Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


I ТАРАУ  ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ



Pdf көрінісі
бет2/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
 
ТАРАУ 
ЕРТЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚЫТАЙ 
 
ІІІ-ҮІ ғасырлардағы Қытайдың саяси дамуы. 
II-ІІІ ғасырлар 
межесінде ежелгі Хань империясының құлауы көптеген өзгерістерге алып 
келді. Ең алдымен, ежелгі дүниеде қалыптасқан империялық тәртіп қирады. 
Саяси салада басталған ыдырау процесінің көрінісі - императордың шынайы 
биліктен айырылуы (II ғасырдың аяғына таман), елдің жекелеген 
аудандарына жергілікті көсемдер мен әскербасыларының бақылау орнатуы, 
үздіксіз жалғасқан өзара қырқыстар болды. Хань үйінің құлауымен 
номиналды біртұтастықтың өзі жойылды. Бұрынғы империяның кеңістігінде 
бір-біріне қарсы тұрған үш мемлекет қалыптасты: Вэй (немесе Цао Вэй - 220-
265) - Солтүстік Қытайдың үлкен бөлігін: Батыста Дуньхуаннан, Шығыста
Ляодунға, оңтүстікте - Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің аралығына дейінгі 
жерді алды. Шу (немесе Шу-Хань - 221-263), аумағы: Сычуань, Таньсу мен 
Шэньсидің оңтүстік аудандарын, Гуансидің батысын алып жатты; У (222-
280) бұрынғы империяның оңтүстік аудандарында құрылды. Бұл 
мемлекеттердің негізін қалаушылар империялық үлгідегі басқару орнатқысы 
келді. Алайда, олардың билігі әскери диктатураға жақын, қатаң әскери билік 
тәртібі орнықты.
Үш патшалық уақытына қарай (220-280) жергілікті билік деңгейінде де 
құрылымдық өзгерістер орын алды. Ұзаққа созылған соғыстар жағдайында 
империялық шенеуліктер арқылы басқарылған әкімшіліктің орнына 
жергілікті жерлерде әскери және саяси көсемдер белең алды. Үш патшалық 
кезінде ішкі тұрақсыздық, олардың өз араларындағы үздіксіз соғыстармен 
қиындай түсті. Соңғы нәтижеде жеңіске Вэйдің мұрагері - Цзинь империясы 


жетті. 263 жылы Шу патшалығы, ал 280 жылы У патшалығы құлады. Ел 
қайтадан біріктіріді. Бірақ, тақты басып алған Сыма руынан шыққан 
қолбасшылар билігі әлсіз болды, олар әскерге және шонжарлардың 
жекелеген топтарына сүйенді. Өзін қолдаушыларды көбейту мақсатымен 
Сыма Янь туыстарына 20-дан аса аудандарды үлеске берді. Бұл жергілікті 
билеушілер тез күшейіп, Сыма Ян (290) қайтыс болғаннан кейін, өзара 
қырқыс-соғыс басталды, ол тарихта «8князь бүлігі» деген атқа ие болды. 
Өзара қырқыстар мен төңкерістер елді әбден қалжыратып, IV ғасырдың 
басында Қытайды көшпелі тайпалар басып алды. 316 жылы Цзинь әскерін 
батыстан келген сюннулардың көсемі Лю Юань талқандайды, император 
тұтқынға түсіп қалады. Елдің солтүстігінде Цзинь империясының билігі 
жойылады. Ол тек орта және оңтүстік-шығыс аудандарында ғана сақталды, 
бұл жерде билеуші әулеттің өкілі император деп жарияланады. Бұл іс жүзінде 
жаңа империя болды, ол Шығыс Цзинь деп аталды (317). Осы уақыттан 
бастап елдің саяси тарихы 2,5 ғасыр бойы елдің екіге - Оңтүстік және 
Солтүстік болып бөлінуі жағдайында өтеді. Бұл бөліну саяси қатынастарда 
өте айқын көрініс тапты. Елдің солтүстігі бірін-бірі жиі алмастырып жатқан 
кіші-гірім империя сымақтар мен патшалықтардың өзара қақтығысу 
аренасына айналады. Бұл патшалықтарды құрып жатқан, негізінен қытайлық 
емес тайпалар мен халықтар болды. IV басында Қытайдың солтүстігінде 
жаулаушылар құрған патшалықтардың саны 7 еді, ал 384-409 жылдар 
аралығында олардың саны 12-ге жетті.
Ал IV-V ғасырларда елдің оңтүстігінің жағдайы бұған қарағанда 
тәуірлеу болды. Алайда, Шығыс Цзинь бастапқыда бұрынғы Цзинь 
империясының үштен бірін ғана қамтыды, бұған қоса оған шеткері, артта 
қалған аймақтар кірді. Үнемі жүріп жатқан соғыстардан қашып келген 
солтүстік ақсүйектері мен жергілікті қытай ықпалды клан өкілдерінің өзара 
күресі Шығыс Цзиннің бүкіл тарихының өн бойында жүріп отырды. Осы 
алауыздықтар мен күрестер мемлекетті әлсіретіп, елдің тағы да 
милитарлануына, күшеюіне алып келді. Ықпалды кландардың өз қарулы 
отрядтары болды. Өзара қырқыс соғыстар, сарай шенеуліктерінің 
көтерілістері мен бірін-бірі ауыстырулары үздіксіз жүріп жатты.
Бір сөзбен айтқанда, бұл жерде де классикалық империялық саяси 
дәстүрлердің сабақтастығы тек әлсіз түрде ғана көрініс тапты. Тек V 
ғасырдың 20-жылдарынан бастап қана, Лю Ю жаңа Сун (Оңтүстік Сун)
империясының негізін қалағаннан кейін ғана бірте-бірте орталықтандыру 
беталысы күшейе бастады. Бірақ, бұл үрдіс өте баяу қарқынмен жүрді. 479 
жылы қолбасшылардың бірі Сяо Даочэн Сун әулетін құлатып, Ци 
мемлекетінің негізін қалады. Осындай төңкерістер жиі болып тұрды. Алайда, 
бұл жағдай Оңтүстік Қытайдың саяси бөлшектенуіне алып келмеді, бұл 
жерде тек әулеттердің ауысуы ғана орын алып отырады.
Солтүстікте біртұтастыққа деген беталыс монғол тектес табғаштар 
құрған бірлестіктің басқа саяси күштерден басым түсуі арқылы іске асады. 
439 жылға қарай солтүстіктегі территорияның басым бөлігі табғаштардың 
Солтүстік Вэй атты империясының билігіне қарайды (386-534). Сонымен бір 


мезгілде табғаштар мен қытайлықтардың өзара жақындасуы, шетжерліктер 
құрған империяның қытайлануы іске асады. Қытайлану саясаты 
артықшылықтарынан айрылып жатқан табғаштардың жоғарғы топтары 
тарапынан наразылық туғызды. Нәтижесінде 523 жылы Вэйдің солтүстігінде 
орналасқан әскер көтеріліс бастады. Осыдан кейін басталған өзара 
қырқыстар орталық өкіметтің әлсіреуіне алып келді, ал бұл империяның 
Батыс (535-557) және Шығыс Вэй (534-550) болып екіге бөлінуіне алып 
келді. Бұл мемлекеттердің орнына кейіннен Солтүстік Ци (550-577), 
Солтүстік Чжоу (557-581) мемлекеттері құрылып, 577 жылы Солтүстік Циді 
Солтүстік Чжоу әскері талқандағаннан кейін бүкіл Солтүстік және Батыс 
Қытай Чжоудың билігіне қарады.
581 жылы тағы да бір төңкеріс болады. Ян Цзянь деген қолбасшы 
императорды биліктен аластатып, империяның атын Суй деп ауыстырады. 
589 жылы Ян Цзянь Оңтүстіктегі Чэнь мемлекетін бағындырып, 400 жылға 
созылған бөлшектену дәуірінен кейін елдің біртұтастығын қалпына келтірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет