Сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Еңбекке баулу Сабақтың тақырыбы Сабан туралы түсінік. Сабаннан жасалатын жұмыс түрлері



бет2/4
Дата24.04.2017
өлшемі0,55 Mb.
#15183
түріСабақ
1   2   3   4

5-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Емен

Сабақтың жалпы мақсаты

Емен ағашы туралы түсінік.Емен ағашынан жасалатын заттар туралы айту. Ой белсенділігін дамыту.

Көрнекіліктер




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Жеміс-жидектердің суреттері арқылы топтарға бөлемін.


Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

Қызығушылықты ояту

Емен (лат. Quercus, орыс тілінде Дуб ) – шамшат тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. АлматыЖамбылОңтүстік Қазақстан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қоспасы дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олармедицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кемевагонжиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.

Жаңа сабақ

Емен – діңі жуан әрі мықты, биік болып өсетін ағаш. Биіктігі – 40 метр, діңінің жуандығы (диаметрі бойынша) – 2 метрге дейін жетеді. Емен ағашын таулы аймақтардан, Тобыл өзенінің жағалауынан табиғи түрін көруге болады. Еменнен ғана құралған ормандар ТМД елдерінде ғана бар. Ал, қала көгалдандыруда онықала көшелерінен кездестіруге болады. Емен гүлдеп жеміс салады. Жаңғақтан өсіп шыққан емен ашық жерде өссе 20 жылдан кейін, ал орманды жерде өссе 50 жылдан кейін гүлдейді. Қызғылттау келген гүлі көктемде жапырағымен бірге шығады. Бұтақтары кең жайылып өседі. Сондықтан жас көшетін бірден кең орынға егу керек. Еменнің жапырағы мен жаңғағы өте әдемі. Жапырағының жиегі ирек, кесік және түзу түрлері де бар. Түсі қызыл, қоңыр, ашық жасыл. Бойы биіктеген сайын көлемі де ұлғайа түседі. Емен алғашқы уақытта жай өседі, 10 жылдан соң жылдық өсімі 0,6-1 метрге жетеді. Емен биіктігімен қатар жайылып өскенді ұнатады. Кейде бір жыл ішінде жанынан шыққан бұтақтар 2 метрге дейін өседі. Осыған орай, халық арасында «Емен тон киіп өседі» деген сөз бар. Сондықтан оны өзге өсімдіктерге жақын екпеу керек. Емен 800-1000 жылға дейін өмір сүреді.

Ерекше берік болады,

Еменнен болса босағаң.

Еуропада бар емен –

Бір мың жылдай жасаған.



Ой толғаныс

1-топ Сурет салу

2-топ Суретті бояу

3-топ Ермексазбен жұмыс


Үйге тапсырма беру.

Мазмұндау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

6-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Табиғи материалды өндеуде бізді қолдану

Сабақтың жалпы мақсаты

1. Білімдік: табиғи материалдар туралы жалпы түсінік қалыптастыру.    2. Дамытушылық: қол қимылы арқылы саусақтар моторикасының дамуына жағдай жасау.    3. Тәрбиелік: табиғи материалдарды ұқыппен пайдалануға баулып, экологиялық мәдениетін жетілдіру.

Көрнекіліктер

қайың ағашының өңдеуге дайындалған кесіндісі, оны дайындаудың технологиясы көрсетілген плакат, ара,біз

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Карта


Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

Қызығушылықты ояту

Қайың ағашы құрал-сайман, үй жиһаздарын жасауға, жалпы үй шаруашы - лығында материал ретінде кеңінен пайдаланылады. Қайың ағашы және одан жасалатын табиғи материалдардың түрлері, қасиеті мен ерекшелігі, пішін құрастыруға қажетті табиғи материалдары, материалды таңдау және дайындау туралы түсінік беру.

Біріншіден, табиғи материалдан композиция жасауға қажет негізгі және қосымша материалдар туралы түсінік. Пішін жасауға қажетті материал көлемін анықтау (үлкен не кіші, пішіннің динамикалық қимыл бағытын көрсетуге икемдігі және т.б.), материалды өңдеу, әрлеу, үйлестіру, орналастыру, оны орындау реті, бекіту және түрлендіру туралы мағұлматтар беру. Қайыңнан алынатын табиғи маттериалдарға - жапырағы, бұтағы, қабығы, безі, тамыры, тілінін алынған белігі туралы жеке-жеке мағлұмат беру.

Екіншіден, табиғи материалды өңдеу алдында материалмен, құралдармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері, сабақ барысында сақтықпен жұмыс істеу туралы түсінік беріледі.

Үшіншіден, табиғи материалдармен пішін немесе композициялық көрініс жасауда табиғи материалды көріп, тани білу, ағаш немесе бұта сынығы, бөлігі, томары қандай екенін пайымдау (қандай пішін түрін жасауға болатыны), шешім қабылдау мәселелеріне түсінік беріп, оқушылардың шығармашылық қиялының кеңейе түсуіне ықпал ету.

Жаңа сабақ

Сабақтың сарамандық бөлімінде оқушының материалды таңдау, байқау, қажеттісін алып, шаң-тозаңын тазалау, қабығын аршу, өлшеу, кесу, әрлеу, үйлестіру, құрастыру, бекіту, түрлендіру, кептіру, дайын болған бұйымға сын көзбен қарау, орындаған жұмысын түсіндіре білуіне қарай мұғалім оқушының қабілетін, еңбекке деген ынтасын байқайды. Оқушылар еңбектенудің қарапайым тәсілдерін меңгереді, олардың бойында политехникалық таным негізі қалана бастайды.

Сарамандық жұмыста сыпырғыш жасауға қандай материалды пайдалану қажеттігі туралы оқушылармен пікірлесе отырып, оған қажетті материалдар - пышақ, қайшы, ине, жіпті не үшін қолданатынын түсіндіру керек. Пішіні мен сапалық деңгейін оқушылар өз талғамына қарай жасауға тиіс. Оқушылар берілген тапсырманы орындауда топтасып (үш оқушыдан) жұмыс істеуге мүмкіндік беру. Бұл арқылы оқушылар ақылдасып, бірлесіп жұмыс істеуге дағдыланады.

Бізбен жұмыс



Ой толғаныс

«Бізді не үшін қолданамыз?» әңгіме жүргізу

Үйге тапсырма беру.

Біз жасап әкелу

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

7-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Шыбықтардан гүлкөмбеге қоршау дайындау

Сабақтың жалпы мақсаты

Шыбықтардан гүлкөмбеге қоршау дайындау

Тамырланған гүлді ыдысқа отырғызып үйрету. «Бөлме гүлдері» альбом жинақтау. Үйге тапсырма ата - анамен сауалнамаға жауап алу.



Көрнекіліктер

Гүлдердің суреттері,күлкөмбе

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Арива»



Топқа бөлу

Гүлдердің түстеріне сай топтарға бөлініп отырады


Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

Қызығушылықты ояту

Балалар мен бүгін топқа келе жатқанда дәлізден бір гүл тауып алдым, сол гүлді топқа әкелдім.(Қураған гүлді көрсету)
Сендер оның атын білесіңдер ме?
- Қазтамақ
Осы гүл біздің топта бар ма?
Үстел үстіне қойып екінші гүлмен салыстыру.
Балалар салыстырады, қураған гүлге көмек керек екенін айтады.(жері кеуіп қалған жапырақтары қураған)

Жаңа сабақ

Көмектесер алдында есімізге түсірейікші:


- Гүл - өсімдік, ол табиғатқа жатады?
- Тірі табиғатқа жатады.
- Балалар, гүлдер не үшін керек?
- Гүлдер әдемілік үшін керек гүл туған иесіне, мерекеде аналарға сыйлау үшін керек. Гүлдер ауаны тазартады.
Гүлдер қайда өседі?(бейнетаспадан, гүлдердің түрін көрсету)
- Далада, бөлмеде, алаңда, орманда.
Дұрыс, балалар, гүлдер екіге бөлінеді: дала гүлдер, бөлме гүлдері.
- Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?
Топырақ, күннің көзі, су қажет.
- Гүлді балшыққа отырғызуға болама?
- жоқ.
- Балалар, гүлдер қалай қоректенеді екен?
- Гүлдер тамыр арқылы қоректенеді.
- Тамыр не үшін керек?
- Гүлдерді тамыр ұстап тұрады, тамыр арқылы су жібереді.
- Кім гүлдің құрылымын пазламен жинап береді?
(тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі)
Балалар гүлді ыдысқа отырғызып, су құяды.

-Гүлдерді әдемі көрсету үшін қайда орналастырамыз?

-Гүлкөмбеге

-Олай болса бүгін біз гүлкөмбе жасаймыз



Сергіту сәті

Ал балалар тұрамыз, үлкен шеңбер құрамыз
Алға қарай бір адым, артқа қарай бір адым
Билеп, билеп аламыз орнымызды табамыз.

мытпай күнде су құям гүлге
Тұрады гүлім құлпыртып түрін

Үйде тұрып өсетін


Әкеп гүлдің көшетін
Топырақты салдым да
Отырғыздым қалбырға

Үйге тапсырма беру.

Бөлме гүлін отырғызып, оған күнде күтім жасау керек. Гүлдердің пайдасы адамға өте қажет.

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

8-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Желкенді сал жасау

Сабақтың жалпы мақсаты

Желкенді қайықтың үлгісін дайындауға үйрету, қауіпсіздік ережесін сақтауға

үйрету.


Көрнекіліктер

сөзжұмбақ, ғажайып сандық, еңбек туралы жазылған нақыл сөздер, қатырма және

түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы.



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Қане қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

(баяу, шапшаңырақ, өте жылдам).


Топқа бөлу

Карта


Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасы бойынша жасап келген гүлкөмбелеріне шолу жасау

Қызығушылықты ояту

Су жолдарымен жүк тасу үшін сал қолданылады. Оны бөренелерді бір – біріне байланыстыру

арқылы жасайды. Салды кемемен сүйретеді, кейде ол өзен ағысының күшімен де жылжиды. Ал кейбір

салдар сырықтың, ескектің немесе желкеннің көмегімен қозғалады.

Желкенді сал керулі желкенге әсер ететін желдің күшімен қозғалады. Желкен зығыр, мақта,

синтетикалық маталардан жасалады. Ол төртбұрышты немесе үшбұрышты болады.

Желкенді сал жасауға қажетті материалдар мен құрал – жабдықтар: ағаш шыбықтары, қағаз, жіп,

пышақ, қайшы, желім, қылқалам.


Жаңа сабақ

Көрнекілікпен жұмыс.

Тақтаға желкенді қайықтардың және салдың үлгісі ілінеді.

2. Жасалу жолын түсіндіру.

Ұзындығы бірдей ағаш шыбықтарын дайындаймыз. Қабығын аршып, зімпара қағазбен тазалаймыз.

Салды жасау үшін қажетті шыбықтардың екі жақ ұшын жіппен тоқып біріктіреміз. Қағаздан

жасалған желкенді діңгекке шаншып өткіземіз.

Желкенді көтеретін діңгекті сал ортасына орнатып, жіппен жан – жаққа тартып байлаймыз.

3. Жұмысты істеу.

Енді желкенді сал жасауға кірісейік. Ал іске сәт! – деп алып, оған керекті заттарды дайындатамын.



Ой толғаныс

- Сонымен біз не жасадық?(желкенді сал)

- Желкенді сал қандай бөліктерден тұрады екен?

- Салды адамдар не үшін пайдаланады?


Үйге тапсырма беру.

Жұмысты аяқтау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

9-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Сабаннан жасалатын жұмыс түрлері

Сабақтың жалпы мақсаты

Білімділік: оқушыларға кілем туралы толық мағлұмат беру, кілем тоқу түрлерін, әдіс – тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Дайын кілем түрлері.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Арива»



Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар


Үй тапсырмасы

Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.

Қызығушылықты ояту

Үй жасауы — кілем» дейді халық. Кілем — жайсаң төсеніш, ілсең сән. Осындай ел аузына ілінген асыл қасиетін ол әлі де сақтап келе жатқан бағалы зат. Осындай қиын да қызықты өнер қазақтың топырағында бұдан мың жылдар бұрын, қарапайым халық өнерпаздарының ой қазынасынан шығып, шебер қолдарымен тоқылатын.

Жаңа сабақ

• Жұмыс киімін киеміз;


• Кергішті үстел бетіне дұрыс орналастыру;
• Қайшыны құрбыңа үшкір жағымен ұсынба;
• Алдымен кергішті алдымызға алып, негізгі жіпті бос тастап, дұрыс отырамыз;
• Тоқылу әдісі кергіш бетінде оңнан солға қарай жүргізу арқылы және солдан оңға қарай жүргізу арқылы орындалады;

Ой толғаныс

Оқушылар бүгін біз кілем туралы толық мағлұмат алдық. Сонымен
• Кілем дегеніміз не?
• Кілем неше түрге бөлінеді?
• Қызылордада қандай кілем түрі жақсы дамыған?
• Кілемде қандай суреттер басым?

Үйге тапсырма беру.

Кілем жасау.

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер

10-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі:

Еңбекке баулу







Сабақтың тақырыбы

Ыдыс –аяқ түрлері

Сабақтың жалпы мақсаты

а) Сабақтың білімділік мақсаты: Жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру.
ә) дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін, қабілетін, өнерін дамыту.
б) тәрбиелік мақсаты: Дастарқан жабдықтау өнері арқылы эстетикалық талғамын арттыру, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

ыдыстардың түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Би «Қаражорға»



Топқа бөлу

Карта


Үй тапсырмасы

Тест сұрақтары

Қызығушылықты ояту

1) Шай дегеніміз не?
2) Шайдың пайдасы мен зияны?
3) Отаны қай жер?
4) Шайды қалай сақтау керек?
5) Шайды неше минут бұқтырып қоямыз?
6) Шығыс елдеріне шай қай жылдары келе бастайды?
7) Кофе дегеніміз не?
8) Кофені қалай даярлаймыз?
9) Отаны қай жер?
10) Кофе деген сөз қайдан шыққан?

Жаңа сабақ

Асханалық ыдыстар қызметіне қарай бөлінеді: басытқыларға арналған тәрелкелер; бірінші тағамға арналған тәрелкелер; екінші тағамға арналған тәрелкелер; нанға, ұннан жасалған аспаздық тағамдарға және ыстық сусынға арналған ыдыс - аяқтар.


Басытқыларға арналған ыдыстар:
• басытқы салатын тәрелкелер;
• салаттар, тұздалған тағамдар үшін шаршы пішінді ыдыстар;
• селедка салатын ыдыстар;
• салқын тұздықтар, қаймақ құятын ыдыстар.

Бірінші тағамды ұсынуға арналған ыдыстар:


• көже, сорпа құятын ыдыстар;
• сорпа құятын қақпақты ыдыстар.
Екінші тағамды ұсынуға арналған ыдыстар:
• ет, балық, құс тағамдары үшін асханалық кішкене тәрелкелер;
• көкөніс, құс тағамдары үшін дөңгелек үлкен тәрелкелер.

Ыстық сусындарға арналған ыдыстар:


• шай, кофе, какао кішкене тәрелкесі бар шыны аяқ;
шай шығаратын шайнек;
• қайнаған суға арналған шайнек;
• шай ішетін кеселер;
• сүт құйғыш;
• қант салғыш;
Асханалық құралдар негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді.

Негізгі ыдыстар тамақ ішу үшін, ал көмекші құралдар тамақ салу үшін қажет.


Негізгі асханалық құралдар:
• бірінші тағамдарға және басқаларға арналған асханалық қасық;
• шайға, сүт қосылған кофеге арналған шай қасық;
• екінші ыстық тағамдарға (балық тағамдарынан басқа) арналған асханалық шанышқы;
• басытқылар мен салқын тағамдарға арналған шанышқы (асханалық шанышқыдан кішірек);
• десерттік шанышқы – басытқыларға арналған шанышқыдан жіңішке және кішірек;
• ет тағамдарын турауына арналған асханалық пышақ;
• басытқыларға арналған пышақ – асханалық пышақтан кішірек, ал десерттік тағамдарға қойылатын пышақ одан да кішірек болады;


Ой толғаныс

1. Пышақ май жағуға арналған. 2. Тарелка – нан және май жағуға арналған. 3. Қасық (бірінші тағамға арналған). 4. Шанышқы (салқын тағамға арналған). 5. Пышақ (барлық тағамға арналған). 6. Шанышқы ет және салатқа негізгі тағамға арналған. 7. Асханалық пышақ. 8. Сәндік тәрелке. 9. Көже құйатын тәрелке. 10. Десертке арналған қасық. 11. Шанышқы - десертке арналған. 12. Су ішуге арналған стакан. 13. Бокал шампан құюға арналған. 14. Бокал қызыл виноға арналған. 15. Бокал ақ вино құюға арналған.

Үйге тапсырма беру.

Ыдыс-аяқ жасау

Бағалау

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін жапырақтарға жазып, смайликке жапсырады. Плакат стикер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет