Қазақстан Республикасының Конституциясы


-бап .  Салық төлеушілер



Pdf көрінісі
бет118/129
Дата12.04.2022
өлшемі1,31 Mb.
#138962
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   129
Байланысты:
kz-konstituciyasy

394-бап

Салық төлеушілер
1. Мыналар: 
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе 
оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар; 
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі 
бар дара кәсіпкерлер; 
3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу 
объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлік салығын төлеушілер 
болып табылады. 
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде 
салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын 
дербес төлеуші деп тануға құқылы. 
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай 
тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 
қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше мүлік салығын дербес төлеуші деп 
танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық 
бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан 
кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 
3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушілер мүлік салығын осы тарауда 
заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді. 
4. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып 
табылмайды: 
1) өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде 
тікелей пайдаланатын, меншік құқығында бар салық салу объектілері бойынша бірыңғай 
жер салығын төлеушілер. 
Өз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей 
пайдаланбайтын салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын 
төлеушілер мүлік салығын осы бөлімде белгіленген тәртіппен төлейді; 
2) мемлекеттік мекемелер; 


3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу 
мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары; 
4) діни бірлестіктер. 
Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға
сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық 
төлеушiлер болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет