«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының көрме-байқауының номинациялары: тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кесте, батик, киіз басу, құрақ құрау; ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және жалпақ ою, ағашқа сурет салу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар; бедерлеу (сүйектен, металдан, ағаштан); әйнекті көркемдеп өңдеу: витраж; металды көркем өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын пішінді мүсін, нақыштау, соғу; ағаштан, тастан, саздан (қыш балшық), сабаннан, ағаштан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндер жасау; ұлттық ою-өрнек элементтерімен халық киімінің үлгісін жасау; қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше;
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» техникалық құрастыру саласы бойынша инновациялық идеялар байқауы:
қолданыстағы автокөлік модельдері (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, жол талғамайтын көліктер және эксперименттік модельдер);
өнеркәсіп (техникалық ойыншықтарды, оның ішінде дәстүрлі емес материалдардан жасалған станок жабдықтары, әртүрлі техникалық объектілердің модельдері және эксперименттік модельдерді қоса алғанда);
ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары (тракторлар, комбайндар, сепкіштер, тиегіштер, іріктегіштер, шөмелегіштер, ауыл шаруашылығы кешендерінің модельдері, эксперименттік модельдер және т.б.);
әскери техника (танктер, зеңбіректер, бронетранспортерлер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының модельдері, тапаншалар, автоматтар, мылтықтардан басқа және т.б. эксперименттік модельдер);
су көлігі (әуе кемелерінің модельдері, кемелер, яхталар, гидропландар, катерлер, қайықтар, эксперименттік модельдер және т.б.);
құрылыс (тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттар, коттедждер, кешендер, спорт ғимараттары, вокзалдар, порттар, әуеайлақтары, сауда орталықтары және т.б. макеттері);
жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика (ядролық энергетика және жылу физикасы; баламалы және көміртекті емес энергетика; энергия үнемдейтін технологиялар; отынды өндіру және қайта өңдеу; радиоактивті қалдықтарды жою және көму технологиясы және т.б.);
авиация: авиация техникасын әзірлеу саласындағы жобалар мен модельдер (ұшақтар, тікұшақтар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, экраноплан, гидроұшақ, амфибиялар және т.б.);
космонавтика және аэроғарыш техникасы: ғарыш техникасын әзірлеу саласындағы жобалар мен модельдер (зымыран жүйелері, ғарыш станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), ракета құрылысы (ғарыш кемелері, зымырандар
және ілеспелі техника);
«Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауының номинациялары: халық биі және халықтық-стильденген би (әлем халықтарының биі; қазақ биі); заманауи би (эстрадалық би, аралас би);
«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының фестивалі: деректі (ойын емес) кино; ойын киносы; stop-motion-видео; әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеролик; анимациялық кино; музыкалық бейнебаян; телевизиялық сюжет; киножурнал; операторлық жұмыс;
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың слеті:
«Жас өлкетанушы» іздеу-зерттеу жобалары, «Туған өлке соқпақтары»; тарих, география зерттеулерінің тұсаукесері, «Ең керемет туристік өлке» туған өлкенің объектілері; экологиялық экспедиция есебі; экологиялық соқпақ - экологиялық карта;
«Аралас туризм» туристік техника мен тактика, бағдарлау, топография, алғашқы медициналық көмек көрсету, құзға шығу және құтқару жұмыстары элементтерімен кросс-жорық;
Достарыңызбен бөлісу: |