94
Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу
жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496
бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына
арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу
бағдарламасымен (оқыту қазақ тілінде) жүзеге асырылады.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында
гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу;
ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру;
көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы
мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау,
жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу
дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр,
кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай,
салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады.
Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География»
пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып,
жүзеге асыру көзделеді.
Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру
деңгейінде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға бөлінген апталық оқу
жүктемесінің көлемі әртүрлі (28-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: