Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет45/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
 
Бекіту сұрақтары: 
1. Дели сұлтанаты қалыптасуының тарихи алғышарттарына талдау жасаңыз. 
2. Ала уд-дин Хилжа тұсындағы реформалардың мәнін ашыңыз. 
3. Тұғлақ әулетінің билікке келуінің тарихи жағдайларын көрсетіңіз. 
4. Әмір Темірдің Үндістанға жорығының барысы мен салдарына талдау жасаңыз. 
5. Дамыған орта ғасырлардағы Үндістанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
дамуына талдау жасаңыз. 
IX ТАРАУ 
МОНҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ 
 
 Монғолдардың тарихи сахнаға шығуы.
Монғолдар Амур өзенінің 
оңтүстік жағалауында, Кіші Хинган тау жоталарының шығысында өмір 
сүрді. Қытай деректері бойынша монғолдар монғол тілдес шивэй 
тайпаларының құрамында болған. Батысында олар түріктермен шектессе, 
шығыстағы көршілері қидандар болды. Х-ХІ ғасырларда монғолдар батысқа 
қарай жылжи отырып, Халхада үстемдік етіп отырған түркі тілді халықтарды 
ығыстыра бастайды. Осы қоныс аударулардың нәтижесінде олар қоғамдық 
және мәдени деңгейі бойынша өздерінен анағұрлым жоғары тұрған 
түркілермен тығыз байланысқа түседі. Мұның өзі монғолдардың саяси және 
мәдени қатынаста қарқынды дамуына ықпал етеді.
ХІІ ғасырдың ортасында монғолдардың алғашқы мемлекеті – Хамаг 
монғол ұлыс (барлық монғолдардың мемлекеті) пайда болады. Цзиньдік 
Қытаймен бірде қақтығысып, бірде келісімге келіп отырған бұл мемлекет,


билік жолындағы тайпааралық күрестің салдарынан көп ұзамай өмір сүруін 
тоқтатады. ХІІ ғасырдың аяғы мен ХІІІ ғасырдың басында Монғолия жерінде 
қият-бөржіген тайпасының көсемі Есугей баһадүрдің баласы Темучин билік 
еткен ірі мемлекет құрылды. Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес 
барысында Монғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді. 
Монғолдар 1203 жылы керейлерді, одан кейін татарлар мен меркіттерді 
жеңеді. 1204-1205 жылдары монғолдар өзінің басқа да көршілерін жеңіп
жерін кеңейте түседі. 1206 жылы Онон өзенінің бойында өткен барлық 
монғол тайпаларының бас қосқан құрылтайында Темучин Монғол 
мемлекетінің ұлы ханы болып сайланады, оған Шыңғысхан деген атақ 
берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет