Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет91/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Бекіту сұрақтары: 
1. Осман мемлекетінің қалыптасуының тарихи жағдайларын көрсетіңіз. 
2. Османдардың Константинопольді алуы: алғышарттары, барысы, нәтижелері? 
3. Османдардың мұсылман әлеміндегі үстемдік жолындағы күресінің барысын талдаңыз. 
4. Осман-Сефеви қайшылықтарының себептерін түсіндіріп, кезеңдерін көрсетіңіз. 
5. Осман империясының Еуропа елдерімен қарым-қатынастарына талдау жасаңыз. 
6. Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі ерекшеліктері? 


ҚОРЫТЫНДЫ 
Сонымен Шығыс елдерінің ежелгі және орта ғасырлар дәуіріндегі 
тарихын қорытындылай келіп, аталмыш дәуірдегі тарихи аймақтар мен 
елдердің 
өзіндік 
ерекшеліктерін, 
бір-бірінен 
айтарлықтай 
айырмашылықтарын көрсете отырып, олардың даму барысында көптеген 
ортақ белгілердің де болғандығын айтуға болады.
 
Шумер мен Египетте алғашқы таптық қоғамдардың пайда болуы ежелгі 
дәуірдің бүкіл болмысын түбірімен өзгертті. Алғашқы қауымдық 
тайпалардың шетсіз-шексіз әлемінде жоғары дамыған орталықтар пайда 
болды. Ерте өркениеттердің өзін қоршаған ру-тайпалық қоғамдармен қарым-
қатынасы күрделі болды. 
Шығыстың барлық елдері өте ұзақ мерзімге созылған алғашқы 
қауымдық қоғам кезеңін бастан кешті және алғашқы таптық қоғамға өте баяу 
қарқынмен көшті. Шығыста қауымдық жер иелену мен жеке меншік жер 
иеленудің ара қатынасы туралы мәселе үлкен таластар туғызып келеді. Бұл 
процесті зерттеуде жергілікті айырмашылықтарды мұқият ескеріп отыру 
қажет, өйткені қауымдық жердің ыдырауы әр аймақта әр түрлі қарқынмен 
жүрген болатын.
Ежелгі Шығыстың барлық дерлік елдерінде мемлекеттің номдық 
формасы бірте-бірте күшті орталықтандырылған жүйелерге қарай дамыды. 
Патша билігі қауымдардан жоғары тұрды және оларды байланыстырушы, 
біріктіруші күш болды. Патша өзін барлық жердің иесі санады. Сонымен 
бірге орталық биліктің тым күшейген кезеңдері, оның әлсіреу уақытымен 
алмасып та отырды. Сондай-ақ бұл мәселеде жергілікті жағдайларды да 
ескеру қажет. Мысалы, Египет перғауындары қай кезде де аса қуатты күшке 
және шексіз билікке ие болып отырғанда, Палестина мен Финикияның 
кішкентай мемлекеттерінде патша билігін күшейтуге деген талпыныстар 
қарсылықтарға ұшырап, жиі-жиі сәтсіздікпен аяқталып отырған. 
Жалпы алғанда Шығыстың жекелеген аймақтарының қоғамдық 
дамуындағы өзіндік ерекшеліктерді былайша жинақтап көрсетуге болады. 
Ежелгі 
Египетке 
орталықтандырылған 
экономика, 
тәуелділік 
қатынастарының сан алуандылығы, заңдық тұрғыдан ерікті және жартылай 
ерікті адамдарды перғауын өзінің деспоттық билігі арқылы құлдық жағдайға 
дейін жеткізуі, мемлекеттің жеке өмір мен шаруашылыққа үнемі араласып 
отыруы тән болды. 
Ал Месопотамия қоғамдарына тікелей өндірушілерді мемлекеттік және 
жеке қанаудың араласып келіп отыруы, экономикадағы жекеменшік сектор, 
шаруашылық және саяси қатынастардағы қуатты қалалар, Қосөзен аңғарына 
жауынгер көршілерінің баса-көктеп кіруіне ашық шекараның болуы тән 
болды. 
Ассирия ежелгі қоғамы мен мемлекетінің айқын әскери сипаты, бүкіл 
Таяу Шығыс елдерінің парсылар билігіне бірігуі – Ежелгі Шығыс тарихының 
маңызды құбылыстары болып табылады. 
Сонымен бүкіл Шығысты бірыңғай схемамен қарауға болмайды. Оның 
дамуындағы жалпы белгілер мен жергілікті ерекшеліктерді айыра білу қажет.


Шығыс елдері ежелгі дәуір мен орта ғасырларда бай мәдениет 
қалыптастырды, бұл мәдениет әлемдік мәдениеттің дамуына орасан зор 
ықпал етті. Жазудың барлық дерлік ерте түрі осы жерде жасалды. Соның 
ішінде гректер, римдіктер, ал кейінірек әлемнің барлық басқа халықтары 
қабылдаған әліпбилік (алфавиттік) жазу да ең алғаш Шығыста қалыптасқан 
болатын. Атақты «Гильгамеш туралы эпос», «Синухет әңгімесі», ежелгі 
еврей пайғамбарларының кітаптары, Ежелгі Иран халықтарының жазбалары, 
алып пирамидалар, Ассирия патшаларының көркем сарайлары, ежелгі Египет 
абыздарының медицина саласындағы, вавилондықтардың астрономиядағы 
және құқық саласындағы жетістіктері – мұның бәрі ежелгі Шығыс 
халықтарының әлемдік мәдениет қорына қосқан үлесінің тек бір бөлігі ғана 
болып табылады.
Біздің заманымыздың алғашқы ғасырлары Шығыста ежелгі әлеуметтік- 
экономикалық және саяси құрылымдардың қирап, өтпелі формалардың пайда 
болған уақыты болды, олардың дамуы ортағасырлық қоғамдардың 
қалыптасуына алып келді. Ортағасырлық құрылымға тән дамудың күрделі де 
көп қырлы үдерісі әр түрлі аймақтарда әр түрлі қарқынмен жүрді. 
Шығыстағы ортағасырлық қоғамдар тарихының орталық мәселесі олардың 
әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымдарының сипаты мәселесі 
болып табылады. Отандық және шетелдік ғалымдардың көпшілігі 
ортағасырлық Батыс қоғамдары тәрізді, Шығыстың да ортағасырлық 
дамуының 
«феодалдық 
концепциясын» 
жақтайды. 
«Феодалдық 
концепцияны» көптеген зерттеушілер Шығыстың жекелеген аймақтары мен 
елдері бойынша нақты тарихы материалдық негізінде дамытып отыр, ал 
бұған балама (альтернативті) концепцияларға қатысты мұны айта алмаймыз. 
Ортағасырлық Шығыс қоғамдары шынында да феодалдық қоғамдар 
болғандығы осы оқу құралында нақты фактілер арқылы көрсетілді. Сонымен 
бірге феодалдық құрылымның жекелеген элементтері ежелгі дәуірде-ақ, 
негізінен ежелгі дәуірдің соңына қарай пайда болғандығы да айқын болды.
Сонымен феодализм Шығыстағы көпукладты ежелгі қоғамдардың 
орнына келген екінші антогонистік қоғам. Феодализм ұсақ, натуралды 
өндіріс үстем болған қоғам. Бірақ бұл тезисті абсолюттендіруден аулақ болу 
керек. Мұндай көзқарас феодализмнің «натуралды шаруашылық теориясын» 
жақтаушыларға тән. Ортағасырлық қоғамдарда сондай-ақ тауар-ақша 
қатынастары, сауда, ұсақ тауарлы қолөнер дамыды. Шығыстағы феодалдық 
формацияның негізін, әлемнің басқа аймақтарындағыдай, феодалдық өндіріс 
тәсілі (әлеуметтік-экономикалық базис) құрады, оған феодалдық кезеңге
ғана сипатты мемлекеттік саяси және заңдық мекемелер мен қоғамдық сана 
формалары тән болған. 
Алайда Шығыстың ортағасырлық қоғамдарының дамуындағы өзіндік 
ерекшеліктер ортағасырлық Шығыста ерекше формациялық аймақ 
«шығыстық феодализмнің» қалыптасуына негіз болды. Мұның өзі Шығыс 
пен Батыстағы тарихи дамудың әр түрлі нәтижелер беруіне алып келген еді.
Шығыстық формациялық аймақ бірқатар аспектілерде, ең алдымен 
даму қарқыны бойынша батысеуропалық феодализмнен ерекшелене отырып, 


өзара Шығыстың өзі де біртұтас болмағандығын байқаймыз: жекелеген елдер 
немесе елдердің топтары субаймақтар құрғанын, бұл аймақтар бір бірінен 
феодалдық формалардың пісіп-жетілуі бойынша және бұл формалардың 
дамуы үшін қажет ішкі және сыртқы жағдайлары бойынша да бір бірінен 
ерекшеленгенін көруге болады.
Шығыс, сондай-ақ, өркениеттілік аспектіде де сан-алуандығымен 
ерекшеленді. Бұл жағынан да ол ортағасырлық Европадан ерекшеленеді 
(Батыс Еуропа орта ғасырларда біртұтас христиандық өркениетке жатты). 
Шығыстағы әртүрлі діни-мәдени дәстүрлер негізінде пайда болған өркениет 
аймақтары формациялық субаймақтармен сәйкес келмейді. Олардың кейбірі 
феодализмнің өзінен көп бұрын пайда болды (мысалы, Үнді 
субконтинентіндегі буддистік және үнділік өркениеттер, Қытайдағы 
конфуцийлік өркениет ежелгі дәуірде пайда болған), кейбірі орта ғасырдағы
тарихи үдерістердің өнімі болды (Таяу және Орта Шығыстағы мұсылмандық 
өркениет, Үндістандағы үнді-мұсылмандық өркениет, Оңтүстік-Шығыс 
Азиядағы үндістік және мұсылмандық өркениеттер, Жапония мен Оңтүстік-
Шығыс Азиядағы буддистік өркениет, Жапония мен Кореядағы конфуцийлік 
өркениет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет