2-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудiң және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеудің мақсаттары Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу:
заңды тұлғаның құрылу, қайта тіркелу, құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер
мен толықтырулардың тіркелу, қайта ұйымдастырылу және қызметінің тоқтатылу,
сондай-ақ филиалдар мен өкiлдiктердiң құрылу, есептік қайта тіркелу, құжаттарына
енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тіркелу және қызметiнің тоқтатылу фактiсiн
куәландыру;
Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта тіркелген, қайта
ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды, сондай-ақ құрылған,
есептік қайта тіркеуден өткен және өз қызметін тоқтатқан филиалдар мен өкiлдiктердi
есепке алу;
Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiн жүргізу;
заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы жалпыға қолжетімді
ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда)
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өткізу мақсатында
жүзеге асырылады.