билік жолындағы тайпааралық күрестің салдарынан көп ұзамай өмір сүруін
тоқтатады. ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басында Монғолия жерінде
қият-бөржіген тайпасының көсемі Есугей баһадүрдің баласы Темучин билік
еткен ірі мемлекет құрылды. Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес
барысында Монғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді.
Монғолдар 1203 жылы керейлерді, одан кейін татарлар мен меркіттерді
жеңеді. 1204-1205 жылдары монғолдар өзінің басқа да көршілерін жеңіп,
жерін кеңейте түседі. 1206 жылы Онон өзенінің бойында өткен барлық
монғол тайпаларының бас қосқан құрылтайында Темучин Монғол
мемлекетінің ұлы ханы болып сайланады, оған Шыңғысхан деген атақ
берілді.
Достарыңызбен бөлісу: