Азия ж2не африка елдерінің орта ғасырлар тарихы кіріспе жаңа дәуірде Батыс Еуропа тарихнамасында Еуропа тарихын зерттеу негізінде пайда болған «орта ғасырлар»



Pdf көрінісі
бет8/91
Дата23.01.2023
өлшемі1,06 Mb.
#166143
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91
Байланысты:
offiwiz file
52f2c08ebdb648f8760745b28d06d0f6
 
Бекіту сұрақтары: 
1. Үш патшалық дәуіріндегі Қытайдың саяси жағдайына талдау жасаңыз.
2. Қытайды көшпелі тайпалардың басып алуының алғышарттарын көрсетіңіз. 
3. Тан империясының саяси–әкімшілік жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіңіз. 
4. «Тандық Ренессанстың» негізгі өкілдерінің шығармашылығына талдау жасаңыз. 
5. Янь Янь реформасының мәнін ашыңыз. 
6. ІХ ғасырдағы шаруалар көтерісінің объективті алғышарттарын анықтаңыз. 
II ТАРА
У 
ЕРТЕ ОРТАҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЖАПОНИЯ 
 
Мемлекеттің қалыптасуы.
Жапон аралдарында адамның қалыптаса 
бастауы палеолит дәуіріне жатады. Бұл жерде мыңжылдықтар бойы бір 
нәсілдік-этникалық топтарға басқа этникалық топтар келіп қосылып
араласып немесе ығыстырып шығарып отырды. Монғол тектес манчжур-


тунгус тайпаларының палеоазиаттың және малайлық тайпалармен араласуы 
негізінде б.з. алғашқы ғасырларында тікелей жапондықтардың ядросы 
(айндар) қалыптасты, оның бір тобы – ямотолар III-V ғғ. басқа тайпаларды 
өзіне бағындырып, аралдардағы алғашқы мемлекеттің негізін қалады. 
Мүмкін бұған айтарлықтай дамыған мемлекеттілікк тарихы бар Қытайдың 
ықпалы болған шығар. III ғ. өзінде Жапонияда Қытайдың келімсектер 
болғаны деректерден белгілі. Қытай деректерінде де Жапониямен арадағы 
байланыстар, олардың тайпа көсемдерінің Қытай билеушісіне сый-сияпаттар 
жіберіп тұрғандығы жөніндегі мәліметтер кездеседі. 
Ерте жапон мемлекетінің ішкі құрылымы мынадай болды: мемлекет 
басында көсем-билеуші тұрды, оның айналасында ру ақсүйектері орналасты, 
яғни басты әкімшілік қызметтерді солар атқарды, сондай-ақ олар елдің 
аудандары мен округтерін басқарды. Халықтың негізгі бұқарасын қазынаға 
салық төлеп отырған шаруалар құрады. 
VI ғасырдан бастап аралдағы Қытай ықпалы күшейе бастады. 
Бастапқыда бұл ықпал буддизммен келе бастаған болған. Кейінірек, әсіресе 
орталықтанған Суй, Тан империялары құрылғаннан кейін конфуциандық 
ықпалдың үлес салмағы артты. VI ғасыр аяғында билік басына келген 
Сётоку-тайси атақты «17 бап заңын» (604) шығарды, онда конфуциандық пен 
буддизмге негізделген өмір сүру мен басқарудың принциптері жасалды
соның ішінде ең бастысы-билеушінің жоғарғы суверенитеті және кішілердің 
үлкендерге қатаң түрде бағынуы. Сётоку Жапонияға Қытай және Корей 
монахтары мен қолөнершілерін көптеп шақырып, сонымен бірге жастарды 
керісінше, Қытай мен Кореяға оқуға жіберіп отырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет