Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»


Тан империясының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы



Pdf көрінісі
бет5/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
Тан империясының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы.
Тан мемлекетінің де аграрлық қатынастары мен экономикалық-әлеуметтік 
дамуы бұған дейінгі қатынастарды жалғастырды. Аграрлық қатынастардың 
негізі ретінде үлестік жүйе қайта қалпына келтірілді. Тікелей өндірушілерге 
берілетін ұсақ үлестік жерлермен қатар елде, сондай-ақ мемлекеттік жерлер 
және жекелеген адамдардың ірі жер иеліктері де болды. Мемлекеттік 
жерлерге мемлекеттік қоныстар алқаптары, қызметкерлерге берілген жерлер
және әр түрлі мекемелердің жерлері, жайылымдар, орман, тау шатқалдары 
т.б. жатты. 
Тан дәуірінен бастап императордың жеке поместьелері пайда болды, 
сондай-ақ оның туыстарына мәңгілік ұстау үшін жер берілді. Бұл жерлерден 
салық алынбады және ол мұрагерлікпен ұсталды. Тан дәуірінің бастапқы 
кезеңінде, империялық тәртіптің қалпына келтіріліп, күшеюіне байланысты 
«күшті үйлердің» экономикалық маңызы біраз төмендейді. 
Империялық тәртіптің қалпына келтірілуі, сондай-ақ осы дәуірде Қытай 
жеріндегі әр түрлі халықтардың ықпалдастыққа түсуі, атап айтқанда 
Үндістаннан буддизм негіздерінің келуі, және солтүстік-батыстан келіп елде 
билеуші әулетке айналған көшпелілер мәдениетінің ықпалымен елдің 
мәдениеті ерекше бір өрлеу дәуірін бастан кешіреді. Бұл дәуір әдебиетте 
«Тандық өркендеу» деген атақ алды. Егістік алқаптары кеңейді, елдің 
солтүстігінде бау-бақша шаруашылығы қанат жаяды, оңтүстікте күріш өсіру 
барынша дамытылады. Шәйді өңдеу мен пайдалану кең дамып, оған ІХ 
ғасырдың 30-жылдарында мемлекеттік монополия енгізіледі. Ирригация кең 
қолданылды. 
Алайда, бұл дәуірдегі рухани мәдениет жетістіктері ерекше болды. 
Қызметте және әлеуметтік өмірде жоғарғыға көтерілу, өсу емтихан тапсыру 
жолымен іске асатын болғандықтан, білім беру жүйесі кеңейді. Астанада 8 
училище пайда болды. Ірі-ірі кітапханалар ашылды. 
Ғылыми білімнің дамуы география, астрономия, математика, тарих, 
филология саласында байқалады. VII ғасырда 8 ресми «әулеттер» тарихы 
жазылды (барлығы Қытайдың 25 ресми әулеттер тарихы жазылған). 


Тан дәуірі Қытай поэзиясының «алтын ғасыры» болды. Осы дәуірде 
Қытайдың ұлы ақындары Мэн Хаожан (689-740), Ван Вэй (699-759) , Ли Бо 
(701-762), Ду Фу (712-770), Бо Цзюй-и (772-846) және т.б. өмір сүріп, атақты 
шығармаларын жазды. Олардың еңбектері әлемдік классиканың алтын 
қорына қосылды.
Қытайдың материалистік бағыттағы философиясы да жақсы дамыды. 
Оның ірі өкілі Фань Чжэнь есімді философ болды. Қытай жазушысы Хань 
Юй (768-824) будда дінін сынап еңбек жазды. Оның өлеңдері мен 
романдарының негізгі арқауы адам тағдыры, әлеуметтік теңсіздік мәселелері 
болды.
Қытайда география ғылымы дамып, қытай жиханкездері Үндістанға, 
Орта Азияға сапар шекті. 645 жылы Үнді жеріне саяхат жасаған Сюань Цзянь 
үнді халықтарының тарихы туралы кітап жазды.
Орта ғасырларда Қытайда қолөнер мен сауда өркендеп, дамыды. Орта 
ғасырларда Қытайда дүние жүзінде алғаш болып кітап басу ісі пайда болды. 
Баспаханалар салынып, кітаптар көптеп шығарылды. Ежелгі қыш өндірісімен 
қатар фарфор өндірісі жедел өркендеді.
Жалпы, 
VI-IX 
ғасырларда 
қытай 
қоғамы 
монархиялық, 
орталықтандырылған басқару формасы бар айқын иерархиялық құрылымнан 
тұрды, әлеуметтік және саяси өмірде аристократиялық негіздер басым болды, 
халық жеке басының еркіндігі немесе тәуелділігіне қарай көптеген 
сословиелік топтарға бөлінді. Шаруашылық, негізінен, натуралды сипатта 
болды. Алайда тауар-ақша қатынастары да белгілі дәрежеде сақталды. Қанау 
жүйесі біркелкі болған жоқ, бірақ барлық оның формаларында экономикадан 
тыс қанау элементі орын алды. Бұл ең алдымен әр түрлі категориядағы жеке 
басы тәуелді адамдарды қанаудан айқын көрінді. Жеке басы ерікті төменгі 
топ адамдары рента-салық арқылы және мемлекеттік міндеткерліктер арқылы 
қаналды. Сонымен қатар жеке меншік жер иелері өз жерлерін жалға беру 
арқылы өндірушілерді қанап отырды. 
Осының бәрі Тан дәуіріндегі Қытай қоғамы өзінің негізгі параметрлері 
бойынша феодалдық қоғамның өзіндік бір түрі болғандығын көрсетеді. 
Алайда онда бірқатар ежелгі қоғам белгілері сақталды. Оның иерархиялық 
болуына, сословиелер арасындағы межелердің маңызды болуына қарамастан, 
сословиелік бөліністің ретке келтірілуі әлі де болса, бұлыңғыр, анық емес еді. 
Сословиелік және таптық бөлініс бірімен-бірі сәйкес келмеді, бұны 
экономикалық жағынан үстем тап болып табылатын жер иелерінің 
артықшылыққа ие емес қарапайым адамдар сословиесіне жатуынан айқын 
көруге болады. Сонымен бірге жерге меншік құқығы жөніндегі нақты 
түсініктің жоқтығы қанау тәсілдеріндегі орталықтандырылған және жеке 
бастаулардың күрделі түрдегі араласып кетуіне алып келді. Жалпы алғанда, 
Тан дәуіріндегі Қытай қоғамын ерте феодалдық қоғамға жатқызуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет