3) заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру туралы
шешім қабылдаған орган бекіткен, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелері көрсетіле отырып,
бірігу, қосылу, қайта құрылу кезінде - тапсыру актісі, бөліну, бөлініп шығу кезінде -
бөліну балансы және заңды тұлға уәкілетті органының тапсыру актісі мен бөліну
балансын бекіту туралы шешімі;
4) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылғаны туралы кредиторлардың жазбаша
хабардар етілгенін растайтын құжат;
5) қайта ұйымдастырылған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны үшін бюджетке
тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат беріледі.
Қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, жаңадан пайда
болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап заңды тұлға қайта
ұйымдастырылды деп есептеледі.
Бірігу, бөліну, қайта құрылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-
сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталуға тиіс (Бизнес-сәйкестендіру
нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тастау оған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны
туралы мәліметтер енгізу арқылы жүргізіледі), бұл жөнінде жаңадан құрылатын заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта көрсетіледі.
Қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің
ұлттық тізілімінен алып тасталуға тиіс (Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық
тізілімінен алып тастау оған заңды тұлға қызметінің тоқтатылғаны туралы мәліметтер
енгізу арқылы жүргізіледі), бұл жөнінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық
тізілімінен алып тастау туралы бұйрықта не қайта ұйымдастырылған заңды тұлға
қосылған заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу, оның құрылтай құжаттарына енгізілген
өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу кезінде көрсетіледі.
Табиғи монополиялар субъектілері қайта ұйымдастырылған кезде тіркеуші органға
табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге
асыратын уәкілетті органның келісімі ұсынылады.
Қайта ұйымдастыру жолымен құрылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу осы
Заңның 9-бабында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: