Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет62/416
Дата30.01.2022
өлшемі4,56 Mb.
#116159
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   416
2)
 
балаларға: 

 
физикалық аман-саулықты

 
әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттілікті

 
когнитивтік және қарым-қатынас дағдыларын дамытуды

 
таным мен зерттеуге деген жоғары ішкі мотивацияны дамытуды; 

 
бастамашылықты, дербестікті және жауапкершілікті дамытуды

 
өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсетуді

 
өз бетінше саналы таңдау жасай білуді

 
командада жұмыс істей білуді; 

 
сын тұрғысынан ойлауды дамытуды; 

 
креативтілікті қолдауды; 

 
психологиялық-педагогикалық қолдауды  қамтамасыз етуге
3) 
ата-аналарға:
 

 
білім беру процесінің қатысушылары болуға; 

 
баланың  психикалық  және  физикалық  денсаулығын  сақтауды 
қамтамасыз етуге; 

 
баланың жеке мүмкіндіктерін дамытуға; 

 
көрсетілетін  білім  беру  қызметтерінің  сапасына  қанағаттану  деңгейін 
арттыруға; 

 
үйде  баланың  толық  дамуы  үшін  жағдай  жасауда  консультациялық 
көмек алуға мүмкіндік береді. 
Өтпелі  тақырыптар  үлгісі,  перспективалық  жоспар  үлгісі,  циклограмма,  
жас ерекшелігі бойынша күн тәртібінің үлгісі жыл бойы www.rc-dd.kz сайтында 
қолжетімді болады.  


41 
 
Мектепалды  даярлық  сыныптары  білім  беру  қызметін  Мектепке  дейінгі 
тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына;  Мектепке 
дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  жоспарларына;  Мектепке  дейінгі 
тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына  сәйкес жүзеге асырады. 
Мектепке  дейінгі  ұйымдар  қызметінің  үлгілік  қағидаларына  сәйкес 
жалпы  білім  беретін  мектептердің  мектепалды  даярлық  сыныптарында  оқу 
процесі  
1  қыркүйектен  бастап  25  мамырға  дейін  жүзеге  асырылады  (Мектепке 
дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасының  мазмұнын  іске 
асыру кезеңі).   
Оқу  жылы  ішінде  1-сыныптың  каникул  кезеңіне  сәйкес  каникул 
белгіленеді.  
Тәрбиелеу-білім 
беру 
процесі 
өтпелі 
тақырыптар 
негізінде 
перспективалық  жоспарға,  циклограммаға,  тәрбиеленушілер  жетістіктерінің 
мониторингіне (бастапқы, аралық, қорытынды), стандарт, үлгілік оқу жоспары, 
бағдарлама және басқа нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады. 
Ұйымдастырылған  оқу  қызметін  өткізуге  қойылатын    негізгі  талап  -
санитарлық-гигиеналық  талаптарды  сақтай  отырып,  рұқсат  етілген  көлем  мен 
ұзақтықты қамтамасыз ету. 
Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес  апталық  оқу  жүктемесінің  көлемі  – 
ұзақтығы – 25-30 минуттан 20 сағатты құрайды. 
Үлгілік  оқу  жоспарына  сәйкес  мектепалды  даярлық  үшін  вариативтік 
компонент  қарастырылған.  Вариативтік  компонентті  анықтауда  өңірлік  
ерекшеліктер,  балалардың    қызығушылықтары,  ата-аналардың  тілектері    мен 
білім беру ұйымы қызметінің бағыты және т. б. ескеріледі. 
Оқыту  орыс  тілінде  жүргізілетін  мектепалды  даярлық  сыныптарында 
вариативтік  компоненттің  апталық  оқу  жүктемесінің  көлемі  -2  сағатты,  оқыту 
қазақ тілінде жүргізілетін балалар үшін -3 сағатты құрайды. 
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту 
моделіне  сәйкес  педагогтің  міндеті  –  сабақ  барысында 
балалардың  қызығушылықтарын  ескеру,  әр  баламен 
сөйлесу.  Сабақ    түрлерін  педагог  таңдауы  тиіс.  Бала 
өзінің әлем туралы жеке түсінігін қалыптастыру құқығы 
мен  мүмкіндігі  бар  оқуға  белсенді  қатысушы  ретінде 
қабылдануы қажет.  
Баланың мектепке дайындығы тек бастапқы біліммен ғана емес, сонымен 
қатар  ынтасымен,  талабымен,  құрдастарымен  достық  қарым-қатынас  жасау 
дағдыларын  танытуымен,  дене  дамуымен,  эмоционалдық  көңіл-күйімен 
анықталады. 
Баланы мектепке дайындау кезінде дене, психологиялық, әлеуметтік және 
эмоционалды  дамудың  үйлесімді  тепе-теңдігін  сақтау  қажет.  Баланың 
қауіпсіздігі  мен  денсаулығына  баса  назар  аударылуы  тиіс.  Ол  үшін  қимыл 
белсенділігіне жағдай жасау қажет. 
Сондай-ақ, дамытушы орта ұйымдастыруға назар аудару керек: 
Мектепке дейінгі тәрбие 
мен оқыту педагогі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   416




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет