Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Османдардың Шығыстағы жаулаушылықтары



Pdf көрінісі
бет87/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
 
Османдардың Шығыстағы жаулаушылықтары. 
Кейінгі орта 
ғасырларда ислам әлемінде күштердің ара салмағы ауысты. Мамлюк 
сұлтандығы, Темір державасы, Алтын Орда империясының орнына жаңа 
қуатты державалар, ең алдымен Ұлы Моғолдар империясы, Сефевилер мен 
Осман империялары қалыптасты. Константинопольді алғаннан кейін Осман 
мемлекеті әлемдік державаға айналды. Қайта өркендеу дәуірінде Осман 
империясы христиандардың, Еуропаның басты жауына айналды. Католик 
шіркеуі мен Еуропа феодалдарына қарсы күштерді өзіне тартып отырды. 


Соның ішінде Еуропадағы еврейлер, Испания мұсылмандары, француз 
гугеноттары мен Дунай антитринитарийлері т.б. бар. 
Осман империясының көмегіне әсіресе, ислам елдерінің халықтары 
зәру болды. Константинополь алынғаннан кейін, ислам әлемінде Осман 
мемлекетінің қайта қалпына келтірілген халифат, яғни, мұсылман әлемінде 
әділеттілік орнатуға, сыртқы жаулардан қорғауға қабілетті күш деген беделі 
қалыптасты. Бұған дейінгі дәуірде мұндай беделге Египет мамлюктері ие 
болатын. Алайда Мамлюк империясындағы ішкі дағдарыс және оның әскери
қуатының кемуі Мамлюк сұлтандығының беделін түсіріп жіберді. Бір кездері 
өзара достық қатынаста болған екі держава арасында шиеленісті қақтығыс 
басталып кетті. Осман империясының Кіші Азиядағы саясаты, атап айтқанда 
1468 жылы Қараманды алуы,1485 жылы Киликияға баса көктеп кіруі және
Альбистанның билеушілерінің ісіне араласуы 1485-1491 жылдардағы бірінші 
Осман-Мамлюк соғысына алып келді. Екі жаққа да айтарлықтай нәтиже 
әкеле қоймаған соғыстың аяқталуы, Осман үкіметіне Анатолиядағы өз 
билігін нығайтуына мүмкіндік туғызды. Ескі түрік әулеттерінің 
сепаратизмімен күресе отырып, бұл жерде бұрын болмаған әкімшілік басқару 
жүйесі енгізілді. Бұл шаралар Анатолия шонжарларының құқықтарын 
шектеді. Сондықтан да дәл осы көшпелі түрік тайпалары мен оның 
басшылары 
антиосмандық 
қозғалыстарын үдете 
түскен 
болатын. 
Османдардың орнатып жатқан тәртібіне қарсы болған түріктердің бір бөлігі 
Әзірбайжан мен Иранға кетіп, қызылбастардың қатарын толықтырды. Мұның 
өзі қызылбастардың Ирандағы билігін орнатуға ықпал еткен болатын. 
Иранда биліке келген Сефевилер, өз кезегінде осман мемлекетіндегі 
шииттерге қолдау көрсетіп, оларды Осман билеушілеріне қарсы айдап салып 
отырды. 1508-1513 жылдар аралығында шииттер бірнеше көтерілістер 
ұйымдастырып, оның бәрін де Осман билеушілері тұншықтырып отырды. 
Осы жылдары барлығы 40 мың Анатолия шииттері қырғынға ұшыратылды. 
Суннизм-шиизм қықтығысы негізінде қалыптасқан Османдар мен Сефевилер 
қарсы тұруы екі мемлекет арасындағы соғысқа апарып соқтырмай қоймайтын 
еді.
Осы кезде Еуропаның орталығында қалыптасқан жағдай османдарға 
Шығыста еркін әрекет етуге мүмкіндік туғызды. Германиядағы өсіп кеткен 
бейберекетсіздік және Вегриядағы 1514 жылғы шаруалар соғысы Батыстың 
әскери белсенділігін ауыздықтап, осман армиясының тылын біраз уақытқа 
қамтамасыз етті. Бұл жағдай І Селимге (1512-1520) Шығыстағы
мәселелердің түйінін бір-ақ соққымен шешуге мүмкіндік туғызды. Ең 
алдымен ол шииттік Иранға батыл түрде соққы берді. 1514 ж. 23 тамызда 
болған Чалдырған шайқасында османдардан тас-талқан болып жеңілген 
Сефеви шахы Исмаил, астансы – Тебризді тастап, Иран қыраттарының 
түкпіріне шегінуге мәжбүр болды. Шайқастың нәтижесінде османдарға Кіші 
Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Күрдістан және астыққа бай жоғарғы 
Месопотамия (Жазира) жерлері өтті.
Исмаил әскерін ойсырата жеңген I Селим, бұдан кейін өзінің негізгі 
күшін ескі жауы - мамлюктерге қарсы бағыттауға мүмкіндік алды. 


Сириядағы Дабик даласында 1516 жылы 24 тамызында өткен алғашқы 
шайқаста-ақ түріктер толық жеңіске жетті. 1516 жылы 29 тамызда Селим I 
Дамаскке кіріп, «Ислам сұлтаны» титулын алды. 1516 жылы желтоқсанда 
осман әскерлері Египет шекарасынан өтіп, 1517 жылы 22 қаңтарында 
Каирдің түбіндегі Риданийя жерінде мамлюк әскерін тас-талқан етіп жеңді.
Мамлүк сұлтандарының мұрагері ретінде Каирде І Селим Меккедегі 
мұсылмандардың қасиетті орны - Қағбаның кілтін алды. Соңғы аббасид 
халифы әл-Мутавакилл билігінің басты белгілері – пайғамбардың шапанын, 
туын т.б. қасиетті бұйымдарын Стамбулға алып кетті. Кейінірек І Селим 
Мекке мен Мәдиненің, яғни «қос қасиетті қаланың қызметшісі» құрметті 
атағын алады. Ол барша мұсылман қауымының алдында халиф, яғни 
«Мұхаммед пайғамбардың мұрагері» атағына ие болды. Бұдан кейін Мамлюк 
сұлтандары иеліктері толықтай Османдарға өтті. 1517 жылы Портаның 
жоғарғы сюзеренитеті мен қамқорлығына Хашимиттердің Мекке шерифаты 
өткеннен кейін, Африка мен Арабиядағы бірқатар жерлер, атап айтқанда,
1517 жылы Джидда және Қызыл теңіздің Шығыс жағалауындағы басқа да 
жерлер, сондай-ақ Оңтүстік Нубиядағы Фунг сұлтанаты, 1538 жылы Йемен 
мен Хадрамаут, 1551 жылы Хабеш алынды.
Мамлюктерді талқандағаннан кейін Сефевилік Иран Осман 
империясының шығыстағы басты жауына айналды. Жалпы Сефевилермен 
күрес 2 ғасырға созылды. 1533-1535 жж. және 1548-1555 жж. болған алғашқы 
екі соғыста І Сүлеймен Иракты, Неджді және Шығыс Аравияның басқа да 
жерлерін, сондай-ақ Грузия мен Арменияның батыс бөліктерін қаратып алды.
1555 ж. Амасьеде жасалған бітім шарты бойынша І Тахмасп османдардың 
осы жерлерге иелігін мойындады. Түріктер Арменияны күрдтердің билеп-
төстеуіне берді. Закавказье халықтары үшін, әсіресе 1578-1588 жылдардағы 
иран-түрік соғысы өте ауыр болды. Түріктер Грузияға басып кіріп, Тбилисиді 
алды. Түрік әскерлері Арменияға кіріп, Ереванды талқандады. Ганжа мен 
Ширванды басып алып, Дербентке дейін жетті. 1578 ж. Карабах пен Оңтүстік 
Әзербайжанды да қол астына қаратты. 1578 жылы Қырым татарларының 
көмегімен Шемаха, Баку қалаларын, келесі – 1579 жылы Тебризді басып 
алды.
Сефевилерді басқа әлемнен бөліп тастау, әсіресе олардың Еділ-Каспий 
бойымен қатынастарын үзуге тырысу османдардың Шығыс Еуропадағы 
саясатының басымдықтарын анықтады. Осман армиясы Астраханды басып 
алуға күш салды. Осы кезде Осман империясының вассалы - Қырым 
хандығы, ыдырап кеткен Алтын Орданың жұртында қалған татарларды 
біріктіру жолында күрес жүргізіп жатқан болатын. Қырым татарлары сондай-
ақ Мәскеу жерлеріне ара-кідік шапқыншылықтар жасап тұрды. Түріктің 60 
мыңдық әскері 1569 ж. жазында Астраханға сәтсіз шабуыл жасап, кейін 
қайтуға мәжбүр болды. Орыс патшасы Иван Грозный түрік армиясын 
Астрахань түбінде ойсырата жеңеді. Осыдан кейін түріктер Астраханның 
Ресейге қосылғандығын мойындауға мәжбүр болады. Бірақ Астрахань 
арқылы мұсылмандардың қажылыққа барып тұратын жолын ашуды, 


орыстардың Теректегі қамалын жоюды, Солтүстік Кавказға орыстардың 
жақындамауын талап етті.
1569 жылғы жеңілістің кінәсін сұлтан Қырым ханы Дәулеткерейге 
артты. Ол Қырымға шетелдіктердің шабуыл жасауынан қорқып, сұлтанның 
Астрахань түбінде қыстау керек деген бұйрығын орындамай, әскерін алып 
кеткен болатын. Дәулеткерей өз кінәсін жуып-шаю үшін 1571 жылы 
Мәскеуді ойрандап қайтты. Бірақ бұл нәтиже бере қойған жоқ. Келесі, 1572 
жылы Қырым ханының орыстардан тас-талқан боп жеңілуі, османдардың 
осы бағыттағы әрекеттеріне тоқтау салды. Алайда, османдар бұл ауданды 
сыртқы әлемнен үзіп тастады. 1592 жылдан бастап Қара теңіз барлық шетел
кемелері үшін жабылды. Қара теңіздің өзі «Осман көліне» айналып қалды, ал 
оның маңындағы христиан жерлері құлдардың сарқылмас көзіне айналды. 
Зерттеуші В.И.Ламанскийдің көрсетуі бойынша, XV ғасырдың аяғынан XVI 
ғасырдың ортасына дейін Оңтүстік Рссей мен Украина жерінен Осман 
империясына 3-5 млн адам әкетілген, олар Осман флотында ескекшілер, үй 
малайлары ретінде пайдаланылды, сондай-ақ армия мен сұлтан гаремін 
толықтырып отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет