Сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Еңбекке баулу Сабақтың тақырыбы Сабан туралы түсінік. Сабаннан жасалатын жұмыс түрлері



бет1/4
Дата24.04.2017
өлшемі0,55 Mb.
#15183
түріСабақ
  1   2   3   4
1-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Сабан туралы түсінік.Сабаннан жасалатын жұмыс түрлері

Сабақтың жалпы мақсаты

1.) Оқушыларды қолданбалы өнер түрлерімен таныстырып сурет жасауды үйрету және олардың жеке басының қабілетіне байланысты шеберлігін арттыру.
2.) Оқушыларды қолданбалы өнер туралы білімдерін байытып, оларды еңбек сабағына қызықтырып, еңбекке
деген ынтасын арттыру және олардың ой – қиялдарын дамыту.
3.) Оқушыларды әр түрлі халық өнерін бағалауға, сыйлауға, жұмысты таза, ұқыпты істеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

сабаннан жасалған суреттер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Карта


Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

Қызығушылықты ояту

Оқушыға сұрақ: Өнер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Сіздер қазақтың қолданбалы өнердің түрлерімен таныссыздар (оқушылар бірге кітап көрсетіп еске түсіру.)
Олар: - кестелеу,
- оюлап өрнектеу
- киіз басу
- сырмақ сыру
- кілем - алаша тоқу
- сүйек мүсіндеу
- зергерлік
- ағаш ою
- тас қашау
- теріден бұйымдар жасау т. с. с.
Сабаннан сурет жасаудың технологиялық тізбесі
1. Сабанның бұнақтарын кесіп алады
2. Сабанның тақияларын 1 - 1, 5 суға қайнатады
3. Қайнатылған таяқтарды тіліп үтіктейді
4. Таяқшаларды ПВА қолданып жұқа қағазға желімдеп, қайтадан үтіктейді
5. Суретті ақ және түсті қағаздарға түсіріп алады

Жаңа сабақ

Жұмысқа кірісер алдында қауіпсіздік жұмыс ережелерін еске түсіреді.


- қайшыны қалай беру керек?
- қайшыны қалай қолданады?
- үтікпен қалай жұмыс жасайды?
- жұмыс орнын қалай ұйымдастыру керек?
- адам алдында қайшы қалай жату керек?

Сарамандық жұмыс:


- Қазақ халқында бір өнер түрі болмаған ол – бейнелеу.
Не үшін? (Дін иелері тыйым салған)
- Әрине, қолданбалы өнер басқа елде де бар әр халықты өзінің ұлттық мәдениетіне, өміріне, тұрмыстық жағдайына тән қолданбалы өнер түрлері бар.

Халық шеберлерінің таңқаларлық тамаша шығармалары өте көп, олардың асқан дарынды, үлкен өнер иелері болғаны анық.


Ол шеберлер ғасырлар бойы үй тұрмысында қолданылатын әр түрлі бұйымдар жасап, оларды көркемдеп сәндеумен болған. Қиялға бай, үлкен талғаммен өрнектеліп істелінген сол бұйымдардың әдемілігіне, шебер жасалғанына қазір де қарап көз тоймайды (суреттерді көрсету – солар арасында Гжель, Хохлома...)
Мысалы, тәжік кілемдері, әзірбайжан кестелері, кубачи күміс ыдыстары, Гжельдің форфор бұйымдары, Палехтің кішкентай суреттері, т. с. с. бүкіл әлемге белгілі. Осындай қолданбалы өнердің бір түрі – сабаннан сурет жасау.


Ой толғаныс

Сабаннан сурет жасаудың әр түрлі әдісі бар. Қазір үйренетін әдіс – ең қиыны – күрделі сурет жасауға мүмкіндік береді.
Сабаннан сурет жасаудың технологиялық тізбесі:
Бидай пісіру 7 - 10 күн қалғанда сабанды орып алады

Үйге тапсырма беру.

 Сабан бұтақтарын дайындау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

2-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Сабаннан кілемше тоқу

Сабақтың жалпы мақсаты

Білімділік: оқушыларға кілем туралы толық мағлұмат беру, кілем тоқу түрлерін, әдіс – тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Дайын кілем түрлері.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Арива»



Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар


Үй тапсырмасы

Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

Қызығушылықты ояту

Үй жасауы — кілем» дейді халық. Кілем — жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Осындай қиын да қызықты өнер қазақтың топырағында бұдан мың жылдар бұрын, қарапайым халық өнерпаздарының ой қазынасынан шығып, шебер қолдарымен тоқылатын.

Жаңа сабақ

• Жұмыс киімін киеміз;


• Кергішті үстел бетіне дұрыс орналастыру;
• Қайшыны құрбыңа үшкір жағымен ұсынба;
• Алдымен кергішті алдымызға алып, негізгі жіпті бос тастап, дұрыс отырамыз;
• Тоқылу әдісі кергіш бетінде оңнан солға қарай жүргізу арқылы және солдан оңға қарай жүргізу арқылы орындалады;

Ой толғаныс

Оқушылар бүгін біз кілем туралы толық мағлұмат алдық. Сонымен
• Кілем дегеніміз не?
• Кілем неше түрге бөлінеді?
• Қызылордада қандай кілем түрі жақсы дамыған?
• Кілемде қандай суреттер басым?

Үйге тапсырма беру.

Кілем жасау.

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

3-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Сабаннан аппликация жасау

Сабақтың жалпы мақсаты

білімділігі: Оқушыларды аппликация ұғымымен таныстыру. Аппликацияны бейнелеуге қажетті құралдармен жұмыс жасаудың әдіс - тәсілдерімен таныстырып, бейнелеу іс - әрекеттерін меңгеруге баулу.
тәрбиелігі: Оқушының бейнелі ойлау, қол икемділі қабілеттерін қалыптастырып, жетілдіру. Түс жарасымдылығын, композициялық шешімін табуға баулу.
дамытушылығы: Оқушыларға форма, көлем, түс жайлы түсініктер бере отырып, олардың бейнелеу, безендіру, құрастыру қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер

Түрлі қағаздан, матадан, табиғи материалдан жасалған аппликациялық суреттер,сабан қалдықтары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Карта


Үй тапсырмасы

а) Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу
ә) Күннің жадын белгілеу
б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару

Қызығушылықты ояту

Аппликацияларды көрсету

Жаңа сабақ

Жаңа сабақты түсіндіру


1. «Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Сурет түрінде орындалған аппликация түрі біздің заманымызға дейінгі ертеректе Греция өнерінде пайда болған.
Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі 16 ғасырда Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 - 19 ғ. Россияда жақсы дамыды. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.
Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.
Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі мазмұнда тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.
2. Жасалу жолдары:
a) Орындалатын суретті түрлі түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен ойып алу;
ә) Ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын,
үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен белгілеп алу;
б) Әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу.
3. Өзіндік жұмыс.

Сабаннан апликация жасау



Ой толғаныс

а) «Аппликация» қай елдің сөзі?
ә) Қазақша қандай ұғымды білдіреді? Қалай орындалады?
б) Түрлерін ата
в) Қазақ халқы аппликацияны қайда қолданған?
г) Алғаш қай елде пайда болды?
д) Сәндік аппликация түрлері қайда қолданылады?
(открытка, қабырға газеті, альбом т. б.)

Үйге тапсырма беру.

Жұмысты аяқтау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

4-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Емен ағашы туралы түсінік

Сабақтың жалпы мақсаты

Емен ағашы туралы түсінік.Емен ағашынан жасалатын заттар туралы айту. Ой белсенділігін дамыту.

Көрнекіліктер




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Жеміс-жидектердің суреттері арқылы топтарға бөлемін.


Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

Қызығушылықты ояту

Емен (лат. Quercus, орыс тілінде Дуб ) – шамшат тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. АлматыЖамбылОңтүстік Қазақстан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қоспасы дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олармедицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кемевагонжиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.

Жаңа сабақ

Емен – діңі жуан әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Биіктігі – 40 метр, діңінің жуандығы (диаметрі бойынша) – 2 метрге дейін жетеді. Емен ағашын таулы аймақтардан, Тобыл өзенінің жағалауынан табиғи түрін көруге болады. Еменнен ғана құралған ормандар ТМД елдерінде ғана бар. Ал, қала көгалдандыруда онықала көшелерінен кездестіруге болады. Емен гүлдеп жеміс салады. Жаңғақтан өсіп шыққан емен ашық жерде өссе 20 жылдан кейін, ал орманды жерде өссе 50 жылдан кейін гүлдейді. Қызғылттау келген гүлі көктемде жапырағымен бірге шығады. Бұтақтары кең жайылып өседі. Сондықтан жас көшетін бірден кең орынға егу керек. Еменнің жапырағы мен жаңғағы өте әдемі. Жапырағының жиегі ирек, кесік және түзу түрлері де бар. Түсі қызыл, қоңыр, ашық жасыл. Бойы биіктеген сайын көлемі де ұлғайа түседі. Емен алғашқы уақытта жай өседі, 10 жылдан соң жылдық өсімі 0,6-1 метрге жетеді. Емен биіктігімен қатар жайылып өскенді ұнатады. Кейде бір жыл ішінде жанынан шыққан бұтақтар 2 метрге дейін өседі. Осыған орай, халық арасында «Емен тон киіп өседі» деген сөз бар. Сондықтан оны өзге өсімдіктерге жақын екпеу керек. Емен 800-1000 жылға дейін өмір сүреді.

Ерекше берік болады,

Еменнен болса босағаң.

Еуропада бар емен –

Бір мың жылдай жасаған.



Ой толғаныс

1-топ Сурет салу

2-топ Суретті бояу

3-топ Ермексазбен жұмыс


Үйге тапсырма беру.

Мазмұндау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет