Қазақстан республикасының орта



бет89/205
Дата10.06.2022
өлшемі0,92 Mb.
#146343
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   205
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау хат 2021-2022 жыл

Пәннің атауы

Сынып

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу
жүктемесімен)

апталық

жылдық

апталық

жылдық

Жаратылыстану

5

2

68

1

34

6

2

68

1

34

Физика

7

2

68

1

34

8

2

68

1

34

9

2

68

1

34

Химия

7

1

34

1

34

8

2

68

1

34

9

2

68

1

34

Биология

7

2

68

1

34

8

2

68

1

34

9

2

68

1

34

География

7

2

68

1

34

8

2

68

1

34

9

2

68

1

34




«Физика», «Химия», «Биология» және «География» пәндері бойынша оқу бағдарламаларында қарастырылатын зертханалық, практикалық жұмыстар, модельдеу міндетті түрде жүргізілуі тиіс, себебі бұл әрекет білім алушылардың ізденіс дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Демонстрациялық жұмыстардан басқа барлық жұмыстар бағаланады. Демонстрациялық жұмысты орындау үшін мұғалім кез келген ақпарат көзін пайдалана алады.



«Жаратылыстану» оқу пәні
«Жаратылыстану» оқу пәні бастауыш мектепте оқытылған
«Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы. 5-6-сыныптардың білім алушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығының артуына, осы жастағылардың мүмкіндігіне қарай зерттеулер жүргізудің қарапайым дағдыларын, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.
Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады: «Ғылым әлемі», «Ғалам. Жер. Адам», «Заттар және материалдар», «Тірі және өлі табиғаттағы процестер»,
«Энергия және қозғалыс»,«Экология және тұрақты даму», «Әлемді өзгерткен жаңалықтар». Бағдарлама білім алушыларға қоршаған әлемнің көптүрлілігін, табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, тірі және өлі табиғатта болатын табиғи құбылыстар мен процестердің себептері мен салдарын, табиғаттағы нысандар мен процестердің көптүрлілігін жүйелеу принциптерін,
адамның көптеген іс-әрекеті үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретіндей етіп құрылған.
Сабақ уақытында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсінуі үшін алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады.
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 49-кестеде көрсетілген.



  1. кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

5-сынып

2

1

2

2

6-сынып

2

1

2

2



«Жаратылыстану» және «География» пәндері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жөнінде ұсынымдар
Жоспарлау жұмысы. 2021-2022 оқу жылында «Жаратылыстану» және
«География» пәндері бойынша онлайн оқу жағдайындағы жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл бойы жүргізу жолдары ұсынылады.
2021/2022 оқу жылы басталғанға дейін білім алушылардың қашықтан оқу кезіндегі олқылықтарының орнын толықтыру үшін мүғалім өз пәні бойынша олқылықтарды жою мақсатында арнайы жоспар дайындағаны жөн.
Оқу басталысымен білім алушылардың бағдарламаға сай тақырыптар бойынша түсінбеген тұстарын анықтап, сол тақырыптарды қайталау жолдарын қарастырып, олқылықтарды анықтау ұсынылады.
Білім алушылардың білімі мен дағдыларындағы олқылықтар қай деңгейде және қай бөлімдерде екенін анықтап, оны қалай толықтыруға болатынын алдын ала ойластыру қажет.
Мектептер мұғалімдерге білімдегі олқылықтарды анықтауға және оларды жою стратегиясын енгізуге көмектесетін қолданыстағы бағалау тәсілін жасауға күш салуы керек.
Жүзеге асыру жолдары. Оқушының оқу мақсаттарын қай деңгейде білетінін анықтау үшін тесттер, сауалнамалар немесе қарапайым әңгімелесу әдістерін қолдану ұсынылады.
5-6-сыныптардың білім алушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығының артуына, осы жастағылардың мүмкіндігіне қарай зерттеулер жүргізудің қарапайым
дағдыларын, әлем туралы ой-өрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.
«Жаратылыстану» пәнінің мақсаты – оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, «адам-адам», «адам-қоғам», «адам-табиғат» арасындағы қарым-қатынас туралы ғылыми ұғымдар мен дүниені танып білудің әдіс-тәсілдерін меңгерту болып табылады. Осыған орай «Жаратылыстану» пәніне «География», «Биология», «Химия», «Физика» пәндеріне өтпелі пән ретінде 136 сағат берілуі пән тарапынан олқылықтар жіберу мүмкіндігін азайтады. Бағалау барысы негізінен мұғалімдердің күнделікпен жұмысы нәтижесінде беріліп отыр. «Күнделік» арқылы мониторинг қорытындысы республика бойынша қанағаттанарлық. БЖБ мен ТЖБ көрсеткіштерінің жиынтығы ойландырады. Сонымен қатар «Жаратылыстану» пәнінде тәжірибелік жұмыстардың көбі орындалмады, себебі үй жағдайында орындау қиындықтар тудырды.
Жаратылыстану пәні бойынша 5-6-сыныптардағы тәжірибелік жұмыстарды апта соңында қосымша жүргізу арқылы білімдегі олқылықтың орнын толықтыра аламыз.
Табиғаттағы физикалық, химиялық, географиялық заңдылықтарға байланысты 6-сыныпта қарастырылатын тақырыптардың бастапқы түсініктері беріледі. Жаратылыстану ғылымына тек 6-сынып материалдарын игерген соң нақтылы химия, физика, биология, география бағытындағы мазмұны қарастырылмақ.
Жаратылыстану бағытындағы пәндердің зертханалық және тәжірибелік жұмыстарының өз деңгейінде орындалуына көңіл бөлу ұсынылады.
Жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқытуды ұйымдастырудың бірнеше әдістері ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   205




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет