8-бап. Құрылтай құжаттарының мазмұны
Заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық
нысанына қарай Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген деректер болуға тиiс.
Филиал (өкілдік) туралы ережеде филиалдың (өкілдіктің) атауы, орналасқан жері
(банк филиалының бір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана шегінде
орналасқан барлық үй-жайларының мекен-жайы), қызметінің нысанасы, басқару тәртібі
және басшысының құзыреті, сондай-ақ филиалды (өкілдікті) құрушы заңды тұлғаның
атауы, орналасқан жері, қызметінің нысанасы, оны мемлекеттік тіркеу туралы деректер
қамтылуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |