Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет90/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
милет-баши
тұрды. Милет-баши империялық кеңестің мүшесі болды, оны 
сұлтан бекітті және өз милетіндегі жағдай үшін сұлтан алдында жауап 
беретін болды.
Империядағы ағымдағы басшылық биліктің екі тармағы бойынша 
жүргізілді: әскери-саяси және шариғаттық (кадилік немесе діни-соттық 
аппарат). Әскери-саяси биліктің басшысы 
ұлы уәзір
, ал эйалет деңгейінде – 
бейлербей
, одан төменіректе – 
санжакбей
және 
субаши
(әскербасы) болды.
Басқарудың ерекше саласы қаржы-салық қызметі болды, оны 
баш 
дефтердар
басқарды. Бұл сала да тиісті жергілікті басқару деңгейлеріне 
бөлінді. Сондай-ақ оларға ірі қалалардың қазыналық мүлкінің бастықтары 
(
шехир эминдер
), арнайы ведомстволар бастықтары: қазына (
хазинэ
), табыс 
есебі палатасы (
рузнаме
), тимар палатасы, т.б. бағынды. 
Осман қоғамының әлеуметтік құрылымы барлық Шығыс қоғамдарына 
тән белгілермен ерешеленді. Сұлтанның қоластындағылардың барлығы 
бірдей өзара тең болды, олар бір-бірімен құқықтық жағынан ерекшеленбеді. 
Батыс Еуропадағыдай дворяндар сословиесі, немес басқа бір артықшылыққа 
ие сословие болған жоқ. Алайда халықтың санасында мерархиялық 
әлеуметтік құрылым, ақсүйектік, тектілік туралы түсініктер орын алды. Бұл 
түсініктер, әдетте шыққан тегінің көнелігі, жекелеген адамдардың 
әлеумметік тегі неме е атқаратын қызметімен, олардың мәдени деңгейімен, 
іс-әрекеті, өмір салтымен байланыстырылды. Пайғамбар ұрпақтары 
(
сейиттер немесе шерифтер
), сондай-ақ әр түрлі мұсылман әулиелерінің, 
селжүк және мәмлүк сұлтандарының, ғазилердік ұрпақтары ерекше құрметке 
ие болды. Алайда бұл ерекшеліктер заңмен бекітілмеді. Басқаша айтқанда, 
Осман қоғамында сословиелер, яғни ресми түрде мойындалған әлеуметтік 
жағдайы, құқықтары мен міндеттері негізінде адамдарды біріктіретін 
қоғамдық топтар болмады. Қоғамдағы түсінік бойынша барлық адамдар 
тумысынан өзара тең.
Теориялық жағынан алғанда, осман жазушылары, көбіне әлеуметтік-
дидактикалық трактаттардың авторлары, осман қоғамын төрт тапқа немесе 
топқа (
аснаф
) бөлді: дінбасылары (
улама
), әскерилер (
әскери
), тоғышарлар
(
ан-нас
) және шаруалар (
реайя
). Соңғылардың қатарына кейде 
зиммилерді
(біреудің қамқорлығындағылар) және тіпті құлдарды да жатқызды. Реайя 


термині бірте-бірте мұсылмандарға қатысты қолданылмай, тек мұсылман 
емес шаруаларға қатысты қолданылатын болды.
Сырттай қарағанда, бұл төрт топ, өзінің әлеуметтік-кәсіби белгілері 
бойынша сословиеге ұқсас болды. Алайда, заңдық статусқа ие 
болмағандықтан, іс жүзінде бұлай болған жоқ. Әкімшілік-сот және салық 
саласында барлық адамдар екі тапқа: әскерилер және сал ық төлеушілер 
(реайя) болып бөлінді. Бұл бөлініс ІІ Мехмед пен І Сүлеймен Канунидің 
заңнамаларында және сот жүйесінде нақты көрініс тапты. Әрбір махкамада 
(кадийлер тұсындағы сот палатасында) екі бөлім: әскери бөлім және 
қарапайым бөлім болды. Біріншісінде тек әскерилердің ісі қарастырылса
екіншісінде барлық басқа адамдардың істері қарастырылды. 
Осман қоғамының бұл екі табы құқықтарымен емес, міндеттерімен 
өзара ерекшеленді. Бірінші тапқа кәсіби әскерилер, дінбасылары, ең алдымен, 
кадийлер, сондай-ақ мемлекеттік кеңсе шенеуніктері жатты. Олардың басты 
міндеті мемлекетке қызмет ету болды, сондықтан да олар салықтан 
босатылды. Екінші тапқа тоғышарлар (мещанство) мен шаруалар, сондай-ақ 
христиандар жатты. Олардың басты міндеті қазынаға салық төлеу болды.
Іс жүзінде, бірінші тап үстам тап болды, өйткені олар басқарушылар 
еді. ХҮІ ғ. межесінде үстем таптың құрамында айтарлықтай өзгерістер орын 
алды. Бұрынна келе жатқан ғази рулары мен сипахилердің жоғарғы бөлігі 
мемлекеттегі жетекші рөлінен айрылып қалды. Бірінші орынға жаңа топ – 
«сұлтан есігінің құлдары» (капықұлылар), яғни сұлтанға тікелей бағынатын 
әскерилер мен шенеуніктер, өзіндік бір «мемлекеттік құлдар» шықты.
Бастақыда олар шайқас кезінде қарсыжақтан өтіп келгендерден және соғыс 
тұтқындарынан жасақталды. Олар өз еркімен ислам дінін қабылдап, 
мемлекетке қызметке кіріп отырды. Алайда, ХҮІ ғ. қапықұлылардың басты 
шығу көзі девширме болды. Девширме – негізінен Румелия христиандарынан 
алынатын рекруттік міндеткерлік (оны кейде «қанмен алынатын салық» деп 
атады). 9-14 жас аралығындағы ұл балаларды ата-анасынан айырып, ислам 
дінін өткізіп, түрік тілін үйрету үшін әр түрлі түрік отбасыларының 
тәрбиесіне беретін болған. Бірнеше жыл өткеннен кейін оларды қайта жинап, 
сарай маңындағы арнайы мектепте оқытатын болған. Мұнда шетжерлік 
ұландар (аджеми оглан) әскери және мемлекеттік қызметке дайындалды. 
Олардан тікелей сұлтанға қарайтын әскер бөлімдері құрылды, соның ішінде 
жаяу әскер - осман атқыштары (янычарлар) ерекше белгілі болды. Осы 
топтан сондай-ақ орталық басқарудың көптеген шенеуніктері де шығып 
отырды. Капықұлылардан шыққандар бірте-бірте мемлекеттегі ең жоғарғы 
қызметтерді ала бастады, олардың қатарынан ұлы уәзірлер де шыға бастады. 
Қапықұлылырадың жоғарғы бөлігі, немесе ақсүйек-девширме мемлекеттегі 
қызметі үшін хассе және арпалық түріндегі тимарлық жерлер ұстап отырды. 
Сипахилердің тимаралық жерінен ерекшелігі қапықұлылардың тимары 
мұраға қалдырылған жоқ, ол тек қызмет уақытына ғана берілді. ХҮІ ғ. өн 
бойында тимарлық қор қапықұлылардың пайдасына қайта бөліске түсіп 
отырды.


Осман империясының экономикасы рыноктық емес типтегі аграрлық 
экономика болды. Қатаң түрдегі бақылау мен реттеу өндіргіш күштердің 
еркін дамуын тежеді. Дегенмен, мемлекетте заңнаманың жұмыс істеуі мен 
тәртіптің орнатылуы, ең алдымен көшпелілердің әрекеттері мен ұсақ 
феодалдардың билігін шектеу шаруа өмірінің біраз жандануына ықпал етті. 
ХҮІ ғ. 80-жж. дейін ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі және ауыл 
халқының көбеюі орын алды. Ауылшаруашылығның жаңа дақылдары, атап 
айтқанда, Америкадан жүгері дақылы әкеліп, өсірілді. 
Қала экокномикасындағы, әсіресе сауда саласындағы жағдай бұдан 
әлдеқайда нашар болды. Қала мемлекетке толық тәуелді болды. Ондағы 
қоғамдық және шаруашылық өмірді шариғат билігі қатаң түрде бақылауында 
ұстады. Қалалардың не өзін- өзі басқаруы, не қалалық басқаруы болмады.
Қаланың толық қожайыны кадий болды. Оған сауда-қолөнер ұйымдарының 
шейхтері бағынышты болды. Кадий және оның қызметкерлері тауарларды 
қалаға кіргізу немесе оны қаладан шығаруды қадағалап, салық жинауға 
бақылау орнатты. Вакфтық мекемелерді бақылауында ұстап, негізгі тұтыну 
тауарларына бағаны бекітті. Кадийдің рұхсатынсыз бірде бір шеберхана 
немесе сауда орны ашылмайтын болды және т.б. 
Бағаның, сауда мен қолөнер өнідірісін реттудегі негізгі мақсат ірі 
қалалады, әсіресе Стамбулды күнделікті қажеттімен қамтамасыз етуден 
туындады. Шариғат бойынша гүлденген мемлекеттің билеушісінің басты 
міндеті тауарлардың саудаға тұрақты және жеткілікті түсіп тұруы болды. 
Османдық сыртқы сауданың негізгі ұстанымы да осыдан туындады. Ең 
алдымен тауарларды елге енгізуге артықшылық берілді. Осман 
билеушілерінің 
экономикалық 
саясатында 
өз 
өндірісіне 
қатысты 
протекционестік түсініктер болған жоқ.
ХҮІ ғ. орта тұсына қарай кейбір Еуропа елдері Осман империясымен өз 
саудагерлеріне артықшылық беру туралы келісімдер жасай бастады. Мұндай
келіміс ең алғаш рет 1569 жылы Франциямен жасалды – Осман 
империясының территориясында фрацуз саудагерлеріне артықшылық жағдай 
жасау, атап айтқанда, төмен кеден салығы, экстерриториалдылық құқықығы 
(саудагерлердің осман заңына емес, Франция заңдарына бағынуы), 
салықтардан босатылуы туралы келісімге қол қойылды. Капитуляциялар 
(тараулар, баптар деген сөзден шыққан) деген атауға ие болған мұндай 
келісімдер сәл кейінірек басқа да Еуропа елдерімен жасалды. 
Капитуляциялар осман экономикасының Еуропа елдері капиталына 
тәуелділігін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасай отырып, Осман 
империясының тағдырында кері рөл атқарды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет