Қазақстан Республикасының Заңы



бет26/31
Дата26.08.2017
өлшемі4,55 Mb.
#28652
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

9) 76 және 77-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«76-бап. Құндылықтарды өткізу

Борышкерге тиесілі бағалы қағаздар мен валюталық құндылықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізіледі.

77-бап. Тыйым салынған мүлiктi өткізу тәртібі

1. Борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.

2. Тез бұзылатын мүлікті тыйым салынғаннан кейін және тізімдеме жасалғаннан кейін атқарушылық іс жүргізу тараптарының білдірген еркіне қарамастан, сот орындаушысы комиссия шарты бойынша сауда қызметінің субъектілеріне дереу сатуға тапсырады.

3. Егер маман тыйым салынған мүлік сату кезінде құнды болып табылмайды және өтімді емес деген қорытынды берсе, осы мүлік өткізуге берілмейді.

4. Құрамы бойынша біртектес мүлікті өткізген кезде ол сот орындаушысының қаулысы бойынша бірыңғай лотпен сатылуы мүмкін.»;

10) 78-бап алып тасталсын;



11) 79 және 80-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«79-бап. Алдағы электрондық аукцион туралы құлақтандыру

Алдағы электрондық аукион туралы хабарландыру электрондық аукцион өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей, бірыңғай электрондық сауда алаңында жарияланады.

80-бап. Электрондық аукцион өткізудің жалпы шарттары

1. Электрондық аукционға қатысуға ниет білдірген тұлғалар өтінім беруге және мүліктің бастапқы құнының бес пайызы мөлшеріндегі кепілдік жарнаны төлеуге міндетті.

Электрондық аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы сатып алу бағасының есебіне жатқызылады. Электрондық аукционның қалған қатысушыларының кепілдік жарнасы электрондық аукцион аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қайтарылады.

2. Электрондық аукционға сатып алушы ретінде осы атқарушылық іс жүргізу бойынша шешім шығарған сот орындаушылары мен судьялар, тыйым салынған мүлікті бағалаған бағалаушы, сондай-ақ олардың жақын туыстары, зайыбы (жұбайы), борышкер қатыса алмайды.

3. Электрондық аукцион борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетілген бағалау құнынан белгіленген қадаммен мүліктің құнын көтерумен басталады.

Егер электрондық аукционға қатысушылардың ешбірі сауда-саттықтың алдын ала белгіленген қадамын қолдай отырып мүліктің құнын арттырмаған жағдайда, электрондық аукцион құнды төмендетуге ауысумен жалғасатын болады.

Бұл ретте, өткізілетін мүліктің бастапқы бағасы қатысушылардың бірі жарияланған баға бойынша мүлікті сатып алуға келіскен кезге дейін белгіленген қадаммен төмендетіледі, бұл баға электрондық аукционға қойылған мүлік құнының бастапқы бағасының елу пайызынан төмен болмауға тиіс.

4. Сатып алған мүліктің ақысын электрондық аукцион жеңімпазы электрондық аукцион қорытындылары бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде төлейді.

Егер жеңімпаз белгіленген мерзімде сатып алынған мүліктің құнын төлемесе, оның кепілдік жарнасы қайтарылмайды.

Қатысушылардың кепілдік жарнасы, егер қатысушының электрондық аукционға қатысуға құқығы болмаған жағдайда қайтарылмайды.

5. Осы баптың 4-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларда, кепілдік жарна мемлекеттік сот орындаушысы өткізетін электрондық аукциондар бойынша мемлекет кірісінің, ал жеке сот орындаушысы өткізетін электрондық аукциондар бойынша жеке сот орындаушысы кірісінің есебіне жатқызылады.»;

12) 81 және 82-баптар алып тасталсын;

13) 84 және 85-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«84-бап. Электрондық аукционды өткiзiлмеді деп жариялау

Сот орындаушысы, егер:

1) өтінімдер болмаса немесе бір ғана өтінім берілсе;

2) сатып алушылардың ешқайсысы мүлік құнын өзгертудің белгіленген қадамын қолдамаса;

3) сатып алушы белгіленген мерзімде мүліктің толық сатып алу құнын төлемесе, электрондық аукцион өткiзiлмеді деп жариялайды.

85-бап. Электрондық аукционды өткізілмеді деп жариялаудың салдарлары

1. Мүлік өндіріп алушыға берілген кезде өндіріп алушы борышкердің қабылданатын мүлкінің құнынан атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстар сомасын және мүліктің берілген құнына мөлшерлес, жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасын өтейді. Бұл сома кейіннен борышкерден өндіріп алынуға жатады.

2. Электрондық аукцион өткізілмеді деп танылған кезде өндіріп алушы электрондық аукцион өткізілмеді деп танылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сот орындаушысына өтініш беру арқылы мүлікті бағалау құны бойынша өзіне қалдыруға құқылы. Өндіріп алушының мүлікті өзіне қалдыру туралы өтінішінің болмауы өндіріп алушының мүлікті қабылдаудан бас тартуы деп түсініледі.

3. Өндіріп алушы мүлікті қабылдаудан бас тартқан кезде сот орындаушысы бірыңғай электрондық сауда алаңында өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан кезден бастап тиісті өтінімді қайталап орналастыру арқылы электрондық аукцион рәсімін тағайындайды.

4. Электрондық аукцион өткізу арқылы тыйым салынған мүлікті өткізу рәсімі екі реттен артық өткізілмейді.

Егер мүлік электрондық аукциондар өткізу арқылы өтпеген және өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда, мүлікке өндіріп алуды қолдану тоқтатылады, орындау барысында осы мүлікке салынған ауыртпалықтар алып тасталады.»;

14) 116-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Жеке сот орындаушысы өз қызметі үшін төлем ретінде алған ақшадан кеңсені сатып алу (жалдау), оны күтіп-ұстау, жабдықтау, жөндеу және күзету бойынша, жұмыс орындарын ашу және қызметкерлерге жалақы төлеу, кеңсе жұмысы үшін қажетті жабдықтар сатып алу, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, кеңсе мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарды,жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жарналардытөлеу жөніндегі, жеке атқарушылық қызметті дамытудың нысаналы бағдарламаларына арналған міндетті төлемдерді төлейді, сондай-ақ өз қызметін ұйымдық-шаруашылық жағынан, көлікпен және техникалық қамтамасыз етуге байланысты басқа да шығыстарды өтейді. Қалған қаражат жеке сот орындаушысының иелігінде қалады және оның қалауы бойынша жұмсалады.»;

15) 118-баптың 1-тармағындағы «өндіріп алынған соманың немесе мүлік құнының үштен жиырма бес пайызына» деген сөздер «істердің санаты мен өндіріп алу сомасына қарай үштен жиырма бес пайызға» деген сөздермен ауыстырылсын;

16) 122-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «алқасымен» деген сөз «өңірлік палатасымен» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 14-тарау мынадай мазмұндағы 125-1-баппен толықтырылсын:



«125-1-бап. Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесі

Атқарушылық құжаттарды орындау жүйесін мыналар құрайды:

1) уәкілетті орган;

2) уәкілетті органның аумақтық органдары мен олардың бөлімдері;

3) Республикалық палата;

4) жеке сот орындаушылары.»;

18) 129-бап алып тасталсын;

19) 136-бапта:

тақырыптағы «Атқарушылық iс жүргiзу органдары қызметкерлерiн» деген сөздер «Мемлекеттік сот орындаушыларын» деген сөздермен ауыстырылсын;

мәтіндегі «Атқарушылық iс жүргiзу органдарының қызметкерлерi» деген сөздер «Мемлекеттік сот орындаушылары» деген сөздермен ауыстырылсын;

92-тармақтың 20) тармақшасы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі



20) 138-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне, мемлекеттің, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың, табиғи монополиялар субъектілерінің немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығында үстем жағдайға ие субъектілердің қатысуымен атқарушылық құжаттарды және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өзге де жағдайларды қоспағанда, заңды тұлғалардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады.»;

21) 140-бапта:



1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Жиырма бес жасқа толған, жоғары заңгерлік білімі бар, жеке сот орындаушысында үзіліссіз тағылымдамадан өткен, біліктілік емтиханын тапсырған, жеке сот орындаушысы лицензиясын алған, осы Заңда белгіленген тәртіппен жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру жөніндегі конкурстан өткен және Республикалық палатаның мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы бола алады.»;

2-тармақтағы «лауазымына тағайындалғанға» деген сөздер «өкілеттіктері берілгенге» деген сөздермен ауыстырылсын;

22) 141-бапта:



1-тармақтың 2) тармақшасындағы «лауазымының бос орнына» деген сөздер «өкілеттіктерін беру бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Біліктілік комиссиясы уәкілетті органның жанынан құрылады.

Біліктілік комиссиясының қызметін ұйымдық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Республикалық палата жүзеге асырады.»;

23) 142-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«7. Судьялар, өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья лауазымынан босатылған судьяларды қоспағанда, судья болып жұмыс істеген адамдар, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сот төрелігі институтының түлектері, теріс себептермен жұмыстан босатылған адамдарды қоспағанда, кемінде үш жыл уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында жұмыс істеген және құзыретіне атқарушылық құжаттарды орындау кірген адамдар, құқық қорғау органдарының кемінде он жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлері тағылымдамадан өтпей және біліктілік емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысы лицензиясын алуға құқылы.»;

24) 143-баптың 6-тармағындағы «алқасына» деген сөз «палатасына» деген сөзбен ауыстырылсын;

25) 144-бапта:

1-тармақтың 7) тармақшасындағы «айналысқан жағдайда сот тәртібімен жүзеге асырылады.» деген сөздер «айналысқан;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) Республикалық палатадан шығарылған жағдайда, сот тәртібімен жүзеге асырылады.»;

3-тармақтағы «алқасы» деген сөз «палатасы» деген сөзбен ауыстырылсын;

4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «алқасы» деген сөз «палатасы» деген сөзбен ауыстырылсын;

26) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:



«145-бап. Жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру

1. Жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беруді уәкілетті орган Республикалық палатамен бірлесе отырып, жеке сот орындаушысы лицензиясы бар және атқару округі шегіндегі тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жолдамасын алған адамдар арасынан конкурстық негізде жүргізеді. Өкілеттіктер беру, жеке сот орындаушысы өкілеттіктерін беру жөніндегі конкурсты өткізу және жолдама алу шарттары мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

2. Жеке сот орындаушысы өкілеттіктер берілген кезден бастап бір айдан кешіктірмей қызметке кірісуге тиіс.

3. Жеке сот орындаушысы қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына кеңсенің мекенжайы, қызметкерлер құрамы және жұмыс режимі туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті. Осыған ұқсас хабарламаны ол атқару округінің аумағында қазақ және орыс тілдерінде таратылатын баспасөз басылымдарында жариялауға тиіс.

4. Жеке сот орындаушысы атқару округінің аумағында кеңсесінің мекенжайы өзгерген кезде күнтізбелік үш күн ішінде жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына хабар беруге, сондай-ақ атқару округінің аумағында қазақ және орыс тілдерінде таралатын баспасөз басылымдарында жарияланым жасауға міндетті.»;

27) 148-бапта:



1-тармақта:

4) тармақшадағы «атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде» деген сөздер «атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйеде» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:

«9-2) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не ұзақ уақыт (бір айдан астам) болмаған жағдайда, өндіріп алушымен келісу бойынша атқарушылық іс жүргізу материалдарын басқа жеке сот орындаушысына міндетті түрде бере отырып, жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасына хабар беруге;»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Жеке сот орындаушысы өз қызметі туралы:

1) нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітетін ақпаратты, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және уәкілетті органға және (немесе) оның аумақтық органына;

2) нысаны мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бекітетін ақпаратты, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға береді.»;

28) 152 және 154-баптар мынадай редакцияда жазылсын:



«152-бап. Атқару округі

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағымен тұспа-тұс келетін, жеке сот орындаушысы қызмет ететін аумақ атқару округі болып табылады.

2. Атқару округіндегі жеке сот орындаушыларын айқындауды қалаларға, облыс аудандарына, қала аудандарына әкімшілік-аумақтық бөлуге сәйкес жеке сот орындаушыларының тиісті өңірлік палатасы жүзеге асырады.

Жеке сот орындаушысы атқару округінің бүкіл аумағында атқарушылық құжаттарды орындауды жүргізуге құқылы.

3. Жеке сот орындаушысы атқарушылық әрекеттерді өзінің жұмыс орнынан тыс, атқару округінің шегінен тыс жерде жүзеге асырған кезде ол бұл жөнінде атқарушылық әрекеттерді жасаған жердегі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасын хабардар етеді.

4. Жеке және заңды тұлғалар атқарушылық құжаттарды орындауды жүзеге асыру үшін борышкердің тұрғылықты жері не жұмыс орны (заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға тіркелген жер бойынша), мүлкі орналасқан жер бойынша жеке сот орындаушысына жүгінеді.»;

«154-бап. Жеке сот орындаушысының куәлігі, жеке мөрі, мөртабандары және бланкілері

Жеке сот орындаушысының өзінің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының, атқару округінің атауы, жеке сот орындаушысы лицензиясының нөмірі көрсетілген куәлігі, жеке мөрі, сондай-ақ мөртабандары мен жеке бланкілері болады. Куәлік пен жеке мөрдің үлгілерін уәкілетті орган бекітеді. Куәлік пен жеке мөрді дайындауды және беруді жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы ұйымдастырады.»;

29) 155-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«2. Жеке сот орындаушыларының іс қағаздарын жүргізу қағидаларының орындауын бақылауды жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарымен бірлесе отырып, уәкілетті органның аумақтық органдары жүзеге асырады.»;

30) 156-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Жеке сот орындаушылары тағылымдамашыларының тағылымдамадан өту тәртібі, мерзімдері мен шарттары Республикалық палатамен келiсу бойынша уәкілетті орган бекітетін жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту тәртібі туралы қағидаларда айқындалады.»;

31) 16-тараудың 3-параграфы мынадай мазмұндағы 156-1-баппен толықтырылсын:



«156-1-бап. Жеке сот орындаушысы көмекшісінің құқықтары мен міндеттері

1. Жеке сот орындаушысы лицензиясы бар көмекші жеке сот орындаушысы қабылдаған процестік шешім және оның тапсырмасы бойынша:

1) атқарушылық іс жүргізудің процестік және өзге де құжаттарының жобаларын әзірлеуге;

2) атқарушылық іс жүргізу тараптарына шақыру қағаздарын, хабарламаларды және өзге де құжаттарды жеткізуге және тапсыруға құқылы.

2. Жеке сот орындаушысының көмекшісі өз қызметінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге міндетті.»;

32) 16-тараудың 5-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:



«5-параграф. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы.

Республикалық палата

161-бап. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы

1. Қазақстан Республикасының әрбір облысының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының аумағында жеке сот орындаушыларының бір өңірлік палатасы құрылады.

2. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және филиал туралы ережемен реттеледі.

162-бап. Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының өкілеттіктері

1. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы:

1) осы Заңның 145-бабының талаптарына сәйкес жолдамалар береді;

2) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық құжаттарды бөлуді жүргізеді;

3) Республикалық палатаға жүктелген өкілеттіктерден туындайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы Республикалық палатаға және уәкілетті органның аумақтық органына өз қызметі туралы ақпарат береді. Ақпарат берудің нысаны мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.

163-бап. Республикалық палата

1. Республикалық палатаның қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және жарғымен реттеледі.

2. Республикалық палатаның жарғысын съезд қабылдайды.

3. Республикалық палата Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың ортақ шартын жасасады.

163-1-бап. Республикалық палатаның өкілеттіктері

1. Республикалық палата:

1) жеке сот орындаушылары өңірлік палаталарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

2) мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктерде, басқа да ұйымдарда жеке сот орындаушылары өңірлік палаталары мен жеке сот орындаушыларының мүдделерін білдіреді;

3) жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталары басшыларының қызметін бақылауды жүзеге асырады;

4) жеке атқарушылық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша Сот орындаушылары мен қызметшілерінің халықаралық одағының, басқа да халықаралық және шетелдік ұйымдардың жұмысына қатысады;

5) жеке атқарушылық қызметке байланысты атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша уәкілетті органның, басқа да мемлекеттік органдардың норма шығарушылық және сараптама қызметіне қатысады;

6) жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарымен және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып, жеке сот орындаушыларын оқытуды (біліктілігін арттыруды) ұйымдастырады, оның нәтижелері бойынша растау құжаты беріледі;

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет