осы Заңға сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік
тiркеудi және филиалдар мен
өкiлдiктердi есептiк тiркеудi;
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізуді;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу
жөніндегі қызметке әдiстемелiк басшылық жасауды;
Әдiлет министрлігі аумақтық органдарының осы
Заң талаптарының орындалуын
бақылауды;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу
мәселелерi жөніндегі өзiнiң аумақтық органдарының iс-қимылына
шағымдарды қарауды
жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заң актілерінде
көзделген жағдайларда,
бақылау және
қадағалау міндеттері жүктелген мемлекеттік органдарға
олардың сұратуы бойынша
ақпарат беруді жүзеге асырады;
осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде
көзделген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: