Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет48/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91
Байланысты:
offiwiz file

Батудың орыс жеріне жорығы. 
1227 жылы Жошы өлген соң оның 
орнына ұлы Бату (Батый) отырды. 1235 жылы Монғол империясының 
астанасы 
Қарақорымда 
болған 
құрылтайда 
Батысқа 
(Еуропаға) 
шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады.
Монғол-татар шапқыншылығы қарсаңында орыс жері жеке 
кінәздіктерге бөлініп жатты. Бытыраңқы кінәздіктердің Бату әскерлеріне 
қарсы тұруы оңай емес еді. Әскери күші жағынан да монғол-татарлар артық 
болатын. Әсіресе монғол-татарлардың атты әскері өте қуатты еді. Батудың 
соғыс өнерінде бұрыннан пайдаланып келе жатқан, қала бекіністерін бұзатын 
жеңіл құралдары болды. Бұл құралмен орыс қалаларының ағаштан салынған 
бекінісін бұзу қиынға түспейтін. Бүған қосымша Бату әскерлері соғыс 
жүргізудің неше түрлі әдістерін меңгерді. Сөйтіп жолындағының бәрін 
жайпаған Бату 1237 жылдың қысында қалың қолын Еділ өзенінен өткізіп, 
Рязань қаласына келіп жетті. Қыста шабуыл жасауды күтпеген рязаньдықтар 
айтарлықтай қарсылық жасай алмады. Бес күн бойы монғол-татар әскерінің 
шабуылына тойтарыс бергенімен, басқа жақтан көмек келмегендіктен, Рязань 
қаласы құлап, жау қолына көшті. Келесі кезек Владимир-Суздаль кінәздігіне 
жетті. Алғашқы шайқас Ұлы Владимир кінәзі Юрий Всеволодович 
әскерлерімен болды. Монғол-татар әскерлері Коломно каласы түбінде кінәз 
Юрийдің әскерін талқандады, Мәскеу және Клязьма өзендерінен өтіп, бес 
күн қарсылықтан кейін Мәскеу қаласын алды. 
1238 жылы 4 ақпанда Бату Владимир қаласын қоршайды. Қала халқы 
айтарлықтай ерлік көрсетеді. Бірақ үш күннен арыға шамасы келмеген 
қаланы қорғаушылар жеңіліс табады. Монғол-татар әскері осылайша Ростов, 
Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь сияқты 14 қаланы бағындырып, 
Владимир кінәздігінен Новогородқа қарай бағыт алады. Бірақ көктемнің ерте 
шығуы, орманды және батпақты Новогород жері алға қарай жүруге қиындық 
тудырады және монғол-татар әскерлерінің де ұзақ соғыстан қажығаны 
сезіледі. Сондықтан Бату әскерлерін оңтүстікке қарай бұрады.
Жолында кездескен қалалар мен ауылдарды жаулап алып, 1240 жылы 
Киев қаласына келіп жетеді. Киев қаласын қорғауды Даниил мен Дмитрий 
кінәздер өз қолдарына алады. Қала халқы өз қаласын айтарлықтай ерлікпен 
қорғайды. Қала бекінісін бұзып кіру монғол-татар әскерлеріне оңайға 
түспейді. Киев қаласы сегіз күн қарсылық көрсетеді. Күштің тең болмауы, 
кінәздіктердің дер кезінде күш біріктіре алмауы Киев кінәздігінің жеңілуіне 
әкеп соқтырады.
Киев қаласын алғаннан кейін Бату әскерлері Галич-Волынь княздігіне 
аттанады. Бату орыс жерін жаулап алғаннан соң Польшаға, Чехия мен 
Венгрия жеріне баса-көктеп кіреді. Алайда бірнеше жылға созылған 
жорықтардан әбден қажыған Бату әскерлері Еуропа елдеріне одан әрі ендеп 
кіре алмайды. Бату әскерлері Еділ өзенінің төменгі сағасына оралып, осында 
1243 жылы Сарай-Бату қаласын салғызады. Алтын Орда мемлекетін құрады. 
1240-1480 жылдар аралығында Орыс жеріне монғол-татар үстемдігі орнайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет