Мәжіліс депутаты бола алады.
5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.
6. Парламенттiң депутаты Қазақстан халқына ант бередi.
Достарыңызбен бөлісу: