көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін айлық есептік
көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салықты есептейді.
Осы тараудың ережесі салық төлеушілер осы Кодекстің 73-бабына
сәйкес салық
есептілігін табыс етуді уақытша тоқтата тұру кезеңінде оларға қолданылмайды.
3. Тірек-қимыл мүшесі бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер
жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстің 135-бабы 3-тармағының
шарттарына сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтік салықты есептейді.
4. Шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара
кәсіпкерлер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 445-бабында белгіленген.
5. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде
арнаулы салық режимін
қолданатын төлеушілер үшін әлеуметтік салық ставкалары осы Кодекстің 61-тарауында
белгіленген.
Достарыңызбен бөлісу: