Қазақстан Республикасының Заңы



бет30/31
Дата26.08.2017
өлшемі4,55 Mb.
#28652
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

4) 20-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң шектi бағалары Қазақстан Республикасының өңiрлерiн газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтiк жағдайлары ескерiле отырып, әрбiр облысқа, республикалық маңызы бар қалаға, астанаға жыл сайын бірінші шілдеде жеке белгiленедi.

3. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсу бойынша он бесінші мамырдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тауарлық газды iшкi нарықта көтерме саудада өткiзудiң алдағы жылға арналған шектi бағаларын бекiтедi.»;

5) 24-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.

104. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

5-баптың 18) тармақшасы алып тасталсын.

105. «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 24-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):

1) 7-баптың 2-тармағының 6) және 7) тармақшалары алып тасталсын;

2) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«16-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы көрсетілетінқызметтерге арналған тарифтер

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, көпарналы хабар таратуда теле-, радиоарналарды тарату бойынша көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердi телерадио хабарларын тарату операторлары негiзделген шығындар негiзiнде дербес белгiлейдi.».

106. «Магистральдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 11, 79-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

6-баптың 11) тармақшасы алып тасталсын.

107. «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетiн нарық субъектiлерiнiң инвестициялық қызметi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 4 шiлдедегiҚазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 12, 85-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):



1) 1-баптың 4-тармағында:

2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;

11) тармақшаның қырық сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен ұйымдастырады және өткiзедi.»;

2) 2-бапта:



1 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Заң:

1) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 4-тармағы 1) тармақшасының он бірінші, он алтыншы, он жетінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы - жиырма төртінші абзацтарын, 6) тармақшасының жетінші және он бірінші абзацтарын, 11) тармақшасының жиырма төртінші, жиырма алтыншы - отыз сегізінші, қырық екінші, қырық сегізінші - елуінші абзацтарын;

2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын, 3) тармақшасының екінші - алтыншы, он бірінші - он төртінші және жиырмасыншы абзацтарын, 3-тармағының 2) тармақшасын, 4-тармағы 1) тармақшасының бесінші, он үшінші, отызыншы, отыз үшінші, отыз төртінші және отыз алтыншы абзацтарын, 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 6) тармақшасының алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 7) тармақшасының үшінші, төртінші, он үшінші, он бесінші және жиырма бірінші абзацтарын, 8) тармақшасының екінші - он екінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 9) тармақшасының тоғызыншы және он төртінші абзацтарын, 10) тармақшасын, 11) тармақшасының жиырма бесінші, отыз тоғызыншы - қырық бірінші, қырық үшінші - қырық жетінші, елу бірінші абзацтарын және 12) тармақшасын;

3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 5) және 10) тармақшаларын, 12) тармақшасының үшінші абзацын, 13) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 4-тармағы 1) тармақшасының сегізінші абзацын, 4) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтарын, 7) тармақшасының бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;

«3. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 6) тармақшасының үшінші - алтыншы, тоғызыншы және оныншы абзацтары, 4-тармағы 7) тармақшасының жетінші - он бірінші, он жетінші - жиырмасыншы абзацтары, 8) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.»;

5-тармақ алып тасталсын.

108. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



1) 20-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) қарыз алушының құрылтай құжаттарының көшiрмелерi (заңды тұлғалар үшiн);»;

2) 21-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«6) қарыз алушының өкiлдерiне: сенiмхат негiзiнде;».

109. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

25-баптың 3-тармағының бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, мiндеттi зейнетақы жарналары мәлiмделетiн кірістің 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының жетпіс бес еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.»;

«Адвокаттың, жеке сот орындаушысының, жекеше нотариустың, кәсіби медиатордың, сондай-ақ дара кәсiпкердің өзінің пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өзі дербес айқындайтын табысы мәлiмделетiн табыс болып табылады.».

110. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



1) 3-баптың 3-тармағында:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) қалалық және аудандық деңгейлерде:

тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аудандарындағы, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалалардағы өңірлік палаталардың филиалдары (бұдан әрі - өңірлік палаталардың филиалдары);»;

5) тармақшадағы «өкілдіктері кіреді.» деген сөздер «өкілдіктері;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кіреді.»;

2) 5-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;



3) 11-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Ұлттық палата нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен:

1) арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға қатысады;

2) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы өткізу пункттерінің инфрақұрылымы, оның ішінде сервистік (кедендік) инфрақұрылым объектілерінің жабдықталуын және техникалық жарақтандырылуын (мемлекеттік бақылау органдарының арнайы жабдықтарын қоспағанда), сондай-ақ көрсетілген өткізу пункттерінде шекаралық, кедендік бақылау түрлерін ұйымдастыру үшін қажетті ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды күтіп-ұстауды және жөндеуді қоса алғанда, олардың салынуын (реконтрукциялануын), жұмыс істеуін (пайдаланылуын) инвестицияларды тарту арқылы қамтамасыз етуге қатыса алады;

3) корпоративтік басқарудың практикасын талдауды және қорытуды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсты және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсын ұйымдастырады және өткізеді.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Ұлттық палата:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген кәсіпкерлерді сервистік қолдауды қоса алғанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғаларды және кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық емес қолдау операторының функцияларын жүзеге асырады;

2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген отандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту және ілгерілету жүйесі операторының функцияларын жүзеге асырады;

3) кәсіпкерлерді оқытуды ұйымдастырады, сондай-ақ оларға бизнесті ашу және жүргізу жөнінде консалтингтік қызметтер көрсетеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стандарттар мен техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады және кәсіпкерлердің оларды сақтауын қамтамасыз етеді;

5) кеден ісі саласында қызметтер көрсетуді жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік инфрақұрылымның қазіргі заманғы стандарттарын әзірлеуге қатысады.»;

4) 14-бапта:



бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық палата:»;

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тауардың шығарылуы туралы сертификатты ресімдеуді, куәландыруды, беруді және оның күшін жоюды жүзеге асырады;»;

мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

«15) Кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындайды;

16) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен бланкілердің нысандарына сәйкес тауардың шығарылуы туралы сертификаттардың бланкілерін дайындауды ұйымдастырады.»;

5) 3-тарау мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:



«14-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің функциялары

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру, қамтамасыз ету және қорғау, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүдделерін қорғау мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында және өзге де ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және шет мемлекеттерде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін білдіреді, қорғайды;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарайды;

3) мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

4) олардың әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған мемлекеттік органдарға (лауазымды адамдарға) бұзылған құқықтарды қалпына келтіру үшін шараларға, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделелерінің бұзылуына кінәлі адамдарды жауаптылыққа тартуға қатысты ұсынымдар жібереді;

5) мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдардан (лауазымды адамдардан) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін қозғайтын ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап-арызбен (арызбен) жүгінеді;

7) кәсіпкерлік субъектілерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған өзге де заңды шараларды қолданады.»;

6) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«3. Тиісті облыстардың, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың аудандарында және астанада, сондай-ақ облыстық, аудандық маңызы бар қалаларда өңірлік палатаның филиалдары құрылады.»;

7) 19-баптың 3-тармағында:



5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде съезд белгілеген сатылауға сәйкес, олар үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерлерін бекіткен, осы Заңның 29-бабының 2-тармағында көрсетілген міндетті мүшелік жарналар мөлшерін бекіту;»;

11) тармақшадағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

12) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату туралы шешім қабылдау жатады.»;

8) 21-баптың 4-тармағының 11) тармақшасындағы «бекіту жатады.» деген сөздер «бекіту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:



«12) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өз қызметі туралы есебін қарау және бекіту жатады.»;

9) 26-бапта:



1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Өңірлік палатаның дирекциясын өңірлік кеңеспен келісу бойынша басқарма тағайындайды.»;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Өңірлік палата филиалының директорын өңірлік кеңеспен келісу бойынша өңірлік палата дирекциясы тағайындайды және лауазымынан босатады.»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Өңірлік палатаның дирекциясын тағайындауға қатысты өңірлік кеңес пен басқарма арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, мұндай шешімді төралқа қабылдайды.»;

10) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:



«5-1-тарау. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

27-1-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі

1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге осы Заңда көзделмеген функцияларды жүктеуге ешкiм құқылы емес. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдiң қызметiне қандай да бiр заңсыз араласуға жол берiлмейдi.

2. Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезеңiнде Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктердегi мүшелiгiн тоқтата тұрады.

3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл саяси қызметпен айналысуға құқылы емес.

4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметке кіріскеннен кейін белгіленген тәртіппен бір ай ішінде, осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың үлестерін, акцияларын (акциясын), жарғылық капиталға қатысу үлестерін және пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін өзге де мүлікті өз лауазымын атқару уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуіне болады, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар және тұрғын жайларды мүліктік жалдауға беруге құқылы.

5. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, басқа ұйымдарда ақы төленетін лауазымды атқара алмайды.

27-2-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметінің қағидаттары

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметі:

1) заңдылық;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;

3) объективтiлiк;

4) жариялылық қағидаттарына негiзделедi.

27-3-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді лауазымға тағайындау және лауазымынан босату

1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалатын адам мынадай талаптарға сай келуге:

1) Қазақстан Республикасының азаматтығын иеленуге;

2) жоғары бiлiмi болуға;

3) кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында кемiнде бес жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдi басқарманың ұсынуы бойынша төралқа төрт жыл мерзімге лауазымға тағайындайды.

3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл төралқа шешімімен атқаратын лауазымынан мерзiмiнен бұрын мынадай негіздер бойынша босатылуы мүмкiн:

1) өз қалауы;

2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiби мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi келтiретiн денсаулық жағдайы;

3) осы Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамау;

4) лауазымдық өкiлеттiктерiн бұзуы, атқаратын лауазымда болуымен сыйыспайтын терiс қылықтар жасауы;

5) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі.

4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің өкілеттіктері мынадай:

1) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған;

2) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген;

3) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге қатысты соттың айыптау үкiмi заңды күшiне енген;

4) Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген жағдайларда тоқтатылады.

5. Сол бiр адам қатарынан екi реттен артық Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындала алмайды.

27-4-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің міндеттері

1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз қызметiн жүзеге асырған кезде:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

2) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдануға;

3) өтiнiштердi қарау кезінде объективтілік және бейтараптық танытуға;

4) өзiн қорғау үшін жүгінген кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын жүзеге асыруға кедергi келтiретiн қандай да бiр әрекеттерді жасамауға мiндеттi.

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік белсенділіктің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндамада көрсетілуге жататын, өз қызметі туралы есепті бекіту үшін Ұлттық палатаға жыл сайын ұсынады.

27-5-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметiн ұйымдастыру

1. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдiң қызметiн Ұлттық палата қамтамасыз етедi.

2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің Ұлттық палата жүйесіндегі өзара іс-қимыл тәртібі Ұлттық палатаның жарғысында белгіленеді.»;

11) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«29-бап. Міндетті мүшелік жарналар

1. Съезд бекітетін міндетті мүшелік жарналардың мөлшерін Ұлттық палата жыл сайын 1 шілдеге дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда жариялайды.

2. Міндетті мүшелік жарнаның мөлшерін айқындау мақсатында осы Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері:

1) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алдыңғы есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, айлық есептiк көрсеткiштің есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылда алпыс мың еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi;

2) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алдыңғы есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, айлық есептiк көрсеткiштің есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылда алпыс мың еселенген мөлшерінен асатын және айлық есептiк көрсеткiштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен аспайтын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi;

3) республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алдағы есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын, есепті жылдың алдындағы күнтізбелік жылда айлық есептiк көрсеткiштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен асатын жылдық жиынтық кірісі бар кәсiпкерлiк субъектiлерi болып бөлінеді.

3. Міндетті мүшелік жарналардың мөлшерін бекіту мақсатында съезд осы баптың 2-тармағында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде сатылауды белгілейді.

4. Ұлттық палата міндетті мүшелік жарна бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен мемлекеттік кіріс органы ұсынған мәліметтер негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне есеп шотын шығарады.

5. Кәсіпкерлік субъектілері Ұлттық палата шығарған есеп шоты негізінде ағымдағы жылғы 25 мамырдан, 25 тамыздан, 25 қарашадан кешіктірмей міндетті мүшелік жарналарды тең үлестермен төлейді.

6. Съездің шешімі бойынша есепті кезеңде мүгедектер саны қызметкерлерінің жалпы санының кемінде елу бір пайызын құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылуы мүмкін.»;

12) 32-баптың 9-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын.

111. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 16, 83-құжат):

2-бапта:



3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 18) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын, 13-тармағы 19) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 16-тармағы 19) тармақшасының үшінші және бесінші абзацтарын, 25) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын және 29) тармақшасын;»;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 16-тармағы 19) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».

112. «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



1) 5-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Кредитордың борышкердi банкрот деп тану немесе оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішпен сотқа жүгiнуi үшін борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.»;

2) 12-баптың 11-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Әкімші оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар ретінде қатысқан жағдайда, өз қалауымен тіркеуден шығару туралы өтінішке оңалтуды және (немесе) банкроттықты басқарушылар қызметін жүзеге асырудан өзін шеттету және жаңа кандидатураны таңдау туралы әрбір борышкер бойынша кредиторлар жиналысы хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.»;

3) 13-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«1. Уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысы, осы Заңның 61-бабының 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, борышкердің мүлкінен төленеді, мерзімінің ұзақтығына қарамастан, рәсімді өткізудің бүкіл кезеңіне тіркелген болып табылады.

Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшерін, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшерін және оны төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;

4) 15-баптың 20) тармақшасы алып тасталсын;

5) 26-бапта:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Кредиторлар жиналысының отырысын қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланған төрағалық етуші жүргізеді. Хаттаманы қатысып отырған кредиторлар арасынан сайланатын хатшы жүргізеді. Төраға мен хатшы қарапайым көпшілік дауыспен сайланады. Хаттамаға төрағалық етуші, әкімші, хатшы жиналыс өткізілген күні қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.»;

5-тармақта:

бірінші бөлік «шешімдер қабылданатын» деген сөздерден кейін «және оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

«Оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралған кезде дауыс беруге осындай кредиторлармен бір кезек құрамында және (немесе) кейінгі кезектер құрамында талаптары қанағаттандырылуға жататын кредиторларды қоса алғанда, осындай өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен мүдделері қозғалған кредиторлар қатысады.

Кредиторлар жиналысының шешімі сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, оңалту жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдауға қатысатын кредиторлар дауыстары санының көпшілік дауысымен қабылданады.»;

6) 28-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Хаттамада отырыстың өткізілген күні мен орны, дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің мүшелері, күн тәртібі, дауыс беру нәтижелері мен қабылданған шешімдер туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға дауыс беруге қатысқан кредиторлар комитетінің барлық мүшелері мен әкімші қол қояды және ол борышкердің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.»;

7) 31-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«7. Борышкердiң өтiнiшiне қоса берiлетiн барлық құжаттарға өтiнiш берген адам қол қояды және олар мөрмен (ол болған кезде) куәландырылады.»;

8) 38-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:



«1-1. Осы Заңның 5-бабында көзделген негіздер болған және борышкерде сотқа өтініш берген күні салық берешегі, кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешек болмаған кезде оңалту туралы іс бойынша іс жүргізу кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi негізінде сотта қозғалады.»;

9) 44-бапта:



1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Банкроттық немесе оңалту туралы iс азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер бойынша кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшi негiзiнде қозғалуы мүмкiн.»;

2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

 «12) егер банкроттық немесе оңалту туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.»;

10) 45-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:



«3. Оңалту рәсімін қолдану туралы кредитордың (кредиторлардың) өтінішіне:

1) белгіленген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік баждың төленгенін;

2) борышкерге өтініш пен оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерінің жіберілгенін;

3) борышкердің кредитор алдындағы міндеттемелерін, сондай-ақ осы міндеттемелер бойынша берешектің бар екендігін және сомасын;

4) борышкерде сотқа өтініш берген күні салық берешегінің, кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешектің жоқ екендігін;

5) кредитор өтініші негізделетін өзге де мән-жайларды (болған кезде) растайтын құжаттар қоса беріледі.»;

11) 93-бапта:



2-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

3-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) баланста бар, бірақ түгендеу актісі бойынша жоқ жылжымалы мүлікті есептен шығару туралы шешім қабылдау;»;

12) 99-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:



«Банкроттың мүліктік массасында тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтерді көрсету үшін кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын мүліктік кешен болған кезде, сату жоспарында осындай кешенді бірыңғай лотпен аукционға кемінде екі рет шығару жөніндегі міндетті талап қамтылуға тиіс.».

113. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



1) 1-бап мынадай мазмұндағы 19-2), 19-3), 57-1) және 61-1) тармақшалармен толықтырылсын:

«19-2) аккредиттеу - сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құқықтылығын ведомствоның ресми тануы;

19-3) аккредиттеу аттестаты - ведомство беретін, сараптама ұйымының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындау құқығын куәландыратын құжат;»;

«57-1) өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит - объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін немесе сәйкессіздігін анықтау жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;»;

«61-1) сараптама ұйымы - өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйым;»;

2) 12-баптың 1-тармағында:



35) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 70-28), 70-29), 70-30), 70-31) және 70-32) тармақшалармен толықтырылсын:

«70-28) сараптама ұйымдарын аккредиттеуді жүргізеді;

70-29) сараптама ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

70-30) сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекітеді;

70-31) өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекітеді;

70-32) сараптама ұйымдарының мемлекеттік тізілімін жүргізеді;»;

3) 12-2-бапта:



4) тармақша алып тасталсын;

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) осы Заңда және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және таратуға жобалау құжаттамасын келiседi;»;

4) 16-баптың 3-тармағының 21) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«21) осы Заңға және Қазақстан Республиксының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және таратуға жобалау құжаттамасын келісуге;»;

5) 38-бапта:



4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тұрғысынан тексеру нәтижелерінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, тексерілетін субъектіге бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.

Бұзушылықтарды жою туралы нұсқама тексеру аяқталатын күні тексерілетін субъектіге тапсырылады.

Субъектiлер өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұруды, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салуды сот мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының өтініші бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқама орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жүргiзедi.»;

мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

«5. Тәуекел дәрежесі болмашы объектілер, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тұрғысынан тексерілмейді.

6. Тәуекел дәрежесі жоғары немесе орташа бақылау субъектісі сараптама ұйымының оң қорытындысын алған кезде, осы объект «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, қорытынды қолданылатын кезеңде тексерулерден босатылады.»;

6) 73-бапта:



1-тармақтың 5) тармақшасындағы «заңды тұлғалар жатады.» деген сөздер «заңды тұлғалар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) осы Заңда және Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүзеге асырылады, оған қауіпті жаңа өндірістік объектілерді салу, сондай-ақ бұрыннан бар қауіпті объектілерді реконструкциялау (кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту) және күрделі жөндеу жобалары жатады.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізудің нәтижесі сараптама қорытындысы болып табылады.

Қауіпті жаңа өндірістік объектілерді салуға немесе бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалар (техникалық-экономикалық негіздемелер немесе жобалау-сметалық құжаттама) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында жүргізілген өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасының сараптама қорытындысы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті жиынтық сараптама қорытындысына енгізіледі.»;

7) 78-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:



«Келісу тәртібі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес бекітілген құрылыс салудың үлгілік қағидаларында айқындалады.».

114. «Жол жүрiсi туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 8 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):



1) 1-баптың 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«35) қызмет өңірі - көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындаған, техникалық қарап-тексерудің стационарлық желілері жоқ аумақ;»;

2) 11-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;

3) 51-баптың 1-тармағында:

2) тармақша алып тасталсын;

5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«5) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлiк құралдарын қоспағанда, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген;»;

4) 54-бапта:



3-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын;

4-тармақта:

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлiк құралдарын қоспағанда, ақауы бар көлiк құралын, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқаруға;»;

6) тармақша алып тасталсын;

22) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;

5) 60-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «беру;» деген сөз «беру арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздермен ауыстырылып,



2) тармақшасы алып тасталсын;

6) 76-бап алып тасталсын;

7) 88-бапта:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлiк құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында жол жүрiсiне қатысатын және уәкiлеттi органда тiркелген механикалық көлiк құралдары мен олардың тiркемелерi мiндеттi техникалық қарап-тексеруге жатады.»;

4-тармақта:

бірінші бөлікте:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) техникалық қарап-тексерудiң стационарлық және (немесе) ұтқыр желiлерiн пайдалана отырып, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзудi жүзеге асырады;»;

4) тармақша алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда міндетті техникалық қарап-тексеруді техникалық қарап-тексерудің стационарлық желілері ғана жүзеге асырады.

Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын қызмет өңірінің шегінде міндетті техникалық қарап-тексеруден өткізуді қамтамасыз еткен техникалық қарап-тексеру операторы қызмет өңірінің шегінен тыс жерде міндетті техникалық қарап-тексеруді жүзеге асыруға құқылы.»;

8) 90-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;

9) 91-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша қызмет өңiрi шегiнде мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өткiзу үшін шығу графигін жасауға;».

115. «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):



1) 6-баптың 1-тармағында:

7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«7) жүргізуші куәліктерін беруді, көлік құралдарын сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды жүзеге асыруға;»;

26) тармақшаның он үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жарылғыш материалдарды сақтауға;»;

2) 10-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;

3) 11-бапта:

24) тармақшаның жетінші абзацы алып тасталсын;

25) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«жарылғыш материалдарды сақтауға рұқсат беру талаптарын және оларды сақтауға рұқсаттар беру үшін қажетті құжаттардың тізбесін;».

116. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат):



1) 3-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «рұқсаттарға қолданылмайды.» деген сөздер «рұқсаттарға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды орындауға жатқызылатын және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жеке және заңды тұлғаларға беретін рұқсаттарға қолданылмайды.»;

2) 10-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«8) өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, өткізілуі, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін бекіту;»;

3) 11-бапта:



3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның нысандарын әзірлеу және бекіту;

4) хабарламалар нысандарын және мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлеу және бекіту;»;

5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;

4) 12-баптың 1-тармағының 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын;

5) 18-бапта:

2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс.»;

4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Бұл ретте осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес берілген өтініштер бойынша рұқсаттар беруді немесе оларды беруден уәжді бас тартуды рұқсат беру органдары осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгеннен кейін, оларды беру үшін белгіленген мерзімдерде жүзеге асыруға тиіс.»;

6) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«19-бап. Реттеушілік әсерді талдау

1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін қолданудың тиімділігіне қарай, реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша рұқсаттардың немесе хабарламалардың жекелеген түрлері бір түрден екінші түрге ауыстырылуы не олардың күші жойылуы мүмкін.

Жүзеге асырылуы үшін осы Заңға сәйкес рұқсаттың болуы немесе хабарлама жіберу талап етілетін қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) мемлекеттік реттеу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің күші жойылуға жатады.

2. Осы баптың күші Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.»;

7) 20-баптың 1-тармағында:



3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) рұқсаттарды конкурс арқылы беруді қоспағанда, осы Заңның 48-бабының ережелерiн ескере отырып, рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алу үшiн немесе хабарлама жiберу үшiн өтiнiштiң электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға;»;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

«4) осы Заңның 48-бабының ережелерін ескере отырып, берілетін рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның электрондық немесе қағаз нысанын таңдауға құқығы бар.»;

8) 21-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы «алуға міндетті.» деген сөздер «алуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:



«8) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның сауалы бойынша «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыратын инвесторларға қатысты лицензиялау мен рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.»;

9) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«30-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері

1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

2. Атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызмет, білім беру, мұнай және газ саласындағы лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не оларды беруден уәжді бас тарту Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

3. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің импорты мен экспорты саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны не оларды беруден уәжді бас тартуды лицензиар осы Заңның 37-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімдерде береді.»;

10) 33-бапта:



2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Атауы өзгерген қызмет түріне лицензиясы бар лицензиат лицензияны алдын ала қайта ресімдеген жағдайда, лицензияға қосымша алуға құқылы.»;

3-тармақта:

2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) лицензияларды қайта ресімдеу жағдайлары үшін - «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты;»;

мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

«3-1) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лицензия қайта ресімделген жағдайда, лицензияны иеліктен шығаруға келісуі туралы лицензиаттың хаты беріледі;»;

11) 45-баптың 5-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

12) 1-қосымшадағы 50-жол алып тасталсын;

13) 2-қосымшада:



19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

119.

Қазақстан Республи-касының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымал-даушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту

Қазақстан Республи-касының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымал-даушылардың тұрақты рейстерінің кестесі

Иеліктен шығарылмайтын

»;

21, 24, 25, 36, 37, 38, 40, 42, 43, 44, 45, 50 және 85-жолдар алып тасталсын;

1-сынып - «қызметке берілетін рұқсаттар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 87-1, 87-2, 87-3, 87-4 және 87-5-жолдармен толықтырылсын:

«

87-1.

Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер беру

Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін субсидияланатын авиамаршруттарға куәліктер

Иеліктен шығарылмайтын

 

87-2.

Жолаушыларды, багажды, жүктер мен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршруттарға куәліктер беру

Халықаралық авиамаршрутқа куәлік

Иеліктен шығарылмайтын

87-3.

Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат ету

Пайдаланушы сертификатының арнайы ережесінің «В» бөлігіндегі белгі

Иеліктен шығарылмайтын

87-4.

Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымдарды аккредиттеу

Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына ұйымды аккредиттеу туралы куәлік

Қолданылу мерзімі - 3 жыл

87-5.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу

Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша аккредиттеу аттестаты

 

»;

103-жол алып тасталсын;

105-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

105.

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру

Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат

 

»;

110, 111, 112, 113, 117, 118 және 119-жолдар алып тасталсын;

120-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

120.

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды

 

»;

125,135 және 136-жолдар алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 140-1-жолмен толықтырылсын:

«

140-1.

Ғимараттарды, үйлерді, құрылыстарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салу (кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу, реставрациялау және күрделі жөндеу) туралы шешім қабылдау

Ғимараттарды, үйлерді, құрылыстарды, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салу (кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу, реставрациялау және күрделі жөндеу) туралы шешім

 

»;

145-жол алып тасталсын;

2-сынып - «объектілерге берілетін рұқсаттар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 147-1-жолмен толықтырылсын:

«

147-1

Техникалық нығайтылу талаптарына сәйкестігін келісу

Техникалық нығайтылу талаптарына сәйкестігін келісу хаты

 

»;

190-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

190.

Қазақстан Республикасының аумағына жекелеген тауар түрлерінің импорты мен экспортына рұқсат беру

Жекелеген тауар түрлерінің импорты мен экспортына рұқсат беру

 

 

»;

199, 213 және 221-жолдар алып тасталсын;

228 және 229-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

228.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендерде, курорттық аймақтарда құрылыс салу бас жоспарларының және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендерде, курорттық аймақтарда құрылыс салу бас жоспарларының және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларының жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды

 

229.

Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімін және оларды сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру

Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оларды сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды

 

»;

235 және 323-жолдар алып тасталсын;

4-сынып - «ресурстары шектеулі немесе квоталарды пайдаланатын қызметке берілетін рұқсаттар» деген бөлім мынадай мазмұндағы

334-1-жолмен толықтырылсын:

«

334-1

Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу

Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын келісу

 

»;

341, 346 және 348-жолдар алып тасталсын;

5-сынып - «жеке тұлғаларға кәсіби қызметке берілетін рұқсаттар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 369-1-жолмен толықтырылсын;

«

369-1.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттау

Атом энергиясын пайдалану саласындағы пайдаланушы ұйымның персоналын аттестаттау туралы куәлік

Қолданылу мерзімі -

3 жыл

»;

370-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

370.

Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша қорытынды беру

Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу бойынша қорытынды

 

»;

371-жол алып тасталсын;

14) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 30, 31, 32 және 33-тармақтармен толықтырылсын:



«30. Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарлама

31. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қызметінің басталғаны туралы хабарлама

32. Турагенттік қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

33. Гид (гид-аудармашы), экскурсовод, туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама».

117-тармақ 2014 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді



117. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат; 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1-баптың 36-тармағының 1) тармақшасындағы «55-2)» және «55-3)» деген цифрлар тиісінше «54-1)» және «54-2)» деген цифрлармен ауыстырылсын.

118. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат):

1) 6-баптың 2), 3), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;

2) 7-баптың 2-тармағында:



2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Басқарушы комитет айқындайтын тәртіппен инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне Қор енгізген заңды тұлғалар инновациялық кластердің қатысушылары болып табылады.

Қор инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне ғылыми ұйымдарды, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорларды, білім беру ұйымдарын, технологиялық парктерді, салалық конструкторлық бюроларды, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, ұлттық даму институттарын, ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компаниялар мәртебесі бар заңды тұлғаларды енгізуге құқылы;»;

мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

«3) Қор осы тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігінде аталмаған өзге де тұлғаларды Басқарушы комитет бекіткен қатысушылар жобаларына сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізілген сараптаманың оң қорытындысы негізінде инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне енгізеді.»;

3) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«3. Қордың функцияларына мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқару органының функциялары;

2) қатысушылардың жобаларын қаржыландыру;

3) кәсіпкерлерді, кәсіпкерлер қауымдастықтарын (одақтарын) шоғырландыру;

4) инновациялық кластер қатысушыларының шетелдік әріптестермен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;

5) қатысушылардың жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.»;

4) 10-бапта:



1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық жұмыстарды және (немесе) қатысушылардың жобаларын жыл сайын қаржыландыру жөніндегі міндеттемені орындау шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы жіберген ақша;»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қор мемлекеттік тапсырма алуға құқылы.

Қатысушылардың жобаларын қаржыландыру жөніндегі функцияларды қоспағанда, мемлекеттік тапсырма Қорға өз функцияларын орындауға беріледі.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Қор қатысушылардың жобаларын жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша өз мүлкі есебінен қаржыландыру үшін айқындайды.»;

3 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы баптың 1-тармағының2) тармақшасына сәйкес Қор жер қойнауын пайдаланушыдан алған ақша тек қатысушылардың жобаларын қаржыландыруға ғана пайдаланылады.

Қор өз функцияларын жүзеге асыру үшін осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар жіберген ақша сомасының үштен аспайтын пайызын пайдаланады.

Бұл ретте Қор:

1) ақшаны жіберу үшін банк шотын ашады;

2) Қорға жер қойнауын пайдаланушылар жіберген ақшаның есебін әрбір жер қойнауын пайдаланушы бойынша жеке-жеке, сондай-ақ қатысушылардың жобаларын қаржыландыруға ақшаны пайдалану есебін жүргізуге міндетті.

Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ақша жіберген жер қойнауын пайдаланушының қатысушының жобасын іске асыру нәтижесінде алынған күзет құжатын, осындай жобаның нақты құнын оның қаржыландыру үлесіне барабар сатып алуға басқа тұлғалардың алдында басым құқығы болады.»;

«5. Қор осы баптың 1-тармағының1), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес қалыптастырылған мүлікті «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының және инновациялық кластердің қызметін қамтамасыз ету, жұмыс істеуі және оны дамыту, сондай-ақ қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін пайдаланады.».

119-тармақ 2015 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



119. 2014 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

10-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:



«1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 43) тармақшасының үшінші - сегізінші абзацтарын, 44) тармақшасының қырық бесінші және қырық алтыншы абзацтарын, 60), 65), 68) тармақшаларын, 107) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтарын, 112) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтарын, 124), 183) тармақшаларын;».


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет