кезінде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстің 241-бабында көзделген қосылған құн
салығын төлеу шотының есебіне жатқызу жүргізілмейді.
3. Есепті салық кезеңінің соңында өсетін қорытындылар
декларациясы бойынша
қалыптасқан, есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы
сомасының асып кетуі нөлдік ставка бойынша салынатын айналымдар бойынша, егер бір
мезгілде мынадай талаптар орындалса:
1) қосылған құн салығын төлеуші нөлдік ставка бойынша салық салынатын тауарлар
өткізуді, жұмыстар орындауды, қызмет көрсетулерді тұрақты жүзеге асырса;
2) нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған және декларацияда
ол бойынша қосылған құн салығының асып кеткенін қайтару туралы талап көрсетілген
салық кезеңі ішінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналым
өткізу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70 процент құрайтын болса,
қайтарылуға жатады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында
көзделген нөлдік ставка бойынша салық
салынатын тауарлар өткізуді, жұмыстар
орындауды, қызмет көрсетулерді тұрақты өткізуге жатқызу өлшемдерін белгілеуді және
мынадай:
1) осы баптың 3-тармағында белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда, нөлдік
ставка бойынша салық салынатын айналымға байланысты;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының
екінші бөлігінде көзделген
қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау тәртібін
белгілейді.
355-бап
. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының
резидент заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын
резидент емес заңды тұлғалар;
5) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес тұрақты
мекеме құруға әкеп соқпайтын, филиал немесе өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын
резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Резидент заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық
бөлімшесін осындай
құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне табыстар түрінде төленетін (төленуге
жататын) жұмыс берушінің шығыстары бойынша әлеуметтік салық төлеуші деп тануға
құқылы.
Бұл ретте резидент заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою
осындай шешім қабылданған тоқсаннан кейінгі тоқсанның басынан бастап қолданысқа
енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше әлеуметтік салық төлеуші деп танылса,
резидент заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің
құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімшенің құрылған тоқсаннан кейінгі
тоқсанның басынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша дербес әлеуметтік салық төлеуші деп
танылған құрылымдық бөлімшелер осы Кодекстің 19-тарауының мақсаты үшін жеке
табыс салығы бойынша салық агенттері болып танылады.
3. Мемлекеттік органның шешiмi бойынша оның құрылымдық
бөлiмшелерi және
(немесе) аумақтық органдары өздерiне бағынысты мемлекеттік мекемелер үшiн төленуге
жататын әлеуметтiк салықты төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi
және (немесе) аумақтық (төмен тұрған) органдары өздерiне бағынысты мемлекеттік
мекемелер үшiн әлеуметтiк салықты төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
Осы бапта белгiленген тәртiппен әлеуметтiк салық төлеушiлер деп танылған
мемлекеттік мекемелер осы Кодекстiң 19-тарауының мақсаттары үшiн жеке табыс салығы
бойынша салық агенттерi болып танылады.
Достарыңызбен бөлісу: