Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет34/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Саманилер билігінің орнауы. 
Осының бәрін халиф пайдаланып
Мәуеренаһрдың билеушісі Исмаил Саманиге қолдау көрсетті. Саффариттерге 
наразы Иран декхандарының қолдауымен Исмаил 900 жылы Әмірдің әскерін 
талқандайды. Сөйтіп (867-900) аз ғана уақытқа созылған Саффариттердің 
билігі жойылды.
Саманилер державасының билігі мүлде басқа сипатқа ие болды. 
Саманилер әулетінің негізін қалаушы исламды алғашқы аббасидтер кезінде-
ақ қабылдаған Балх декханы Саман болды. Оның немерелерінің бірі Ахметті 
халиф әл-Мамун 819 ж. Ферғананың билеушісі етіп тағайындайды, ал оның 
бауырлары 
Мәуереннаһрдың 
басқа 
аудандарында 
билік 
құрады. 
Саффариттермен күрескен халиф Мутамид Насыр ибн Ахметті 875 ж. 
Хорасанның Саффариттерге бағынбаған бөлігінің (Мәуереннаһр, Шығыс 
Хорасан) билеушісі етіп тағайындайды Насыр мен оның інісі Исмаил 
солтүстік шекарадағы түріктермен табысты күрес жүргізіп, Шығыс Иран 
ауданындағы өз билігін нығайтты. Оның иеліктерінің орталығы - Бұхара 
болды. 900 ж. Исмаил Әмір Саффаритті талқандап оның иеліктерін басып 
алады. 
Тек 
әскери 
күшке 
сүйенген 
Саффариттерден 
ерекше 
Иран 
декхандарынан шыққан Саманилердің әлеуметтік тірегі күшті болды. Иран 
щонжарларының мүддесін көздей отырып Саманилер өз ресми шежіресін 
Сасанилерден таратты. Сонымен бірге Саманилер ортадоксалды исламды -
суннизмді ұстанды, өз билігінің соңына дейін халиф билігін мойындады. 
Сөйтіп, Саманилер саясатында екі өзара қарама-қарсы бағыттар байқалды. 
Бір жағынан олар, мұсылмандық билеушілер ретінде исламды қабылдамаған 
көршілері арасында исламды таратуға көп күш салды. Екінші жағынан, 
ислам догмаларымен қайшылыққа келмеген, исламға дейінгі Иран 
дәстүрлерін жандандырды. Дәл осы Саманилер тұсында дари-фарси тілі кең 
әдеби тілге айналып, Иран эпосы мен Сасанилер тарихының Дакики мен 
Фирдоусидің 
эпикалық 
шығармаларында 
қайта 
жандануы, 
Иран 
декхаларының саяси позициясының идеологиядағы өзіндік көрінісі болды.
Саманилер мемлекеті орталықтанған бірлестік болды, ондағы барлық 
билік Бұхарадан басқарылды. Уәзірлер үлкен роль атқарды, Х ғасырда бұл 
қызмет екі атақты Ирандық декхандық әулеттер – Джайпаш мен 
Баламилердің қолында болды.
Саманидтердің, өздерінің басты әлеуметтік сүйеніші – декхандарға 
қатынасы екі ұшты болды, бір жағынан, әмірлер жергілікті феодалдармен 
санасуға тиіс болды. Екінші жағынан, сепаратистік ұмтылыстардың одан ары 
күшейуінен қорқып, Саманилер декхандар қызметін бақылауда ұстауға, оны 
қолдан келгенше шектеп отыруға тырысты. Олар барған сайын иктаға жер 
беру практикасын кеңейте отырып, декхандардың экономикалық дербестігін 
әлсіретіп отырды. Бұған наразы декхандар әулетке қолдау көрсетуден бас 


тартып, газневидтер, кейін селжүктер бас көтерген кезде декхандардың 
көпшілігі қол қусырып отыра берді. 
Саманилер Иран декхандардың сепаратизмімен күресе отырып түрік 
гулямдардың әскери гвардияларына сүйенді, сондықтанда Х ғ. екінші 
жартысында түрік отрядтарының басшылары үлкен ықпалға ие болды. 
Осындай гулямдардың бірі Алып тегін Саманилермен жанжалдасып қалып, 
962 жылы Ғазнаға (Ауғанстан) қашып барып, сол жерде әмірлік құрады. 
Оның жолын жалғастырған гулям Сабық тегін Газневидтер әулетінің негізін 
қалайды. 999 жылы Саманилерді Қарахандар құлатқан кезде Сабықтегіннің 
мұрагері Махмұд (998-1030) Амудариядан оңтүстікке қарай жатқан 
Саманилер иеліктерін (Хорасан, Сейстан, Ауғанстан жерлерін) басып алады. 
Махмұт бүкіл өмірін көршілерімен соғыста өткізді, атап айтқанда, 
Қараханиттермен, Буидтермен т.б. ұзаққа созылған соғыстар жүргізді. 
Махмұд пұтка табынушы үндістерге қарсы Солтүстік Үндістанға «Қасиетті 
соғыс» жариялады. Махмұд Үндістанға 17 рет жорық жасады. Тек бір 
жорығында ғана, деректердің мәліметі бойынша, Махмұд Үндістаннан 57 
мың құл, 20 млн дирхемдік байлық пен 350 піл әкеткен. Махмұд Ғазнауи 
Буидтер мемлекетімен де соғысты. 1017 жылы ол Хорезмді басып алды. 
Махмұт тұсында халифатта ІХ ғасырда қалыптаса бастаған өзіндік әскери 
ұйым біржола орнықты. Махмұттың негізгі әскери тірегі түрік гулямдардың 
жасақтары болды. Жас кезінде сатып алынған бұл адамдар кәсіби әскерилер 
болып шықты. Гулямдардан бөлек Махмұд ерікті жасақтарды, ғазилерді де 
жалдап отырды. «Дін үшін» соғыс, яғни ғазауат соғысы туының астына 
жерсіз қалған, байығысы келген мыңдаған шаруалар өз еркімен жиналатын. 
Өзі де түрік гулямдарының ұрпағы бола отырып, Махмұд бар болмысымен 
берілген мұсылман болуға тырысты, оның, әсіресе, әлі де пұтқа 
табынушылық ордасы болған Үндістанға жорықтары ислам жолындағы 
қасиетті соғыс туы астында өтті.
Махмұд үшін Иран жерлері тек табыс көзі болды, сондықтан да ол 
жергілікті халықты салықпен барынша қанап отырды. Махмұттың 
мирасқоры Масұд тұсында елге селжүктер басып кіргенде, оның 
территориясын жергілікті халық тарапынан қатты қарсылыққа кездеспей-ақ, 
тез арада жаулап алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет