Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет89/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
«теввкуф деври 
(тоқтау дәуірі)»
, яғни тоқырау дәуірі немесе осман қоғамының ыдырауы деп 
аталады.
ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Осман империясының әлеуметтік-саяси дамуы. 
Осман 
империясының, әлемдік держава ретіндегі әлеуметтік-саяси және 
экономикалық мекемелері ІІ Мехмед тұсында-ақ қалыптаса бастаған 
болатын. Ал ІІ Баязид (1481-1512) тұсында олар ретке келтіріліп, нақты діни-
құқықтық негізге ие болды. І Селим (1512-1520) және І Сүлеймен Кануни 
(1520-1566) тұсында бұл мемлекеттік мекемелер барынша жетілдіріліп, тек 
осман қоғамында ғана емес, Еуропада да үлгі ретінде қарастырылды.
Осман мемлекеттілігінің негізінде ХІІ-ХІІІ ғғ. ахийлік және ғазилік 
қозғалыс дәстүрлері жатты, дәл осы дәстүрлерді осман билеушілері қолдан 


келгенше ұстануға тырысқан болатын. Империяның әскери, әлеуметтік және 
саяси мекемелерінің көпшілігі Осман мемлекетінің ерте кезеңінде 
қалыптасқан болатын, кейінгі дәуірлерде олар тек жетілдіріліп қана 
отырылды. Осман империясы мұсылман дінбасылары ресми статус алған 
тарихтағы ең алғашқы мемлекет болды, олар қызметтері мен функиялары 
нақты ажырталыған кісіби дін адамдарынан тұратын ерекше иерархиялық 
ұйым құрды. Аса ірі осман теологтары – Мехмед ибн Фира Мурза, Ибрахим 
аль-Халеби, Шейх Заде және т.б. осман қоғамының идеялық-теориялық және 
құқықтық негізін эасады. Шариғаттың османдық түсінігі осы негізге сүйенді 
және осман билеушілері өз әкімшілік және заңнамалық қызметінде осы 
негізді басшылыққа алып отырды. Биліктің кез келген әрекеті діни тұрғыдан 
негізделуге тиіс болды, яғни оның шариғатқа сәйкестігі жөнінде пәтуалар 
шығарылып отырылды. 
Империяны Осман үйінен шыққан сұлтан басқарды. Ол мемлекеттік 
зайырлы және діни басшысы болды, қасиетті заңның сақтаушысы, 
орындаушысы және түсіндірушісі болды. Еуропа монархтарынан ерекшелігі 
осман сұлтандары шешім шығаруда барынша шектеулі болы, олар 
мемлекетте жарияланған діни құндылықтар шегінен шыға алмады. ХҮІ-ХҮІІ 
ғғ. 15 сұлтанның 6-уы шариғатты бұзғаны үшін тақтан тайдырылып, екеуі 
өлім жазасына кесілді.
Сұлтан өз билігін ең жоғарғы дінбасылары мен ірі қолбасшылардан 
тұратын империялық кеңеспен (
дивани хумайюн
) бірге жүргізді. Осман 
империясының саяси құрылымы биліктің біртұтастығы мен ұжымдық 
басшылық (ерте ислам дәуірінен келе жатқан 
шура
ұстанымы, яғни 
мұсылмандар еркін білдіретін ортақ шешім немесе келісімге келуді білдіреді) 
ұстанымынан туындады. Осыған байланысты империяда заңшығару, атқару
және сот билігі арасында, сондай-ақ діни және әкімшілік қызметтер арасында 
нақты бөлініс болған жоқ. Мұның бәрі бір адамдардың қолында болды және 
өзара бір-біріне өте алды, бірін бірі толықтырып отырды. Бұл саяси 
құрылымдар ұжымдық басшылық органы болып табылатын билеуші 
кеңестер - дивандарда нақты көрініс тауып отырды. Яғни мемлекеттік 
биліктің әрбір деңгейінде билік осы дивандар арқылы жүргізілді. 
Ең ірі территориялық бөлім 
бейлербейліктер
(провинциялар) болды. 
ХҮІ ғ. басына қарай осындай үш бейлербейлік – Румели (орталығы - 
Эдирне), Анадолу (Анкара мен Кютахйя), Рум (Амасья, Сивас) болды; 1520 
жылға қарай – 6, ал 1610 жылы олардың саны 32-ге жетті. 1590 жылдан 
бастап олар 
эйалет
деп атала бастады. Провинциялар санжактар (уездер), ал 
олар, өз кезегінде, нахияларға (волости) бөлінді.
Осман империясы әкімшілік-саяси құрылымының ең басты ерекшелігі 
милеттер
, яғни Осман империясының негізгі діні болып табылатын 
исламнан басқа дінді ұстанушы халықтардың автономиялық діни-саяси 
құрылымдары деп айтуға болады. Милеттер айтарлықтай ішкі өзін-өзі 
басқару құқықтарымен пайдаланды. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. үш милет: Рум милеті 
(Византия), яхуди милеті (еврейлер милеті) және эрмени милеті (армян 
милеті) болды. Біріншісіне империяның православиелік халықтары кірді, 


екіншісіне әр түрлі еврей конгрегациялары (караимдер мен самаритяндарды 
қоса), үшіншіге армян-грегориандар және басқа да шығысхристиандықты 
ұстанушы халықтар (коптар, яковиттер, несториандар) кірді. Бұл милеттердің 
бәрі де, егер сұлтанның жоғарғы билігін мойындаса және қазынаға жанбас 
салығы, яғни жизья төлесе, онда діндерін ұстануға және өздерінің қауымдық 
мәселелерін шешуде толық еркіндігі болды. Белгілі бір территориясы 
болмағанымен бұл өзіндік бір шіркеулік-конфессиялық мемлекеттердің 
толық ішкі суверенитеті болды. Осыған байланысты бір территорияда 
отырған әр түрлі дінді ұстанушы халық әр түрлі билік органдарына бағынды. 
Тек экономика мен саяси өмір мәселелерінде ғана соңғы сөзді мұсылман 
мемлекеті айтты.
Милеттерді басқару дінбасыларының қолында болды. Оның басында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет